Меңгереді: ойын арқылы отбасы мүшелеріне кімдер жататынын.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Дәрігер Айболит» (ертегі)
Мақсаты: балаларды мейірімділікке, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынас білдіруге талаптандыруды жалғастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: дәрігер, шипа, қорқау.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Педагогпен бірге орындайды. «Ертегілер» әні
Ғажайып түс көрдім
Таң ата мен бүгін.
Ертегі әлемінің қызығында
жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін,
Жұлдыздай көркем,
Шеңбер бойына тұрып, өлеңді қайталап, қимыл арқылы жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Әдемі едін, неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең.
Қайырмасы:
Ертегілер,
Ертегілер,
Неге мені ертпедіндер,
Әлеміңнің ғажап күйін
Шертпедіңдер сендер.
Гүл тердім бақтардан,
Әр гүлде бір арман
Таусылмайтын тәтті,
Сый әкеліп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.
Кіріспе әңгіме.
- Бүгін біз Корней Иванович Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегісімен танысамыз.
Ертегіні мәнерлеп оқып беру және оның мазмұнын ашу.
Сергіту сәті
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жаққа қарапты,
Айдарын тарапты,
Қо-қо-қо! - депті,
Қорада ойранды салыпты,
Секіріп, айқайлап
Шарбаққа қоныпты.
Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегіде қандай кейіпкерлерді кездестірдік?
- Қандай құстарды көрдіңдер?
Қимылдарын жасайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық - түзетушілік
Ертегіні сахналау арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.
Сахналайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Айболит - орман дәрігері екенін.
Игереді: мейірімділік, қамқорлық қасиеттерді.
Меңгереді: ертегі арқылы қоршаған ортаны қорғай білуді
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Сыпайылық сабақтары» (өлең)
Мақсаты: балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың адамгершілік нормаларымен, әлеуметтік ортадағы жүріс-тұрыс ережелерімен таныстыруды, сыпайылықтың қарапайым дағдыларына тәрбиелеуді жалғастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: әдептілік, сыпайылық.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Балалар шеңбер бойына тұрып,
педагогпен бірге мына өлең
жолдарын қайталайды:
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
(Ө. Ақыпбеков)
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Әңгімелеу.
- Балалар, бүгін біз сыпайы, әдепті, жағымды қасиеттер туралы әңгімелейміз.
- Сендер қалай ойлайсыңдар, адамдар неліктен бір-бірімен амандасады? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог қорытындылайды.
- Дұрыс айтасыңдар! Сәлемдесу, амандасу - адамдардың бір-біріне ізет, сый-құрмет көрсетуі. Оның бәрі сыпайылық.
Өлеңді мәнерлеп, түсінікті оқып беру және сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Сұрақ-жауап.
- Балалар, біз қандай болуымыз керек?
- Біздің топта сыпайы, әдепті, арлы балалар бар ма?
Балалардың жауабы.
Мұқият тыңдайды.
Балалардың жауабы.
Рефлексиялық - түзетушілік
Қорытындылау.
— Балалар, біз бүгін сәлемдесудің әдептіліктің, сыпайылықтың бастауы екенін білдік. Сәлемдесу дегеніміз - құрмет білдіру, яғни әрбір күніміз немесе әңгіменің сәлемдесуден басталатынын түсіндік. Осының бәрі - сыпайылық сабақтары. Мақал:
Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әдепті бала - ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала - ата-анасын қақсатар.
Балалар тыңдап, өздерінің түсінгендерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жағымды қасиеттерді.
Игереді: өлең арқылы әдептілік ережелерін.
Меңгереді: әдептілік туралы бірнеше мақал-мәтелдерді.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене»
Мақсаты: қоршаған ортада жақсы деген не екенін түсіндіру. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Сөздік жұмыс: әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден
«Мен қандаймын» деп ойла.
- Балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.
Тәрбиешімен бірге орындайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, бүгін біз Владимир Маяковскийдің
«Жақсы деген немене, жаман деген немене»
өлеңімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру.
Мұқият тыңдайды.
Рефлексиялық - түзетушілік
«Мен қандаймын» ойыны.
Мақсаты: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту.
Ойын барысы: Балалар шеңберге
тұрып, бір-біріне допты беріп,
сол бала жайлы пікірін айтады.
Мысалы:
- Іңкәр, сен әдемісің, мейірімдісің, жақсы қызсың, т.б.
Қорытындылау.
- Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде ненің жақсы, ненің жаман екенін білдік. «Жақсы бала» деген атқа лайық болу үшін әдепті, қамқор, шыншыл, тәрбиелі болу керек.
Ойынға белсене қатысады.
Балалар бір-біріне пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жақсы қасиет пен жаман қасиетті ажыратуды.
Игереді: өлең мазмұны арқылы жақсы қасиеттерді.
Меңгереді: әдептілік нормаларын.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қызыл телпекті қыз» (ертегі)
Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.
Сөздік жұмыс: қызыл телпекті қыз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогтің көмегімен өлең жолдарын қайталайды.
Біз көңілді баламыз,
Шаттық әнге саламыз.
Айгөлек-ау, айгөлек,
Би билейміз дөңгелеп.
- Міне, қандай тамаша!
Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!
Шеңбер бойына тұрып, қимыл жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру.
Сергіту сәті
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсады?
- Қызыл телпекті қызға кім кездесті?
- Қай жерде?
- Қызыл телпекті қыз не деп жауап береді?
- Қасқырдың қарнын жарған кім?
Ертегіні тыңдайды.
Қимылдар жасайды.
Балалардың жауабы.
Әжесіне
Қасқыр
Орманда Отыншылар
Рефлексиялық - түзетушілік
2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау.
Іс-әрекетті қорытындылау.
Мазмұнын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын.
Игереді: кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді.
Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы оқуды.
Тәрбиешінің аты жөні:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Айна» (халық ертегісі)
Мақсаты: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету, сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі суреттері, саусақ театрының кейіпкерлері, әр балаға айна.
Сөздік жұмыс: кірпі, керік, қоян.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
- Балалар, бүгінгі біздің жасалатын жылулық шеңбері өте қызықты өтеді. Сондықтан шеңбер бойына дөңгеленіп тұрайық, үлкен шеңбер құрайық. Жылулық шеңбері
Алақан арқылы бір-бірімізге жылулық лебіз білдіреміз.
Домбырам күмбірлеп,
Күй шерте аламын,
Бұрала би билеп,
Сурет те саламын.
Кіріспе әңгіме.
- Тапсырмада берілген «Айна» ертегісін тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін есте сақтап қалуға зер салайық.
Мәнерлі дауыс ырғағымен балаларға ертегі оқылады.
Сұрақ-жауапарқылы балалардан мазмұнын сұрап, ертегінің желісін ашу. Сөздік қорларын байыту үшін сездік жұмысын жүргізу. Мысалы:
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Құлыншақ» (өлең)
Мақсаты: балалар көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру. Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Әдеби кейіпкерлердің бейнесі мен ересектерге жақсы қарым-қатынасты үлгі ету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет, үнтаспа, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: құлын, құлыншақ, құндыз, жұлдыз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Психологиялық сәт.
- Ал, балалар, шеңбер бойына тұрып, қимылды жаттығулар жасайық.
Өзен
Өзенге қарай жүгірдік,
Рахаттана жуындық.
Батылдықты растап,
Жүзіп бердік құлаштап.
Жүзе бердік еркіндей,
Су төресі дельфиндей.
Сөйтіп жақсы демалып,
Қайттың үйге оралып.
Бір орында жүгіреді, кеуделерін еңкейтеді, жуынғандарын көрсетеді, жүзеді (қолдарын алға созып, дельфин тәрізді жүзеді) бір орында тұрады.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде ерекше бір өлең жолдарымен танысамыз. Өлеңді оқып беру.
Құлыншақ
Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайында жұлдызы,
Құйрығында құндызы. (М.Жаманбалинов)
Сұрақ-жауап.
- Оқылған өлең сендерге ұнады ма?
- Авторы кім?
Құлын қай малдың төлі?
Сергіту сәті
Жеті мен сегіз,
Қошақан ғой егіз.
Тоғыз бенен он,
Көгершін боп қон.
Балалар сұраққа жауап береді.
Қимылдар жасайды, көрсетеді.
Рефлексиялық - түзетушілік
Қорытындылау (ойын арқылы). «Малдың төлін атау» ойыны, Ойын мақсаты: балаларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ойлау қабілеттеріне баулу. Ойын шарты: шеңбер бойына балаларды тұрғызу. Сиқырлы таяқша кімге келіп тоқтайды, сол бала айтылған малдың төлін атайды.
Төлдерді атайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңнің мазмұнын.
Игереді: іс-әрекеттерін бағалауды, адамгершілік қасиеттерін.
Меңгереді: ойын арқылы малдың төлін атауды
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Ана» (өлең)
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы білімдерін қалыптастыру, анаға деген құрметін, балалық сезімдерін сөз арқылы жеткізе білуді дамыту. Аналар еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, хрестоматия.
Сөздік жұмыс: мейірімді, аяулы, ардақты.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз - гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Аман-есен жүріңіз.
Балалар шеңбер бойында тұрып, қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Кіріспе әңгіме.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Көктемнің алғашқы мерекесін білесіңдер ме?
- Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын ағамыз Өтебай Тұрманжановтың «Ана» елеңімен танысамыз.
Мәнерлеп оқу.
Ана
Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңіліңді сергітеді,
Балбыратып тәніңді.
Сен ұйықтасаң әнге балқып,
Анаң жаны жайланар.
Аспандағы ай да қалқып,
Ақ бетіңнен аймалар.
Сұрақ-жауапарқылы оқылған өлең шумақтарын әңгімелеу.
Сергіту сәті
«Анашым» өніне жасалады.
Көктем
Қар ериді, жыл құстары келеді, ағаштар бүршік жарады