Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет94/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Тіркескен сөздер- екі немесе оданда көп сөздердің тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін сөздердің түрі. Тіркескен сөздің екі түрі бар: еркін және тұрақты. Еркін және тұрақты тіркес. Еркін тіркестің құрамындағы сқздердің орын ауыстыруға болады: оқып жүр.Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орын ауыстыруға болмайды, олар бірігіп қана мағына береді: қс пен көздің арасы.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөз проблемасы ертеден түрлі ғалымдардың зерттеу обьектісі болып келді. Күрделі сөздерді арнайы зерттеу түркологияда да қазақ тіл білімінде де бар.Күрделі сөз түркологиядағы өте ірі проблемаларға жатады, оның әлі шешуді керек ететін мәселелері де көп. Солардың біріне күрделі етістіктер жатады. Түркологияда күрделі етістік деген термин өте кең мағынада қолданылып, оған сырттай ұқсастығы бар тілдің түрлі фактілеті жатқызылып келеді. Мысалы, жәрдем, ет, жүрек жұтқан, келіп кет, келе алмау сияқты түрлі типті сөздердің бәрін күрделі етістік деп тану түркологияда біраз уақыт орын алып келді.Тілдің әрбір құбылысын зер сала зерттеу түркологияда кең орын алуына байланысты күрделі етістік деген терминге сыйғызылып жүрегн тіл фактілерінің ерекшелігі ашылып, олардың тілдің түрлі құбылысы екенін зерттеушілер дәлелдеуде. Түркологтар ең бірінші аналитикалық етістіктердің ерекшелігіг ашып қарауда. Бұл арада көптеген зерреушілердің бір пікірдеболғанын, тек оларды атауда, терминде түрлілік болғаныны ескерте кеткен жөн.
Бір топ зерттеушілер оларды құранды етістіктер, екінші топ күрделі етістік, үшінші топ нанлитикалық етістіктер деп атайды. Бұл зерттеушілердің бәрі де есім-көмекші етістік моделімен жасалған етістіктердің компоненттері етістіктерден жасалған күрделі етістіктерден ерекше екені дәлелденген. Соңғы кезде күрделі етістк құрамынан аналитикалық формаларды бөліп алудың қажет екені ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Бірде күрделі етістік, бірде тұрақты сөз тіркестері құрамында қаралып жүрген тіркестердің ерекшелігі арнайы зерттеліп,олардың тіл біліміндегі орны айқындалуда.
Күрделі етістік пен аналитикалық формалы етістіктер – тілдегі біріне-бірі өте ұқсас құбылыстар. Тілдегі аналитикалық формалы етістіктер аналитикалық форманттар арқылы жасалады. Мысалы: Ол ойыне толық айта алмады. Осы сөйлемде айта алмады – аналитикалық формалы етістік. Ол сөйлемде айтылуға тиісьі мүмкіндік модальділігін білдіру үшін қолданылады. Бұл, әрине, күрделі етістк емес. Осы етістіктің күрделі етістікке жатпай, аналитикалық формасына жатудың үлкен себебі бар. Олардың мұндағы модальділік мағыналары оны білдіретін тілдегі нақтылы көрсеткішті атауға болады. Аталған көрсеткіштегі алма көмекші етістігі өзінің лексикалық мағынасынан мүлдем айрылған, лексикалық мағынасы жоқ. Күрделі сөз жариясы бойынша күрделі сөз жасауға тек қана мағыналы компоненттер қатысады. Күрделі сөздің мағынасы лексикалық мағыналы компоненттердің мағынасынан шығады.
Дербес сөзге тіркесіп, оның лексикалық мағынасын өзгертетін, бір сөз табынан екінші сөз табына ауыстыратын аналитикалық форманттар сөз жасаушы аналитикалық форманттарға жатады.Мысалы, табыс ет, қызмет (құранды)
Қазақ тілі мұндай сөз жасаушы аналитикалық единицаларға кедей емес, олар тіл құрылысынан белгілі орын алады. Бұлар синтетикалық единицалармен жарыса өқызмет атқаратын болғандықтан, оны синтетикалық тұлғаларға қарама-қарсы аналитикалыфқ тұлғалар арқылы сөз жасау деп қараған жөн.Құранды етістіктер – етістіктің аналитикалық тәсілі арқылы жасалуының нәтижесінде тілге қосылған етістіктердің үлкен бір тобы. Құранды етістіктер есім сөзге көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады (ет, де, айт, жазда) жеке лексикалық мағынасы жоқ!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет