Іі нұсқа 1-билет


КСРОның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді анықта және ҚР тәуелсіздік жариялануының тарихи маңызын талда



бет50/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска

2.КСРОның ыдырауына әсер еткен негізгі себептерді анықта және ҚР тәуелсіздік жариялануының тарихи маңызын талда. КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылыды. Келешекте бұл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемаласы ретінде, арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз. Тәуелсіздігіміздің объективті алғышарттарының маңызды факторларының бірі ретінде, КСРО-ның күйреу себептерін талдауда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің дерек көздері ретінде алар орны ерекше. 1980 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, 1984 жылдан республика Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген, 1989 жылдың маусымында Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы,1990 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Президенті болып сайланған Н. Назарбаевқа қызмет жағдайына байланысты КСРО-ның күйреу процесін іштей бақылап, КСРО-ның күйреуін тездеткен Мәскеулік басшылардың тақ үшін таластарының куәгері болуына тура келді. Ол туралы Н. Назарбаевтың өзі: “Өзімнің қызмет жағдайыма орай осы жылдардың барлығында да, әрдайым оқиғалардың қалың ортасында жүріп, оларды талдауға және салыстыруға, қортындылар жасауға, шешімдер қабылдауға тура келгендіктен де, өзімнің жеке пікірімді айтуға барып отырмын”- деп жазды [114, 219 б.].

Бұл жерде ерекше көңіл аударатын нәрсе, ол Н. Назарбаевтың “өзінің жеке пікірін айтуға бару” себебі Одақты жаңарту арқылы сақтап қалу болғандығы. Оның өз кітабында: “Шындықтың бетіне қаймықпай тура қарайтын кездің келгеніне көп болды… Бізге керегі – қоғамдағы күштердің басын қосып, біріктіру, мұны құрғақ ұран деуге тіпті де болмайды. Бәрімізді біріктіре алатын қуатты күш ретінде дағдарысты жағдайдан шығу, адамдардың аман – саулығы, республикалардың гүлденуі, ұлы Одағымыздың жаңаруы мен нығайуы сияқты ортақ мақсаттарымыз күшті қызмет ете алады”- деп жазуы [114, 246-247 бб.], соның айқын дәлелі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет