Іі кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Мерзімі: 11. 03. 2016 ж. Білім беру саласы: «Коммуникация»



Дата17.06.2018
өлшемі50 Kb.
#42976
ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 11. 03. 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: Юлиан Тувим «Бәріміз үшін бәрі де» (өлең)

Мақсаты: «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңімен таныстыру

Міндеттері:

Білімділік: балаларды құрдастарымен қарым – қатынас жасау және өзара әрекет;

Дамытушылық: есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: мамандықтарға деген құрмет сезімдеріне, еңбегін қадірлеуге баулу.

Сөздік жұмыс: наубайшы

Үштілдік компоненет: наубайшы – пекарь – baker

Керекті құрал – жабдықтар: сюжетті суреттер.

Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

Балаларды шеңберге шақырады.

Жылулық шеңбері:

Балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын орындайды.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл – қыздар,

Тату – тәтті ойнаймыз.


Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.





Ұйымдастыру– іздестіру

Кіріспе әңгіме.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?



  • Қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Ал енді, мен сендерге Юлиан Тувим деген еврей халқының, балалар жазушысының өлеңін Қадыр Мырзалиев ағаларыңның қазақшаға аударып берген «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңін оқып берейін.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Бәріміз үшін бәрі де.

Алғыс алды бірінші,

Не істер еді тігінші?

Етікші етік тігеді,

Наубайшының нанын жеп.

Наубай пешке күйеді,

Етікшінің қамын жеп.

Олай болса бәріміз,

Ел қажетін өтейік.

Жасымызбен кәріміз,

Жұмыла еңбек етейік.

Сұрақ – жауап арқылы әңгімелеу.


  • Осы оқыған өлең шумақтарында кімдер жайлы айтылған?

  • Өлеңді кім жазған?

  • Сендерге өлең ұнады ма?



Сергіту сәті:

Кел, балақан, балақан,

Шапалақта алақан:

жай – жай – жай.

Қозғап барлық денені,

Қаттырақ соқ қолды енді:

сарт – сарт – сарт.

Айтқан кезде өлеңді,

Ақырын бас еденді:

жай – жай – жай.

Өлеңді қайталап, мәнерлеп оқып, жаттатады.


  • Өлеңдегі «наубайшы» сөзін орыс, ағылшын тілдерінде де айтып көрейікші. Наубайшы – пекарь – baker

«Құрылысшы» сюжеттік ойыны

Мақсаты: түрлі ғимараттар жасай білуге үйрету.

Шарты: Әр бала өзіне ұнаған құрылыстар жасайды.




  • Көктем мезгілі.

  • Қар ериді.

  • Күн жылынады.

  • Шалшық сулар пайда болады.

  • Дәрігер, тәрбиеші, аспаз, мұғалім.

Орындарына жайғасады, мұқият тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.

Барлық сұрақтарға жауап беруге тырысады. Өздерінің есте сақтағандарын жаңғыртып, әр бала жекелеме жауап береді.

Қимылдарын келтіріп, барлықтары бірге сергіту сәтін орындайды. Қызығушылықтары артады.
Үш тілдегі баламаларын қайталап, есте сақтауға тырысады.

Әрбір бала өз құрылысын жасап, ол туралы айтады.






Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

Қазақтың нақыл сөздері арқылы әрекетті қорытындылайды.



  1. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Еңбек түбі береке.

  2. Еңбектің наны тәтті.

Балаларды мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан балаларды атап өтеді.

Тәрбиешінің артынан бірнеше рет қайталап, жаттап алуға тырысады.





Күтілетін нәтиже:

Білу керек: өлең мазмұнын;

Болу керек: әр түрлі мамандықты қадірлеу керектігі туралы түсінік ;

Істей білу керек: нақыл сөздерді қолдана біледі.

Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова - Шагирова

Тексерілді: _______________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет