Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет83/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

е(еді,екен,емес): Қайрат ертең жұмысқа орналасуға барады екен. Менің қалауым емес. осы күнге дейін арқа сүйері сол ағасы еді.
Жазда: Соғыстан қайттан әкесін көріп анасы есінен тана жаздады. Алдында тұрған тасқа құлай жаздады.
Ет: Жаратқан алдында ақ бол, сол жетімге жәрдем ет. Отан алдында адал қызмет ет.
де,(деген,десе,дейді): «Үнемі күліп жүр» - дейді атасы. Саған кел десе, сен неге қайрылмай кеттің?
Қазақ тілінде толық лексика мағынасы бар бірқатар етістіктер әрі негізгі, әрі к.е. мәнінде жұмсалады. Қ.т-де мұндай 30ьтарта етістік бар:ал, бар, бер, бол, жібер т.б.
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін. Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып тұр.
Мағынасы мен сөйлемдегі қызметіне қарай 3-ке бөлінеді:
Қазіргі қазақ тілінде септеуліктер сөйлемде атқаратын қызметі жағынан олар басқа сөздерден кем түспейді. Бұлар сан жағынан шағын болғанымен, тілде өте жиі қолданылады. Септеуліктер өзгермейтін, дербестігі жоқ сөздер болуына қарамастан, тіркескен есім сөздерін синтаксистік қатынасқа келтіріп белгілі бір септіктерді меңгеріп тұрады. Септік жалғауларының грамматикалық мағыналарын жетілдірумен бірге, септеулі сөзді басқа сөздермен байланыстырып жəне оларды меңгеретіндіктен, бұл көмекші сөздер септеуліктер делінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет