Білім беру құралы ретінде
әлеуметтік–мәдени
контексте
пайдалану,
мысалы,
білім
алушылардың
корпоративтік мәдениетін, коммуникациялық дағдыларын
қалыптастыруда қолдануға болады;
Оқыту/тәрбиелеу құралы ретінде
–білім берудің
дәстүрлі түрлерінен бӛлек қосымша, сабақтан тыс
түрлерінде, мысалы, дипломдық жұмыс, ғылыми жобалар
жазуда пайдалану;
Процедуралар ретінде
–мысалы, басқару үдерісінде
пайдалану;
Дамыту түрі ретінде
– инновациялық жолмен дамыту
сипатында жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді дамытуда
пайдалану. Дамыту–педагогикалық жүйенің әлеуметтік
қызметін жоғары деңгейде жүзеге асырудағы немесе жаңа
функцияны іске асырудағы білім беру жүйесіндегі
(құрылымындағы,
жүйеаралық
байланыстардағы,
әлеуетіндегі) сапалы ӛзгерістер.
В. И. Слободчиков педагогикалық жобалаудың екі
түрін ажыратады, олар:
Біріншіден, оқытуды әрекеттердің тәсілдерін игеру
ретінде
қарастыра
отырып,
білім
беру
үдерісін
педагогикалық – психологиялық жобалау;
Екіншіден,
білім
беру
үдерістері
жүргізілетін
институционалдық құрылымдар мен білім беру ортасын
әлеуметтік –педагогикалық жобалау;
В. П. Бедерханова да жобалаудың кӛптеген тәжірибелік
нұсқаларын талдай отырып, жобалауды екі үлкен бағыттарға
ажыратады.
Біріншісі,
интенсивтік сипаттағы жобалар жасау
және жобалау
әрекеттері. Оларға ұйымдастырушылық–
әрекеттік, инновациялық ойындар мен жобалау жиындары.
75
Екіншісі,
жобалау
әрекеттері
негізінде
ұжым
мүшелерінің бірлесе отырып қадамнан–қадамға аяқ басуы
арқылы білім беру мекемесіне гуманитарлық бағдар беру.
Педагогикалық жобалаудың жаңарту нысанына,
мақсаттық бағыттарына және нәтижелеріне байланысты
бүгінгі таңда негізгі үш түрі белсенді дамып келеді:
–
әлеуметтік–педагогикалық
жобалау,
олар
әлеуметтік
ортаны
ӛзгертуге
немесе
педагогикалық құралдар мен әдістер арқылы
әлеуметтік проблемаларды шешуді бағытталады;
–
психологиялық–педагогикалық жобалау, оның
мақсаты
адамдар
мен
олардың
қарым–
қатынастарын білім беру үдерісі барысында
жаңарту;
–
білім беруді жобалау, ол білім сапасы мен
нәтижелерін, білім беру жүйесі мен оның
институттарын инновациялық ӛзгертуді жобалау
деп белгілей аламыз.
Білім берудегі жобалау
және
педагогикалық жобалау
түсініктерінің ӛзіндік мәні жӛнінен де, мағынасы жӛнінен де
бір бірінен айырмашылығы бар.
Білім берудегі жобалауды
менеджменттік,
экономикалық
және
құқықтық,
т.б.
салаларда қолданылу мүмкіндігіне қарай оны педагогикалық
шеңберден тыс қарастыруға болады. Сӛйте тұра, гуманистік
педагогика қағидаларына сай алатын болсақ, білім беру
жүйесін жаңартуға бағытталған кез келген әрекет
педагогикалық құндылықтармен, адамилық тұрғылармен
сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, білім берудегі жобалау
әрекетінің педагогикалық қызметтерді де атқаратыны белгілі.
Жобалау
әрекетінің
мүмкіндіктері
ақпараттық–
коммуникативтік технологияның дамуымен де кеңейді,
сӛйтіп, білім беру үдерісіне қатысушылардың жобалау
кеңістігі қалыптасты деп айта аламыз.
Педагогикалық
жобалау
–педагогтар
мен
оқушылардың,
педагогикалық
қоғамның
қарым-
қатынасының жаңа түрін, білім берудің жаңа мазмұны мен
жаңа технологияларын, педагогикалық әрекеттің жаңа
амалдары мен түрлерін қалыптастыру үдерісі деп
анықталады.
76
Педагогикалық жобалау бірнеше деңгейлерде жүзеге
асырылады. Нақтырақ айтқанда, жобалау әрекеті негізінде
пайда
болатын
ӛнімнің,
нысанның
нәтижесіне,
қолданылуына байланысты қойылатын талаптарға орай білім
беру
жобалары
тұжырымдамалық,
мазмұндық,
технологиялық және процессуалдық (үрдістік) деңгейлерде
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |