Іі нұсқа 1-билет



бет1/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска
к тарих 1 нуска, к тарих 1 нуска

ІІ Нұсқа

1-билет.
Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.



  1. Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

Жауаптары:



1.Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштернегізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас. Арал өңірінен: найзаның тас ұштары, жалпақ пышақтар, екі жүзі де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашы- лығы орман, кәлден құс, балық аулау, терімшілік болған сияқты. Балқаштың солтүстігінде шақпак (кремний) тастан жасалған ұсак құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі. Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Бұл - олардың мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі.Жезқазган өңірінеи 150-ге жуық тұрак, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік- батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл - неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі.Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар құрал-саймандарға өте бай. Мұнда кұралдың ұшы қызметін атқарған өткір ұсақ сынтастар көп табылды. Ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланылған. Ондай кұрамалы құралдарға жебе мен найза және жүзі өткір тастардан жасалған сабы сүйек не ағаш пышақ пен орақтар жатады. Неолитте құрамалы құралдар жасаудың түрлі әдіс-тәсілдері жетілдірілді. Құрамалы деп аталатыны - олар екі түрлі материалдан құрастырылған, құралдың ұшы не жүзі міндетті түрде ұсақ өткір тастардан тұрады. Сонымен қатар бұл қоныстардан жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен ауыр тас балталар көп кездесті. Неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан.
2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды. Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.

Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады.

Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады. Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады. Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады. Маңызы: Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді..


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет