Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет65/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Идентивтік қатынас
Идентивтік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдердің бірқатар белгілері мына тәрізді жай сөйлемдерге ұқсас. Балам – инженер. Аллюминий – металл.
Бұл жай сөйлемдердің бастауышы да, баяндауышы да атау септік зат есімдер, атау септік баяндауыштар екі заттың идентивтік сапасын, табиғатын атап тұр. Бастауыш пен баяндауыштар екі заттың идентивтік сапасын, табиғатын атап тұр. Бастауыш пен баяндауыштың арасында созылыңқы пауза бар. Осы екі пауза екі мүшенің арасындағы идентивтікті білдіреді. Берілген конструкция жай сөйлем жүйесінде биноминативті сөйлемдер деп аталған. Мұндай сөйлем Жиренше шешен туралы аңызда бар. Қатын өлді – қамшының сабы сынды.
Биноминативті компоненттерді қатыстырып құрылған құрмалас сөйлемдер де лебізге жаңаша рең қосу үшін қызмет етеді.
Кешегі Оспан
Бір бөлек жан;
Үйі - базар, түзі - той. (Абай)
Дүниенің алды – сайран, түбі – ойран,
а)(үйі) базар, (түзі) той - үдемелік мағына;
ә) (алды) сайран (түбі) ойран антонимдер контрастық тудырады;
83 Безендіруші стилистика. Олардың функционалды стильдердегі прагматикасына салыстырмалы түрде талдау жасаңыз
Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің мағынасын, прагматикалық мақсатын айқындап әрі қолданысқа дұрыс енгізу мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланыста болады. Безендіруші стилистика сөз образына арналады. «Образдылық», «бейнелілік», «көркемдік» – өте күрделі стилистикалық категория. «Образ» терминінің астарында семантикалық ерекшелік пен прагматикалық мақсат, стилистикалық әсер қатар үйлесіп айтылады. Стилистика ғылымында «образ» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Образдылық – эстетикалық идеалдың шындық тұрғысынан қабылданған формасы, сөз – образ оның жеке қолданысы. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағынасынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилистикалық әсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады.
Сөздің образға енуі оның мағыналық өзгеріске түсуін бағалау функциональдық стильдердегі эстетикалық қызметін көрсету болса, екіншіден, бір стильден екінші стильдің сөз образдарының да үлес салмағын танып білуіне тікелей қатысын анықтап береді. Сөз образы лингвостилистика тұрғысынан әртүрлі семантикалық-стилистикалық категорияның көркемдік функциясын анықтайды. Образды троптық және троптық емес деп бөлуді белгілі мәтін арқылы түсіндіру қолайлы. Әсерлі сөздің жасалу тәсілі сан алуан болып келеді. Безендіруші стилистиканың негізгі тәсілдеріне теңеу, эпитет, метафора, синекдоха, метонимия, гипербола, антитеза сынды тәсілдер жатады. Сондай ақ безендіруші стилистиканың негізгі құралдарының біріне коннотация тәсілі де жатады. Коннотация тәсілі дегеніміз сөздің бояуын анықтау. Мысалы М.Ж.Көпеевтің мына өлеңінде Махаббат – сәулесі зор, Құдай нұры,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет