Іі-тарау. 22 «Б. Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі». 22 Ііі-тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы 33


І-тарау. 1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі.”



бет2/4
Дата31.12.2019
өлшемі205,5 Kb.
#54841
1   2   3   4

І-тарау.

1.1.“Б. Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық, педагогикалық және қоғамдық қызметі.”


Б. Сүлейменов 1912 жылдың қараша айында Ақтөбе облысы Шалқар ауданының №13 ауылында дүниеге келген. Оның арғы аталары Шонан, Оатаралы, Нияз елді аузына қаратқан беделді би болған адамдар. Сүлейменнің әкесі Нияз Үлкен және Кіші Борсық құмдарын жайлаған Қабақ руының бетке ұстар атақты биі, әрі старшыны болған еді. Сол кезеңде Арал өңірін өз қоластына қосып алуға ұмтылған Хиуа хандығына қарсы күреске халықты көтерген ел мүддесін қорғаған тұлғалардың бірі.

Ата-анасынан ерте айырылған жетім, 8 жасар бала екі жылдай әуелі ағайындардың қолында жүріп, кейін көрші ауылға көшіп барып, бастауыш мектепте үш жыл мұғалім М.Низамуддиновтен білім алады. Жас Б. Сүлейменов білімге деген талаптылығымен, ұмтылысымен көзге түседі. Сонан соң Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы орталығындағы жетіжылдық мектепте оқуын жалғастырады. Өз естеліктерінде ғалым “Менің еңбек жолым 1929 жылы Алматы қаласындағы Еңбек орталық институтының құрылыс базасына жалданғаннан басталды. 1929 жылдан 1934 жылға дейін мен Алматы қаласында еңбек етіп, алғашқы кезде ұста, аға жұмысшы өндіріс ұйымдастырушы, құрылыс корпорациясының қазақ өлкелік кеңесінің ұйымдастыру бюросының төраға орынбасары және сол уақыттары кешке қарай жұмысшы жастар мектебінде, техникумның дайындық топтарында, жоғарғы оқу орнының дайындық курстарында білім жетілдірдім ”, - деп көрсетеді. Б. Сүлейменов 1934 ж. К.Либкхнет атындағы Молсква мемлекеттік педагогика институтының тарих факультетіне түсіп, студенттік жаңа өмірін бастайды. Онда үлкен зеректігімен көзге түсті. Әсіресе, отар және тәуелді елдер тарихы, КСРО тарихы және жаңа кезең тарихы пәндері қатты қызықтырып, диплом қосымшасынан өте жақсы болғандығы көрініс тапқан.

Оның революцияға дейінгі тарихқа қызығушылығы, терең зерттеуге құштарлығы сол кезде-ақ қалыптасқан болатын.

1938 ж. институтты ойдағыдай бітіргеннен кейін ол Ресей Федерациясының және Қазақ КСР білім министрлігінің жолдамасымен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына аға оқытушы қызметіне орналасты. Бұл институт қабырғасында Б. Сүлейменов шет тілдер институтына 1942 ж. директор болып тағайындалғанға дейін қосымша жұмыс жасайды.

Ғылым академисының Алматыдағы шет тілдер институтындағы қызметі кезінде француз тілі кафедрасын ашуды ұйымдастырып, маман мәселесін біршама орнықтырды. Қазақ жастарын институтқа көбірек тартып, оларға қамқорлық жасады. 1943 ж. қараша айында КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының президиумы Б. Сүлейменовті тіл, әдебиет және тарих институтының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары етіп тағайындайды. Бұл қызметте ол біріккен институттың 1945 ж. екі Тіл мен әдебиет және тарих, археология, этнография институттары болып қайта құрылғанға дейін атқарды. Осы кезеңдегі институттағы ғылыми басшылық жұмысымен қатар, қазақ халқының тарихының күрделі, тың мәселелері бойынша жемісті ғылыми зерттеумен айналысты. Оның басшылығымен “Қарағанды көмір кенінің тарихы”, “Қазақ батырлары” атты еңбектер баспаға дайындалады. Сол кезде КСРО Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, КСРО ҒА-ның Қазақстан филиалы президиумының төрағасы Қ.И.Сәтбаев ешқандай ғылыми дәрежесә жоқ Б. Сүлейменовтің ғылыми ізденіске деген зор құлшыныс қабілетін жоғары бағалап, “Бекежан Сүлейменов Қазақстан жас тарихшыларының ішіндегі ең қабілеттілерінің бірі және болашағы бар”, - деп, одан белгілі ғалым – тарихшы шығатынын көрегендікпен айтты. Абай атындағы педагогикалық институтының аспирантурасының жұмыстан қол үзбей жүріп бітірген соң, КСРО Кеңес Халық Комиссариаты жанындағы жоғарғы мектеп ісі бойынша Бүкілодақтық комитеттің рұқсатымен, 1945 жылдың 9 сәуірінде ҚазМУ-дың ғылыми кеңесінде “Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа” атты тақырыпта Бекежан Сүлейменұлы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады. 1945 ж. маусым айынан Бекежан Сүлейменұлы қайта құрылған тарих, археология және этнография институтында “Қазақстанның революцияға дейінгі тарихы” секторының меңгерушісі қызметін атқарып, қазақ халқының революцияға дейінгі тарихының күрделі проблемаларын зерттеуге белсенді ат салысты, өмірінің аяғына дейін 150-ге жуық еңбек жазды. Өмір жолы, ғылыми қызметі осы институттың тарихы мен тығыз байланысты болды. 1964 ж. Ташкент қаласында докторлық диссертациясын қорғаған уақытында Б.Сүлейменов “неге мал шаруашылығымен салыстырғанда жер мәселесіне көп көңіл бөлдіңіз”, - деген сұраққа былай деп жауап берді: “Мен патриотпын, одан қалса өзімнің проблемаларымның дәйекті патриотымын. Көшпелі мал шаруашылығын көп ғалымдар қарады, ал аграрлық мәселе деген берілгендімнің белгісі.”

Б. Сүлейменов кеңестік қоғамның күрделі және қарама-қайшылығы мол кезеңінде тарих ғылымына келген еді. Бұл кезең қоғамдық өмірдің құқықтық емес, әкімшіл-әміршіл биліктің еркіне бағындырылған, заңсыз, авторитарлық – деспоттық режимнің қалыптасуы және дамуы жүріп жатқан уақыт еді. Ұлы Отан соғысы кезінде оның алғашқы ғылыми еңбектері шыға бастады. Б. Сүлейменов фашисттерге қарсы шайқастарда асқан ерлік көрсеткен қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың қысқаша өмірі және соғыстағы ерліктері жөнінде 1944 ж. наурыз айында мақала жазып, отанымыздың батыр қызын бүкіл елге алғаш танытушы болды.

Б. Сүлейменов алғашқы кезде Кенесары Қасымов көтерілісі және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері жөнінде “идеологияланған” мақалалар жариялап, онда Е.Бекмахановпен Қ.Жұмалиевтің еңбектерін сынға алған да болатын, ал 1948 ж. Е.Бекмахановтың еңбегіне байланысты өткен пікірталаста К.Қасымов көтерілісінің осалдысы қырғыздармен болған қақтығыс деп атап көрсеткен еді. Бірақ 1951-1952 ж.ж. ғылыми сын, айтыс-тартыстар өз мәнін өзгертіп, саяси қуғындауға көшіп бара жатқанын байқаған Б. Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым Академиясында өткен жиналыстарда, мәжілістерде азаматтық бағыты күшті ғалым ретінде Е.Бекмаханов, М.Әуезов және басқа оқымыстыларды жақтап, батыл сөз сөйледі. Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовке қарсы науқанның ұйымдастырылуы қазақ халқының ұлттық мәдениетін, оның өкілдерін жоққа шығаруға бағытталған еді. Б. Сүлейменов “Абайдың әдеби мектебін” жоққа шығарушыларға және осы мектепті зерттеуші М.Әуезовті қаралаушыларға қарсы тұрып, Абайдың ізін басқан қазақ халқының көрнекті ақындарын буржуазиялық – ұлтшылдарға айналдырып, жоққа шығарудың, яғни олардың өмірін және шығармаларын ақтаңдаққа айналдыруға болмайтынын ашық айтып, өз пікірлерін батыл қорғады. Сонымен бірге, Б. Сүлейменов ілгеріде көрсетілгендей, Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысындағы қайшылықтырды (қырғыз еліне қарсы соғысы, бағынбаған қазақ руларын шабуы т.б.) сынағанымен, бұл қозғалысты мүлдем “сызып тастамақшы” болған асыра сынаушыларға қарсы күрес жүргізгендермен келіспейді. Бұл кезде Б. Сүлейменовтің Қазақ КСР Ғылым Академиясының қоғамдық ғалымдар бөлімінің ғылыми хатшысы болып қызмет атқаруы да бұл пікір талас-тартысты нақ ортасынан бөліп, белсенділік көрсетуге мүмкіндік берді.

«ВКП/б/ қысқаша курс тарихы» жарық көргеннен соң, көптеген концептуалдық еңбектері теріске шығарылып, 50-жылдардың басында қуғын-сүргіннің жаңа толқынының басталуына себепші болды да, республика зиялыларына қауіп-қатер төнді. Бұл Кеңес Одағындағы көптеген жазықсыз зиялы азаматтардықайтадан Сталиндік жүйенің елегінен өткізудің жаңа кезеңінің басталған сәті болатын. Қазақстан тарихы мәселелері Маркстік-Лениндік тұрғыдан зерттелсін, «саяси кемшіліктер жойылсын» деген ұрандар үстем болып, әдебиет және тарих салаларында «ішкі жауларды» әшкерелеу науқаны басталды. Осыған орай тарихшы Е.Бекмаханов пен Б.Сүлейменовке қауіп-қатер төнді. Сол уақыттағы айтыс-тартыстарда «әшкереленіп» жатқан Е.Бекмахановты отырғызу, көзін жою үшін идиологтарға ең алдымен Б.Сүлейменов болып жатқан құбылыстарға өзіндік ой-пікірі бар және азамат ретінде сол ойларын ашық түрде тура айта алатын тұлға еді. Ғалымның белсенді қоғамдық қызметі оған шындықты айтуға мүмкіндік берді. Елдің басына қиындық түскенде ол бұғып, жалтарып қалған жоқ, қайта табаандылық таныта білді. Ал саяси жүйе болса, ондай тұлғалардан қауіптенген болатын. Екінші жағынан, осындай жағдайларға орай, ғалымның еңбектері мен қолжазбалары турасында «буржуазиялық-ұлтшылдық сипаттағы бірқатар елеулі бұрмалаулар және ескі заманды көксеуші ғылыми қызметкер» деген дауыстар жиі естіліп, заманды көксеуші, баспа беттерінде әшкерелене бастап еді. Көп ұзамай 1952 жылдың шілде айының 17 жұлдызында Б.Сүлейменов және сол жылғы қыркүйектің 5күні Ермұхан Бекмахановты қауіпсіздік комитет қызметкерлері тұтқынға алды. Мұның артынша Б.Сүлейменовтың бірқатар еңбектері қолданудан алнып тасталды. Соттың шығарған үкіміне: «Сүлейменов өзін кінәлімін деп смойындамады. Бірақ тексеру материалдарының көрсетуі бойынша сот алқасы Сүлейменовты барлық уақытта, яғни 1941жылдан 1952 жылға дейін кеңестік жүйеге қарсы ұлттық буржуазиялық пиғылда болған деп есептейді»,--делінген. Осылайша Б.Сүлейменов 25 жылға сотталып, Иркутск облысындағы Бодайбы еңбекпен түзету лагеріне жер аударылды. 1954 жылы 3 мамырда ақталып, осы жылдың 24 шілдесінде өзінің байырғы жұмысына орналасты. Дегенмен оың ғылыми жолына толық оралуы бірден жүзеге асқан жоқ. Ол алғашында Қазақ КСР ҒА-ның Тарих, этнография және археология институтына ғылыми қызметкер ретінде жарты ставкаға қабылданды. Тек 1957 жылы институттың бөлім меңгерушісі болып бекітілді.

1972 жылы 30 наурыз айында Б.Сүлейменов Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.

Бекежан Сүлейменовтың ғылыми және қоғамдық қызметі республикаға да, Одаққа да белгілі болды. Ол Қазақ КСР ғылым академиясының байырғы қызметтері ретінде тарих ғылымының дамуына ғылыми маман даярлауға көп үлес қосқан еді.

