Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөз мағынасының ұғымнан үшінші бір үлкен айырмашылығы мынада: қандай сөзде болсын белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей үғымды білдіре бермейді



бет29/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Сөз мағынасының ұғымнан үшінші бір үлкен айырмашылығы мынада: қандай сөзде болсын белгілі бір мағына болады, бірақ сөздердің барлығы бірдей үғымды білдіре бермейді. Мысалы, одағайлардың, шылау сөздердің мағынасы болғанымен ұғымға қатысы болмайды.
Сөздің сыйымдылық қабілеті де әр түрлі болады. Кейде бір сөз қатарынан бірнеше ұғымды білдірсе, кейде бірнеше сөз бір ғана ұғымның атауы ретінде жұмсалады. Бұған омонимдер мен синонимдер мысал бола алады. Үғымның кейде бір сөзбен, кейде бірнеше сөздің тіркесімен берілуі мүмкін. Осыған орай «дара сөз», «күрделі сөз», «тұрақты сөз» деген атаулар пайда болған.
Зерттегендер: Н.Уәлиев. Сөз мәдениеті

65. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер, компоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастарды нақтылаңыз
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Құрмалас сөйлемдер бірнеше түрлерге бөлінеді. Бұларды түрге бөлу құрылысын тануға, құрылысына сай ортақ жəне ерекше белгілерін анықтауға бағытталған жəне сол жұмыстың қорытындысын көрсетеді.
Құрмалас сөйлемдер құрамына сай екі түрге бөлінеді.
1. Екі компонентті құрмалас сөйлемдер.
2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.
Оның ішінде құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне қарай мынандай екі түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас сөйлемдер.
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Құрмалас сөйлемдерді салалас, сабақтас деп бөлу тұлғалық принципке негізделеді. Бірақ бұл тұжырым бірден қалыптаса қойған жоқ. Ғалымдар арасында салалас, сабақтасқа қандай сөйлемдер жатады деген сұрақ төңірегінде біраз пікірталастар болды. Алғашқы ұстанымды негізге алғандар ( С. Жиенбаев, Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиев, Қ. Жұбанов) көсемшенің –ып, -іп, -п тұлғасымен келген сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдер қатарына жатқызды. Н. Сауранбаев “іргелес сабақтас”, С. Аманжолов “үлестес сабақтас” деп атаған мұндай сөйлемдерді Қ. Есенов “ерекше құбылыстағы сөйлемдер” деп атайды да, тұлғалық тиянақсыздықты басты ұстаным ретінде ұстап, мұндай сөйлемдердің қазіргі қазақ тілінде сабақтастардың қатарында қарастырылатынын айтады.
Профессор А.Ысқақовтың “Құрмалас сөйлем мәселелері” атты мақаласында көңіл аударатын жай – сабақтас пен салалас құрмаластарды өзара ажыратуда негізгі ұстаным етіп екі жай сөйлемді байланыстырушы баяндауыш сөзінің тұлғасын басшылыққа алады. Осыдан келіп, Омар кітап оқып, Жамал хат жазып отыр тәріздес сөйлемдерді кейбіреулердің салалас деп ұғынуына қарсы мұндайларды сабақтас құрмалас деп дұрыс түсіндіреді. Мұндағы дәлелі - бағыныңқы сөйлем баяндауышының тиянақсыз тұлғада тұруы.
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты профессор Ә.Хасеновтың “Салалас құрмалас сөйлемге және олардың тыныс белгілері жөнінде” деген мақаласында іліктес салалас деп айтылып жүрген сөйлемдерді түсіндірмелі салалас деп атауды ұйғарады. Мысалы: Маған жаңа арман пайда болды: ол – наградты ақтау жолындағы арман ед.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет