Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөйлем төрт аспектіде қарастырылады



бет8/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
Сөйлем төрт аспектіде қарастырылады: Логикалық, семантикалық, құрылымдық, коммуникативтілік.
Құрылымдық аспект. Синтаксистік құбылыстарды зерттеудің бұл аспектісі – қазақ тіл білімінде дəстүрлі, орныққан аспект. Құрылымдық аспектінің өзіндік ерекшелігі – синтаксистік бірліктердің құрылысын, құрылымдық схемасын көрсетіп беру, талдау жасау. Бұл жерде біз құрылымдық схема деп синтаксистік бірліктердің үлгі-типтерін, қалыптарын түсінеміз. Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің мынадай құрылымдық схемалары анықталған. Бұл тұста екі ұстын (принцип) негізге алынады: сөз тіркесінің құрамына қарай, сөздердің байланысу тəсілдері мен түрлеріне қарай. Сөз тіркесінің құрамына қарай екі үлгі-тип бар: бағыныңқы-басыңқы есім сөз; бағыныңқы-басыңқы етістік сөз. Құрамына қарай сөз тіркестерінің схемаларына бірнеше мысал: зат есім – зат есім (темір күрек), сын есім – зат есім (үлкен үй), сын есім – етістік (жақсы оқу), үстеу – етістік (бұрын көру), көсемше – етістік (күліп сөйлеу), зат есім – етістік (кітап оқу) т.с.с. Байланысу тəсілдері мен түрлеріне қарай қазақ тілінде бес типті схема бар: 1) қабыса байланысқан сөз тіркестері; 2) матаса байланысқан сөз тіркестері; 3) меңгеріле байланысқан сөз тіркестері, 4) қиыса, 5) жанасау. Сөйлемнің схемасы сөйлем құраудың басты жолы, сөйлемнің маңызды сипаты болып табылады. Өйткені синтаксис əрбір жеке нақты сөйлемді бөлек-бөлек зерттей алмайды, сөйлемдерді типтендіруге ұмтылады. Қазақ тіл білімінде анықталған екіқұрамды сөйлем, бірқұрамды сөйлем, жақты жəне жақсыз сөйлемдер, етістік жəне есімді сөйлемдер, жалаң жəне жайылма сөйлемдер, толымды жəне толымсыз сөйлемдер, жай жəне құрмалас сөйлемдер – осының айғағы.
Сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан əртүрлі болуы мүмкін, алайда олар құрылымдық жағынан бір үлгімен құрылады, бұл тұста басты назар тұрлаулы мүшелердің тұрғысына аударылады. Мəселен, «Белгісіз бір дүлей күш қолаяғымды матап, тіптен ойыма да құрсау салып тастаған сияқты», «Мұса – пайғамбар» деген екі сөйлем лексикалық құрамы жағынан əртүрлі болғанымен, бастауышы мен баяндауышы болғандықтан бірдей үлгідегі екіқұрамды сөйлемге жатқызылады. Ал сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелер сол сөйлемнің құрылымын кеңейтіп, толықтырып тұрады. Сонымен екіқұрамды сөйлемдердің үлгі-типтерін былайша көрсетуге болады: бастауыш-баяндауыш; бастауыш-толықтауыш-баяндауыш; бастауыш-пысықта- уыш-баяндауыш; анықтауыш-бастауыш-толықтауыш-баяндауыш; анықтауыш-бастауыш-пысықтауыш-баяндауыш; анықтауыш-бас- тауыш-пысықтауыш-толықтауыш-баяндауыш; бастауыш-анықта- уыш-толықтауыш-баяндауыш; бастауыш-анықтауыш-пысықтауыш- баяндауыш жəне т.с.с.
Құрмалас сөйлем құрылымдық жағынан кемі екі сөйлемнен тұратыны белгілі. Сонда үлгі схемасы: «сөйлем-сөйлем» болады. Салалас құрмалас сөйлемнің құрылымдық схемасы: «бастауыш – тиянақты тұлғалы баян- дауыш». Салалас құрмаластың жалғаулықты, жалғаулықсыз болып бөлінуі де құрылымдық фактіге жатады. Өйткені контекст арқылы да жалғаулықтың көмегінсіз мағыналық қатынасты табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет