Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сын есімнің шырай категориясы, олардың түрлерін атаңыз. Шырай категориясының зерттелу тарихына тоқталыңыз



бет87/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

95. Сын есімнің шырай категориясы, олардың түрлерін атаңыз. Шырай категориясының зерттелу тарихына тоқталыңыз
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Семантикалық мағыналары мен граммматикалық ерекшеліктеріне орай сын есімдер сапалық және қатыстық сын есімдер деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Сапалық сын есімдерге негізгі сын есімдер жатады. Негізгі сын есімдер ешқандай қосымшасыз тұрып, сындық мағынаны білдіреді: ақ, көк, қара, сары, сұр, боз, лас, жаңа, көне, жаман, әдемі, т.б.Сапалық сын есімдер заттың сынын, түрі мен түсін, көлемі мен аумағын, дәмі мен иісін білдіреді. Сапалық сын есімдер сын есімдердің негізгі ұйытқысы, сондықтан олардың бойынан сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер жинақталған:
a) ұлғайту, кішірейту жұрнақтары жалғанады: сарғыш,
сұрша, қуаң, т.б.;
ә) шырай категориясының жұрнақтарын қабылдайды: -ырақ,
-ірек, -лау, -леу (-дау, -деу, -тау, -теу) (қызылырақ, қызылыау, т.б.);
б) үстеме немесе күшейткіш буындар жамалады: жап-жасыл,
сап-сары, үп-үлкен, т.б.
Қатыстық сын есімдер деп басқа бір заттың белгісі мен амалдың қатысы арқылы заттың қасиетін, белгісін, сапасын білдіретін сын есімдерді атаймыз. Қатыстық сын есімдер зат есімнен, үстеуден, етістіктен жа- салады. А. Ысқақовтың айтуынша, қатыстық сын есімдердің білдіретін мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөз таптарынан алыстап кетпейді, солармен байланысты болады. Мысалы: ақылды, білімді, саналы, бақытты.
Шырай категориясы бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіреді. Мысалы, биігірек, биіктеу, өте биік, біп-биік дегенде биік деген негізгі мағына сақталады, тек қана реңк қосылып, біркелкі сынның әртүрлі дәрежеде көрінуі байқалады. Сондықтан “заттың белгісі я сипаты (түрі, түсі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады.
Бірақ шырай түрлерін топтастыру, жіктеу туралы ғалымдардың пікірлері әртүрлі. А.Байтұрсынов оқулығында сын есімнің үш түрі көрсетілген:
1)Жай шырай артық-кем демей, нәрсенің сиқын жай көрсетеді (жуас ат, қызыл шүберек т.б.)
2)Талғаулы шырай нәрсе сиқының бірінен-бірі артық-кемдігін көрсетеді, оны көрсету үшін жай сындағы сөзге “-рақ”, -рек” деген талғау қосымшалары тіркеледі (жақсы-рақ, зерегі-рек т.б.)
3)Таңдаулы шырай нәрсе сиқы өте артық екендігін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы сөздің алдына ең, нақ, тап, тым, бек, қас деген сөздер қосылып айтылады (ең жақсы, тым қорқақ т.б.).
Ал Қ.Жұбановтың 1936 жылғы қазақ тілі бағдарламасында сын есімнің шырайлары жеке тақырып етіп беріліп, шырайлардың 9 түрін көрсетеді: жай шырай, кесімді араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде болады), салыстырмалы шағын шырай (-рақ,-рек,-лау), жалаң шағын шырай (қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы), таңдаулы шырай, дәйек қосылыңқы (өте қысқа), қосақты (қып-қысқа), үстеулі (ұзын-ақ), орта шырай (бір қос, бірсыпыра, бір жөн, едәуір сөздері қосылады) түрлері берілген. Бірақ жоғарыда аталған еңбектерде шырай түрлерінен орын алған жай шырайға қатысты кейінгі еңбектерде басқаша пікірлер де кездеседі.
Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын арнайы зерттеген Ғ.Мұсабаевжай шырай” деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы жоқ, сондықтан жай шырай деп атауымыздың өзі қате,-деп есептеп, сын есім шырайын салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі деп бөлген. Ғалымның жіктеуінше,
1.Салыстырмалы шырай -рақ,-рек: Айнұр Әсемге қарағанда әдемірек. Абай өз замандастарынан гөрі зерегірек.
2.Бәсең шырай –дау,-деу,-тау,-теу,-лау,-леу. Айгүлдің көйлегі саған қарағанда қысқалау.
3.Шағын шырай –шыл,-шіл,-ғыл,-ғіл,-ғылт,-ғыш,-ілдір тұлғалары арқылы: Бүгінгі таң қызғылт тартып тұр. Сарғыш түс маған ұнамайды.
4.Күшейтпелі шырай –күшейту буыны арқылы. Анау арқар біп-биік жерге шығып алыпты. Гүлдананың шашы ұп-ұқын болып өсіпті.
5.Үдетпелі шырай-күшейткіш үстеулер арқылы жасалады: Асқардың бойы өте аласа. Айнаш өз қызына келгенде тым қатал.
Осылайша ғалым шырайларды жасалатын тұлғаларына қарай бес түрге бөлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет