Зат есімнің морфологиялық сипаттары
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз: ат, ас, бел, бақ.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі: күрделі зат есім, біріккен зат есімдер,қосарлаған зат есімдер,тіркес (құрама) зат есімдер, қысқарған зат есімдер: бала-бақша, ата-баба,
Зат есімдердің жасалу тәсілдері
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тартылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады: қарындас, құн, тон, тауар, нарық;
Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады:тасбақа, Екібастұз, Жезқазған;
Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған. Ал, жақсылық, үлкендік деген зат есімдер -лық (-дік) жұрнағы арқылы жақсы, үлкен деген сын есімдерден туған.
Синтаксистік қызметі.
Бастауыш Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде ойдың иесі болады. Ел (кім?) ерімен еңселі. Таулардан өзен (не ағар?) ағар сарқыраған. Ана (кім?) сендерді шексіз сүйеді.Егішілер (кімдер?) астықты элеваторға жөнелтіп жатыр.
Баяндауыш Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болады. 3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды Қазақ- ұлы халық (кім?). Пәле –жаламен ісі жоқ жандар (кімдер?) .Еңбегімнен ләззат алған әр сәтім –бақыт (не?)
Анықтауыш Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады Алтын (қандай?) зері жарқылдап көздің жауын алады. Асанның (кімнің?) мінезі жақсы. Дайрабай әрі күйші, әнші, ақын (қандай?) адам болған
Толықтауыш Зат есім табыс септікте және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып, толықтауыш та болады. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан. Хат Айгүлден (кімнен?) келіпті.Суретін Қарлығашқа (кімге?) ұсынды.
Пысықтауыш Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш та болады Арман ауылға (қайда?) кетті. Асан үйіне сабақтан кейін (қашан?) барды. Орманның оңтүстік жақ бүйірінен (қайдан жол шықты?) Жол шықты айдаһардай иірілген.Көкке қарай (қайда қанат қағып?)қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап
Абай Шыңғыстауда (қайда?)туған.
Достарыңызбен бөлісу: |