Б.Сүлейменұлы 1980 жылы, «1905-1907 жылдардағы қазақстандағы революциялық қозғалыс» және «1916 жылғы Қазақстандағы көтеріліс» атты күрделі монографиялары үшін Қазақ КСР ғылым академиясының Ш.Ш.Уалиханов атындағы сыйлығына ие болды.

Б.Сүлейменовтің ғылыми-зерттеу жұмысы оның педагогикалық, оқытушылық қызметі мен тығыз байланысты. 1938 жылдан бастап ол Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында аға оқытушы, содан соң Алматы шет тілдер институтының директоры(ректор), 1943 жылы Ғылым Академиясына тұрақты жұмысқа көшкеннен кейін, қосымша қыздар педагогикалық институтының КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университетінің доценті ретінде жұмыс жасап, Республикадағы ғылыми мамандарды даярлауға көп үлес қосты .

Бекежан Сүлейменов суденттерін: ғылыми танымның негізі оптимистік, сарқылмас күш-жігерлік, шыдамдылық және қажырлы еңбектің белгілі бір нәтижелерінен тұрады,-деп тәрбиеледі.17

1953 жылы –23-қазанда болған Қазақ КСР-нің жоғарғы сотының алқасы жабық отырысында мынадай үкім шығарады: «Өзінің антисоветтік іс әрекетін Сүлейменов саяси екіжүзділік әдісімен жүргізді. 1948 жылы ол ХІХ ғасырдағы Кенесары Қасымовтың феодалдық-монархиялық көтерілісін ұлтшылдық деп айыптаса, 1951-1952 жылы Қаз КСР ғылым академиясының отырысында және мәжілістерінде өзі антисоветтік және ұлтшылдық тұрғыдан Қазақстан тарихының бірқатар мәселелерін қарастырған және айыпталған буржуазиялық ұйымдарды жоқ деп сөздер сөйледі. Өзінің еңбектерінде, қолжазбаларында және баяндамаларында буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде партияның және совет үкіметінің КСРО-ғы ұлттық саясатына қарсы үгіт насихат жүргізді, халықтар көсемі жөнінде келеңсіз сындар айтқан». Осы айтылған айыптар негізінде Б.Сүлейменов 25 жылға бас бостандығынан, 5 жылға сайлау құқынан айырылады және дүние мүлкі тәркіленеді. Бай кітапханасы, сирек кездесетін кітаптары талан-таражға салынады. Әйелі Вагонова Лидия Александрқызы консерваториялық оқытушылық қызметінен босатылады. Ол аздай-ақ саяси қылмыскердің әйелі болғандықтан үйінен, дүние-мүлкінен айырылып, қаңғыбастық күйге түседі. Жұмыссыз қалғаннан кейін Талдықорғанға бас сауғалап барғанымен, ағайындарынан жылы лебіз ести алмайды. Таныстары мен туыстары одан теріс айналады.Қазақстанда қалу мүмкіндігі болмағандықтан 1953 жылы Алматыдан Новосібір қаласына кетуге мәжбүр болады. Бірақ онда да осы жағдай алдынан шығады.

Ол Сүлейменовке жазған хаттарында Мәскеуге КОКП Орталық Комитетіне кінәсізекендігін білдіріп, арыз жазу жөнінде ақыл қосады. Тіпті Сүлейменовтің 1953 жылы 4-наурызда КОКП Орталық Комитетінің жанындағы Партиялық Бақылау комиссиясының басшысы М.Ф Шкирятове жазған хатынан кейінде, Лидия Алеквсандрқызы КОКП Орталық Комимтетіне хат жолдап, жұбайының жазықсыз отырғанын, оның құқықтары аяққа тапталып жатқанын жазады. Ақыры оған жарымен кездесуге тыйым салынады. Алматыда тұруға ешбір мүмкіндігі болмаған, қуғындалған әйел Новсібірде жүріп, қасіретке төзе алмай, сол 1953 жылы 18 қазанда пойыздың астына түсіп, апат болады.

Ал Б.Сүлейменовтың сағының сынбауы оның кішкентайынан жоқшылықпен жетімдікті көп көргендігінен еді. Билік басында Сталин тұрған кезінде репрессияланғандардыңкөпшілігі үшін сот процедуралары сақталынбайды, ал қамауға алыну, тергеуден өту жүйесі жабайылық сипатта жүріп, қуғындалушылардың басым көпшілігі ұрып-соғуға және азаптауларға ұшырайды.

Тергеу үстінде ең көп таралған айла –ұйқыдан айыру еді. Түрмеде жатқан адамды бірнеше күн бойы тергейді де, ал күндіз түрме басшылары оны ұйықтатпайтын. «Сөйтіп тәулік пен тәулік өткенше» деп жазды прпофессор Я.Ропопорт өзінің еңбектерінде. Ол да 1952 жылы Ленинград дәрігерлер ісі бойынша қамалған болатын. Кімде-кім ұйқысыздыққа төзіп, әлде де өзіне қарсы немесе басқаларға қарсы жала құжатқа қол қоймаса, оны аяусыз ұрып-соғуға ұшырататын еді.

Б.Сүлейменовте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы П.КПономоренкоға жазған хатында былай дейді:

«За то, что я отказывался ставить свою подпись по исхожению состовленными капитаном Соловьевым моими ответами на вопрос в протоколах допросов, он прибегал против меня к чуждому советскому государственному строю физическому воздействю, нытке, побоя и меня сна и отдыха, систематически задержали меня до 5 часов утра, до отчаяния до упадка сил и потерии сознания, искожел мой показания, под нажимой и угрозами вынуждал меня подписывать состряпонные им протоколы допроса, постоянно подтасовывал фольсифицировал факты».

Б.Сүлейменов бұл ауыр сынға төзіп, зорлық-зомбылықты да бастан кешіреді, аштықпен ұйқыға да шыдайды, бірақ тағылған жаланы мойындамайды. Соттың шығарған үкімінде: «Сүлейменов виновным себя не признал, однако, анализируя все материалы предварительного и судебного следствия, коллеги считает, что антисоветские буржуазия – националистические выступление Сулейменова имели место и чтение всего периода, то есть с 1941 года до 1952 года».

Сібірде жүргенде Бекең Партия басшылығына, Кеңес құқық қорғау органдарына өзінің күнәсіз екенін айтып, арыздарды бірінен соң бірін жазады. Атап айтсақ, сақталған бірнеше арыздары бар. Мысалы, 1953жылы 24-наурызда КОКП Партиялық бақылау комитетінің басшысы М.Ф.Шкриятовке, сол жылдың 16-шілдесінде КОКП-ның Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Хрущевке, 1954 жылдың 19-наурыз күні Қазақстан Компартииясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Пономоренкоға және Кеңестер Одағының бас прокуроры Руденкоға жазған хатында былай дейді: «В своих жалобах,приводя многочисленные примеры и факты, я высказывал, что исключительно субъективно, шаблонно тенденциазно подходили к решению вопроса о моей судьбе. Как о судьбе члена партии,советского человека,великое правокоторого не только законодательно закреплено, но и гарантировано в советской конститутции». Бұл хаттардың көпшілігі аяқсыз қалады. Б.Сүлейменовтің Е.Бекмахановтың мәселелерін тигізген адам—орыстың әйгілі ғалым тарихшысы, академик А.М.Понкратова. Өзінің зор беделін және КОКП Орталық Комитетінің мүшесі екендігін пайдаланып, қазақтың қуғынға ұшыраған тарихшыларын жете тани білетіндігін, олардың халыққа жау жау екендігіне сенбейтіндігін, істің қате жүргізілуі мүмкін екендігін ескртіп, қайта қаралуын өтініп, Партиялық бақылау орнына ашық та батыл пікірін түсіреді. Бұл ұсынысының аяқсыз қалмауын талап етеді.Сөйтіп жолдастарының және өзінің күресі нәтижесінде қылмысты істі қайта қарау үшін комиссия құрылады. Тексеру барысында ол жазықсыз деп табылып, мынадай түрмен босатылады: «Сүлейменов Бекекжан с 17июля 1952 года содержался в тюрьме и 3 мая1954 годаосвобажден за прекрашением дела в порядке ст.204 п «Б» УПК нач тюрмы КГБ при СМКССР майор Корольский, Б.Сүлейменов айдаудан оралған соң оның атақтары мен құқықтары қалпына келтіріледі, кітапханасын қайтарып алады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет