Игереді: алтын дәннің нәтижесі - нан, оны қадірлеу керек екенін.
Меңгереді: нанның үлкен еңбекпен келетінін.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» (латыш ертегісі)
Мақсаты: «Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, атрибуттар, үлгілер, арыстан мен тышқан кейіпкерлерінің бейнесі.
Сөздік жұмыс: арыстан, тышқан.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттың шеңбері.
Балаларды ертеңгісін көңіл күйлерін көтеретін, ұйқыдан оятатын, бойларын сергітетін өте көңілді әнмен шаттық шеңбері жасалады.
Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен Ту,
Жан емес, маған керегі -
Көк Тудың желбірегені.
Балалар қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі іс-әрекетімізде «Арыстан мен тышқан» атты латыш ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызықты екен.
Жалпы мазмұнын айта кету. Ертегіні оқып беру.
Сұрақ-жауап.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Арыстан қайда жүреді?
- Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде?
- Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Балалар жауап береді.
Саваннада
Арыстан - үлкен, тышқан — кішкентай
Рефлексиялық - түзетушілік
Қорытындылау.
Балаларға әртүрлі қимылдар жасату:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Диалогты сөздермен балаларға әңгімені рөлдер арқылы ойнату.
Қимылдар жасайды.
Рөлге бөлініп ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылығын арттыруды.
Меңгереді: рөлге бөлініп ойнауды.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қайырымдылық» (әңгіме)
Мақсаты: адам жүріс-тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйретуді жалғастыру, өзге адамға деген мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер, мақал-мәтелдер кітабы.
Сөздік жұмыс: қарлығаш, балапан.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Дала гүлге оранады,
Түрлі түске боянады,
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғат та оянады.
Шеңбер бойына тұрып, орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде Д.Данабековтың «Қайырымдылық» әңгімесін оқып, мазмұнын толық ашып әңгімелейміз.
Әңгімені оқып беру.
Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына,
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.
Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу.
- Әңгіме не жайлы?
- Әуеде не ұшып жүрді?
- Сәулет жерден нені көрді?
- Ол балалардың орнында сендер болсаңдар, не істер едіңдер?
Мұқият тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Қарлығаш
Қарлығаштың
балапанын
Балалардың
жауабы
Рефлексиялық - түзетушілік
Қорытындылау.
Сурет бойынша оқу
іс-әрекетін аяқтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шығарманың мазмұнын.
Игереді: шығарманың мазмұнына байланысты қамқорлық, мейірімділік қасиеттерін. Меңгереді: жақсы қасиеттерді.
Білім беру саласы: . Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы кейіпкер бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатынас әлемімен таныстыру. Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге (түлкі - қу) сипаттама бере білуге үйрету. Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, түлкінің суреті, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: түлкі, айлакер, қу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Психологиялық сәт.
Балалар шеңбер бойына тұрып,
Өтебай Тұрманжановтың
«Кел,балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып, тәрбиешімен бірге орындайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкі - көңіл айнасы,
Күліп өмір сүрейік.
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын қимылдар арқылы орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Сұрақ-жауап.
- Балалар, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Түлкі қандай аң?
- Олай болса, біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» орыс халың ертегісін оңу, әңгімелеу, мазмұнын ашу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Мақсаты: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін естеріне түсіру, тіл байлықтарын молайту, ертегінің мазмұнын дауыс ырғағын келтіре айтуға жаттықтыру, қиын кезде достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: тоғай, қасқыр, лақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып,
педагогпен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.
Арым таза, ақ көңіл,
Адамдыққа сенемін.
Абыройлы, ақ ниет,
Адалдыққа сенемін.
Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, сендер қандай ертегілер білесіңдер?
- Ертегі оқыған сендерге ұнай ма?
Ертегіні оқып беру, сурет арқылы мазмұнын ашу.
- Ешкі мен лақтар қайда тұрады?
- Ешкі тоғайға не үшін барады?
- Ешкі тоғайға кеткенде кім келді?
- Лақтар қасқырға есікті неге ашпады?
Балалардың жауабы.
Мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық - түзетушілік
Ертегіні екі топқа
бөлініп сахналауды ұйымдастыру.
Ертегіні сахналайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.
Игереді: мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін.
Меңгереді: шығарманы зейін қойып тыңдауды.
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Суретші қыс» (өлең)
Мақсаты: Өлеңді көрнекі құралдар көмегінсіз жатқа айтуға, оны дауыс ырғағымен мәнерлеп оқуға үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын өз іс-тәжірибесімен салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: суретші, ақ мамық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шанамен зырғып желетін,
Шаңғы, коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Шаттың шеңбері:
Сырғанақ
Жасап қардан үйілген
Дөңге шығып бүгін мен,
Маңайыма бір қарап,
Кеттім төмен сырғанап.
Жерге тимей табаны
Шанам зулап барады,
Қорыққам жоқ сонда да,
Сужүрек деп ойлама.
(К.Баянбаев)
Қыс
Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар, бұл өлең шумағында не туралы айтылған?
- Қыс несімен қызықты?
- Қандай ойындар ойнаймыз?
- Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетінде К.Нүсіповтың
«Суретші қыс» өлеңін жаттаймыз.
«Суретші қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Өлеңнің мазмұнын ашу.
«Қар жинау» қозғалысты ойыны.
Өлеңді жаттау.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды. Өлеңді жаттайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
Қорытындылау:
- Балалар, біздің жаттаған өлең шумағымызда не туралы айтылған?
3-4 баладан тақпақты жатқа сұрау.
Балалардың
жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді жатқа айтуды.
Игереді: ойын арқылы қыс мезгілінің ерекшелігін.
Меңгереді: өлең мазмұнын түсіне отырып, қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Отан» өлеңі (мәнерлеп оңу)
Мақсаты: Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулу, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үнтаспа, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: атамекен, туған жер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Көк Тудың желбірегені
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен Ту
Жан емес, маған керегі
-Көк Тудың желбірегені.
Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Отан деген не?
- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Біздің ұлтымыз - қазақ.
Отанымыз - Қазақстан
Республикасы деп аталады.
- Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетінде ақын
Ермек Өтетілеуұлының
«Отан» өлеңімен танысамыз.
«Отан» өлеңін мәнерлеп оқып беру.
Әңгімелеу.
- Отанды біз «атамекен» деп айтамыз, өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен. Отанды әркім анасындай бағалап, қастерлейді. Өйткені Отан бізді баласындай өсіріп, аялайды.
Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер,
Отан - ана, Отан - үлкен
Қазақстан — туған ел.
Балалардың жауабы.
Мұқият тыңдайды.
Қосыла қайталайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
- Отан туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер?
Мақал-мәтелдер айту.
Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңнің мазмұнын түсінеді.
Игереді: өз Отанын, жерін сүйіп, құрметтеуді.
Меңгереді: мақал-мәтелдер арқылы ой-өрісі кеңейеді.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әке мен бала» (әңгіме)
Мақсаты: ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, үнтаспа.
Сөздік жұмыс: таға, қанағат.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Шеңбер болып тұрайық
жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Шаттық шеңберіне тұрып орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе кезең.
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесімен танысамыз. Сурет арқылы әңгімелеу. «Әке мен бала» суреті арқылы сұрақтарға жауап беру.
- Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Олар қалай киінген?
- Әкесі мен баласына ат қояйық.
- Олай болса, қазір мен сендерге «Әке мен бала» әңгімесін оқып берейін.