Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанрының негізгі ерекшеліктері қандай? Зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктерді атап көрсетіңіз



бет23/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
62. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия жанрының негізгі ерекшеліктері қандай? Зар-заман ақындарының тіліне тән ерекшеліктерді атап көрсетіңіз
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды.
ХІХ ғасыр әдебиетіне байланысты Сәбит Мұқанов 1942 жылы мынандай тұжырым жасады: «ХІХ ғасыр әдебиетінің дәуірлері одан бұрынғы ғасырлардың әдебиет дәуірлеріндей көмескі емес, айқын, ашық. Мәселен: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ұлт бостандығын жырлайтын әдебиет жасалды. ХІХ ғасырдың 50-70 жылдарында «Зар заман» әдебиет басым болды. ХІХ ғасырдың 70 жылдардан бастап просветительдік (мәдениет үндеуші) әдебиет туды» деп көрсетеді.
ХІХ ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс өнері дамып, атақты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала сынды қыздардың есімдерімен толықты. ХІХ ғасырдағы әдеби-мәдени өмірдің үш басты ерекшеліктерін байқауға болады. Оның біріншісі, жоғарыда сөз болған қоғам тарихындағы саяси әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі, қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. Үшіншіден, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды.
Жыраулар поэзиясының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.
Бұл кезеңде поэзиясында басты-басты морфологиялық тәсілдердің көрінісі қазіргідей: сөзді септеу, жіктеу, тәуелдеу, көпше тұлғада өзгерту тәртібі (парадигмасы); сөздердің қиысу, қабысу, жанасу, меңгеру тәсілдері: етістіктердің рай, етіс категорияларында қолданылуы: сын есімнің шырай түрлері негізінен осы күнгі нормаға сай келеді.
Белгілі бір грамматикалық категорияның қызметін екі тұлғаның жарыса атқару фактісі бар. Мысалы, шаққа бейтарап, әрдайым болып жататын іс-әрекетті есімшенің –ар (-ер, -р) жұрнақты түрімен және ауыспалы шақ тұлғасымен (-ады) беру көзге түседі. Бұл – бұрыннан келе жатқан варианттылық. Айырмасы – алдыңғы кезеңдерде –ар тұлғасымен білдіру жиірек байқалса, ХІХ ғасырдан бастап сөз иелері екінші вариантын да реті келген тұста қиналмай қолданады:
Екі кісі тең барады,
Оңды төре береді
Ақылы жетік би адам (Махамбет)
Жарыспалылық әсіресе –арға мен –уға тұлғаларының қолданысында күшті сезіледі. Осы күнде –уға (баруға, келуге) түрінде берілетін амал ХІХ ғасырда әлі де –арға вариантында жиі кездеседі:
Өлең айтып толғандым,
Көкірегімді басарға (Махамбет)
Келесі варианттар қатарын етістіктің ашық райдағы –ма+й+мын және –ман аффиксті тұлғалары түзеді. Біз сөз етіп отырған кезеңдегі көркем әдебиет тілінде ауыспалы осы шақтың І жақта жекеше болымсыз аспектіде қолданылатын –ма+й+мын қосымшалы түрінің орнына көбінесе ықшамдалған –ман жұрнақты варианты қолданылады. Мысалы, Махамбет аталған категорияны білдіру үшін тек қана осы тұлғаға жүгінеді: Мен кеткенмен, тек кетпен... Ар-намысым қашырман...
Поэзия, Өлең шарттарынан туатын тағы бір ерекшелікті атауға болады. Ол – тиісті жіктік жалғауының түсірілуі. Махамбеттің: Мен тауда ойнаған қарт марал... І жақтағы бастауыш пен баяндауыш қиыспаған,яғни қарт маралмын деп айтылуға тиіс. Осы заңдылық сақталмаған. Бұл да таза өлең шарттарына қатысты синтаксистік ауытқу.
Алдыңғы дәуірдегі әдебиет үлгілеріндегідей, бұл кезең қаламгерлерінде де –ған жұрнақты есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсалу тәсілі өте актив: ел қонбаған көл, соғып кеткен жел, қайғы ойлаған жамандар т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет