Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


XX ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының бағдары мен көркемдік ізденістерін талдаңыз



бет115/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

13. XX ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының бағдары мен көркемдік ізденістерін талдаңыз
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі басты тақырыптар.
Ең алдымен, мұсылмандық идеясын көтерген діни тақырып үлкен орын алды. Оның басты себебі – ХХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты крестьяндарды қазақ жеріне молынан қоныстандыру, сол арқылы билеп-төстеудің қуатын арттыру, рухани тонау, шоқындыру шараларын жандандыра жүргізумен сабақтастырыла іске асырылды.
Міне, осындай белгілі бағыттағы іс-әрекеттер күшейе түскенде, Ресейдегі өзге мұсылман жұртындағыдай қазақ даласында да “мұсылмандық қозғалысы” өріс алды. Бұл, әсіресе, діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығына ерекше әсер етті. Олардың осы тұстағы өлеңдерінде ой еркіндігі өзгеше тыныс ашқандай.
“Халықты ояту” идеясын діни бағыттағы ақын-жазушылар адамгершілікпен, имандылықпен, діни іліммен астастыра отырып, Абай салған сыншыл реализм жолына түсіп, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетте өзіндік деңгейде із қалдырды. Қазақ халқын, әсіресе жастарды оқу-білімге, өнер-ғылымға шақыру ХХ ғасырдың басындағы барлық бағытқа тән.
Ағартушы-демократтар ұлтының орыс отаршылдарының езгісінде тапталып жатуының себебін, ең алдымен, білім-ғылым жоқтығынан деп білді. Сондықтан Абай өсиет еткен “Мақсатым тіл ұзартып, өнер шашпақты” берік ұстанды. Сөйтіп, Абай дәстүрін жалғасытра тұсті.
Ал, өнер-білімге, оқуға үндеу ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі өрлеу мен ізденістің нәтижесінде дүниеге келіп, бар жанрға басты тақырып ретінде желі болып тартылды. Мәселен сол тұста кең етек жая бастаған проза жанрындағы “Жас ғұмырым яки жастық ғафлаты” (1907), “Садық әпенді” (1911), “Оқуға махаббат” (1914) т.б. ұсақ әңгімелерден “Қыз көрелік” (1912) тәрізді ұзақ әңгімелерге дейін осы надандық кесір-кесепатын ашып, оқу мен ғылымға үндеді. Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды. Қазақтың алғашқы драмалық шығармаларының бірі “Надандық құрбанының” негізгі тақырыбы әйел теңсіздігі болса да, көбіне надандықты, білімсіздікті көрсету, оған сауаттылықты қарсы қою идеясы өзек етілген.
ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі мәселесі қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің нақты көрінісі ретінде көзге айқын шалынады.
ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі кезек күттірмей, тез шешуді қажет ететін басты мәселеге айналды. Бұл сияқты үлкен тақырыпты дәуір тілегіне лайық суреттеу жолында шағын өлең формасы тарлық жасай бастады. Өмірдің, әдебиеттің алдында тұрған түбегейлі проблемаларды замана талабына сай бейнелеу үшін кесек те күрделі шығармалар жасау қажеттігі туды. Міне осы қажеттілік Мұхаметжанның “Гүлкашимасын”, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалын”, Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек”, “Қалқаман-Мамырын” туғызды.
ХІХ ғасырда Абай қазақ қыздарының аяулы бейнесін өзінің лирикалық шығармаларында жасаса, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қызы көркем шығарманың белсенді кейіпкері ретінде көрініп, заман сырын танытуда, жұртшылықты әділеттілікке, адамгершілікке шақыруда үлкен қызмет атқарды.
Жаңа ғасыр басындағы әдебиетте бірқатар ақын-жазушылар өткен баба ерліктерін асқақ рухпен жырлап, болашақ күнге қиялшыл сезіммен қараса, екінші бір топ өз дәуіріндегі өмір шындығын нақты сипаттап, өткір сынай білді. Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. шығармалары бұған нақты дәлел бола алады. Махамбет, Шәңгерей шығармашылығынан айқын көрінген романтизм рухында Мағжан өзінің сыршыл да сұлу жырларын туғызып, әсем де асқақ ойларының ажарын ашты. Романтизм Шәкәрім, Міржақып, Сұртанмахмұт, Ахмет шығармашылықтарынан да көрініс тапты. Романтизм әдісінде жазылған деп Шәкәрім поэмаларын, Міржақып, Ахметтің, Сұлтанмахмұттың азаматтық лирикаларын атай аламыз.
ХХ ғасыр ақын-жазушылары өмір шындығына, айнала қоршаған ортаға өзіндік қатынасын білдіретін кейіпкерлерді ерекше өткір сезімдерімен, өзі өмір сүрген қоғамдық-әлеуметтік заңдылықтарға өзгелердей мойынұсына қоймайтын жігер-қайратымен ерекшелендірді. Олар айналасындағылардан үнемі жоғары тұрады. М.Сералиннің “Топ жарғанындағы” Адай жігіт, Шәкәрімнің “Еңлік- Кебегіндегі” Еңлік, Міржақыптың “Бақытсыз Жамалындағы” Жамал, Мағжанның “Батыр Баянындағы” Баян – міне, осындай кейіпкерлер.
Сыншыл реализм ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің көрнекті өкілдері Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мұхамеджан, Сұлтанмахмұт, Мағжан т.б. дарынды өкілдерінің өнерпаздық- шығармашылық қызметіндегі басты көркемдік әдіс болды. Олардың барлығы да қазақ елінің дертті мәселелерін тілге тиек етіп, қоғамдық өмірдің көлеңкелі тұстарын ашып көрсетті.
Сонымен, ХХ ғасыр басындағы әдебиет романтизм және сыншыл реализм әдісінде жазылып, ояну, азаттық, күресшілдік сияқты үлкен идеяларды қозғады, оқу-ағарту, әйел теңсіздігі, надандық, сияқты қазақ қоғамының дертті мәселелерін тақырып етіп алып, әлемдік әдебиет жеткен биік өрені бағдарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет