Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Зерттегендер: Қ.Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы, дамуы»



бет2/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Зерттегендер: Қ.Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы, дамуы»,
Е.Ысмайылов «Ақын тіліндегі көне, жаңа сөздер»
Қ.Жұбанов «Абай – қазақ әдебиетінің классигі»
С.Аманжолов «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері»

51.Тіл мәдениеті пәнінің көп аспектілігі туралы ғылыми тұжырым жас Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Орыс тіл білімінің зерттеушісі Л.И.Ожегов «Лингвистика» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды.
Тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Тіл табиғатының қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов зерттеулерімен өз жалғасын тапқан. Тілші-ғалым М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті» атты еңбегінде: «Мәдениет – оқу-ағарту, ғылым, өнер, т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы» дейді.
Тілмәдениеті жайлы жайлы бірнеше ғылыми тұжырымдарға тоқталатын болсақ, М. Балақаев: «Тіл мәдениеті дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді. Ал Н.Уәлиев өзінің «Сөз мәдениеті» атты еңбегінде: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді. Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет