64
ӛйткені, оқушыларға нақты пәндер аясында білім жүйесін
игеруге мүмкіндік бермейді – деп кӛрсетілді.
Соған орай,
кеңестік елдерде жарты ғасырға жуық уақытта жеке әдіс
ретінде қолданылмады. Шетелдер тәжірибесінде, атап
айтқанда,
АҚШ,
Ұлыбритания,
Бельгия,
Израиль,
Финляндия, Германия, т.б. кӛптеген елдер жобалау әдістері
ең тиімді гуманитарлық әдіс ретінде кеңінен тарады.
Жобалау әрекеттерінің одан әрі дамуы мәдени
құбылыстардың қалыптасу
логикасы бойынша-жай
репродукциядан-зерттеуге,
зерттеуден-мақсатты
қайта
құруға әкелді. Дамытып және дамып отыратын жобалық
түзілім:
танымға қызығушылық-таным әдістері-білім
құрылымы
негізінде ӛзіне тән ерекшеліктері бар ойлаудың
жобалық амалы, жолдары қалыптасты.
Кеңестік мектептерде жобалауды педагогикалық
ойлау логикасы тұрғысынан А. С. Макаренко қолданды, ол
нақты бір тәрбиеленушінің қабілеті
мен қызығушылықтары
негізінде тәрбиелеу мақсатындағы тұлғаның оқу-тәрбие
әрекеттерін жобалау әрекеттерін қарастырды.
1970 жылдары Н. В. Кузьмина еңбектерінде жобалау
компоненті педагог әрекеттерінің құрылымына енгізілді,
қазіргі кезде терминологиялық аппараттан педагогикалық
жобалау, мұғалімнің жобалау әрекеті, педагогикалық
жобалау ұғымдары орын алды. Олардағы жобалау
объектілері ретінде педагогикалық әрекеттің әдістері мен
түрлері алынады.
Жобалауды одан әрі зерттеген В. В. Давыдов,
Генисаретский, Н. Г. Алексеев, А. В. Петровский, И. В.
Якиманская, И. А. Колесникова, В. И.
Безруков, т.б.
жобалауды білім беру жүйесін жаңартуға бағытталған
әрекеттер негізінде қарастырады.
Осылайша, кәсіби-педагогикалық ой-пікірдің даму
барысында жобалау идеясы педагогикалық практикадан
педагогикалық теорияға қарай ауыса бастады.
Жобалау әрекетінің негізі болып табылатын «жоба»
түсінігінің ӛзі де ғылымда түрліше қарастырылғанын кӛруге
болады. Философиялық тұрғыдан қарастырушылар (М. С.
Каган) оны рухани қайта жаңғыру әрекеттері нәтижесі десе,
әрекеттік тұрғыдан қарастыру (И. А. Колесникова) жоба–
65
жобалаудың мақсаты мен нәтижесі деп түсіндіреді.
Жалпылай келгенде, жоба – белгілі бір уақыт ішінде
жүргізілетін, нәтиженің
сапасына нақты талап қойылған,
ұйымдастыруға қажетті құралдары мен қолжетімдік
ресурстары айқындалған белгілі бір жүйені мақсатты түрде
ӛзгерту – деген (В. Н. Бурков, Д. А. Новиков) пікірге сай дей
аламыз, ӛйткені, бұл жобаның мақсаты мен нәтижесін
кӛрсетеді.
Жобаны құрастыру материалдары ретінде теориялар,
модельдер,
түсініктер,
таңбалар
мен
формулалар,
алгоритмдер мен парадигмаларды айта аламыз. Жобалаудың
түрлі салалардағы инструменталдық жүйесі
ретінде әрекет
теориясы
алынады.
Жобалау әрекетінің педагогикалық мәнін
ашу үшін
жобалауға негіз болатын танымның және қалыптасқан
ортаны жаңартудың ерекше
тәсілі туралы идеяларды
қарастыруымыз қажет болады, олардың бастылары:
алдын–алу идеясы
– алдағы әрекеттерді жобалауға
бағытталған жобаға тән перспективалар;
әлеуеттердің
айырмашылық
идеясы
–
жоба
нысанының қалыптасқан жағдайы мен алдағы уақытта болуы
тиіс сипаттарының айырмашылығы;
бір
қадамнан
–
келесі
қадамға
–болашақтағы
қажеттіктердің бірте–бірте, ӛз кезеңімен жақындай беруі (Н.
А. Бернштейн);
Достарыңызбен бөлісу: