Іі-тарау. 22 «Б. Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы азаттық қозғалыс және аграрлық мәселенің ірі зерттеушісі». 22 Ііі-тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы 33


ІІІ-тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы



бет4/4
Дата31.12.2019
өлшемі205,5 Kb.
#54841
1   2   3   4

ІІІ-тарау. «Қазақ халқының мәдениеті тарихы

3.1. Б.Сүлейменовтің еңбектерінде».


Кеңестік кезеңде ұлттық аймақтардағы халықтардың мәдениеті негізінен тек «ұлы орыс» халқының мәдениетімен ұштастырылып қана зерттеліп, тарих ғылымында біржақтылық бағыт өріс балды. Б.Сүлейменов осындай біржақты кету мәселесінен сақтан отырып, бұл бағыттағы авторларды үнемі сынға алып отырды. Ол Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың дүниетанымының қалыптасуына Орта Азия ойшылдарының ықпалы елеулі болғанын атап көрсетеді.

Б.Сүлейменұлы Қазақстандағы қоғамдық ой және қазақ әдебиет тарихы шығыс халықтарының қоғамдық ой және әдебиет тарихынан оқшау бөліп қарауға келіспей , осы халықтардың рухани мәдениет тарихы тығыз байлыныста зерттелуі қажет деген пікірде болды. Қазақстандағы қоғамдық ой тарихы Жүсіп Баласағұн, Мұхаммед Хайдар Дулати және басқа да көрнекті ойшылдармен, олардың еңбектерімен белгілі болып, көп ғасырлық дамудан өткендігін, ХІХ ғасырда Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың шығуы кездейсоқ емес екендігін алға тарта білді.

50-жылдары қазақ әдеби тілі жөнінде болған пікірталастарда Б.Сүлейменов қазақ әдеби тілі және қазақ жазбасының қалыптасу және даму тарихы бойынша өз ұстанымын берік қорғай алды. Ол қазақ әдеби тілінің негізін қолдаушылар Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаев деп есептеді. 1951 жылы Алматыда Қазақстан тарихы және экономика мәселесі жөнінде өткен конференцияда М.Әуезовтің революцияға дейін қазақ әдеби тілі болмады, ал оның пайда болуы қазан революциясынан кейін ғана жүзеге асты деген пікірмен келіспей, Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаевтың шығармашылық жетістігін оған қарсы дәлел ретінде қолданды. Ол өзінің бұл пікірін 1959 жылы қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған конференцияда жақтап, қазақ әдеби тілі Абайдан да әріректен басталады деп пікірін толықтырған болатын.

Б.Сүлейменов қоғамдық ой тарихын зерттеу барысында Ш.Уалиханов жөнінде, башқұрт ғалымы Ә.Диваевтің, чуваш ағартушысы И.Яковлевтің қызметтері жайлы еңбектер жазды. Сонымен қатар Мәшкүр Жүсіптің тұлғасына, оның шығармасына теріс баға беруге қарсылық танытты. Оның әдебиет тарихында өзіндік алатын орны бар екендігін көрсете білді.

Б.Сүлейменов Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметін алғашқылардың бірі болып байыппен зерттеді, оның мұрасын жинастырды. Кең ауқымдағы түп деректерді қарастырып, ағартушының дүниетанымдық көзқарасы, әдеби, ғылыми мұрасы аясындағы, жалпы саны 30-ға жуық ғылыми, ғылыми көпшілік еңбектерін жазды. Ы.Алтынсариннің таңдамалы шығармалар жинағын қазақ (1955) және орыс тілінде (1957 ж) дайындады.

1975-78-жылдары ағартушының толық шығармалар жинағын шығаруға тікелей атсалысты. Б.Сүлейменов негізінен, Алтынсариннің қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасуы, оның өмірі және көп қырлы қызметіне байланысты ділгір мәселелерді қамтып зерттейді. Осы мақсатта деректік қор жинау үшін 1946 жылдың ішінде Бекежан Сүлейменұлы Мәскеу, Ленинград, Қазан және Алматы архивтерінде, сондай-ақ Қазан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында көп еңбек етеді. Іздену барысында ғалым Қазан оқу округінің, Қазан оқытушылар семинариясы, баспа ісі жөніндегі комитетінің, Бобровников, Ильминскийдің, Халық ағарту министрлігінің, Сенат, Синод, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Орал облыстарының, Түркістан және Орынбор оқу округтарының қорларынан тақырып бойынша 2000 парақтан артық зор архив деректерін табады. Ғалым жинаған мағлұматтарда Қазақстандағы халық ағарту ісіне байланысты, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты деректер, іс-қағаздары және еңбектері қамтыған.

«Ыбырай Алтынсарин және ХІХ ғасырдың екінші жар тысындағы алдыңғы қатарлы қоғамдық ой» атты 1950 жылы жарық көрген мақаласында Б.Сүлейменов революцияға дейінгі Ресейдің дворяндық және буржуазиялық тарихнамасы патшалық езгі астындағы халықтардың, соның ішінде қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой тарихын елемегенін атап өткен. Б.Сүлейменов Н.И.Ильминский мен Ы.Алтынсарин арасындағы қатынасты сипаттағанда, Н.И.Ильминскийді жоғары ой саналы шығыстанушы ғалым ретінде сипаттайды. Бұл негізінен сол кездегі кеңестік идеология ықпалының нәтижесі тұғын. Осылайша кеңестік дәуірде Н.И.Ильминский миссионерлік қызметі көрсетілместен, оның жағымды жақтары ғана дәріптелді.

Сонымен бірге Б.Сүлейменов Ы Алтынсарин қазақ жазбасының даму барысын көрегендікпен болжап, бірқатар шығармаларын орыс географиясының негізіндегі қазақ тілінде шығарып, осы әліпбиді ең алғаш бекіткен ағартушы еді деген мәлімдемелік сипаттағы тұжырым жасайды. Бүгінгі күні мұндай көзқарас зерттеуші М.Мырзахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Д.И.Дулатованың еңбектерінде сыни тұрғыдан қарастырылған.26 Дегенмен Б.Сүлейменовтің Алтынсарин мұраларын зерттеуде зор еңбек сіңіргені теріске шығарылмайды. Ғалымның Алтынсаринтану саласындағы зерттеулерінің деректік негізі терең және жасаған тұжырымдарының көпшілігі дұрыс екеніне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Ы.Алтынсариннің табылған қолжазбалары бес бөлікке топтастырылып жүйеленеді: Біріншісі: Қазақстандағы білім беру тарихына арналса, басқалары ауылдың әлеуметтік –экономикалық және саяси жағдайын көрсетеді. Әсіресе қазақтардың тұрмысын, әдет-ғұрпын, мәдениетін және қазақ мектептеріне орыс тілінің енуін бейнелейтін құжаттар кең берілген. Құжаттардың бір бөлігі Қазақстанның болашағына, қазақ, орыс және басқа халықтардың достығына нығаюына арналып қарастырылады. Кеңестік тарихнама ұзақ уақыт Ы.Алтынсаринді ағартушы-демократ ретінде танымай келген. Жоғарыда айтылғандай, Бекежан Сүлейменұлы архивтік деректер мен ағартушы замандастарының оған берген анықтамаларын зерттеудің нәтижесінде Ы.Алтынсариннің ағартушы-демократ дәрежесіндегі ғалым екендігін дәлелдеп берді.27



Қорытынды.


Б.Сүлейменов өз заманында терең білімділігі мен, ақыл-парасатымен, табандылығымен, еңбекқорлығымен Қазақстан тарихының ірі зерттеушісі, көрнекті ғалым болып қалыптасты. Өзінің ғылыми еңбектері арқылы туған халқының нағыз патриоты екендігін айғақтады. Әрине, ғалымның қаламынан шыққан ғылыми мұралардың бәрі бірдей өміршең еді, олар түгелмен тарихи қазіргі көзқарастар деңгейіне сай келеді деп тұжырымдаудан аулақтын. Заман ағымынан кеңестік жүйенің қысымынан кейбір тұстарда саясат пен санасып өз ойын толық айта алмады. Дегенмен, Б.Сүлейменов еңбектерінде жинақталған мол деректік материал, нақтылы тұжырымдар болашақ зерттеушілердің кәдесіне асары сөзсіз. Ғалымның күн сайын дамып, үнемі ілгерілеп отьырғандығын ескеріп Б.Сүлейменовтің ғылыми мұрасын да осы тұрғыдан, тарихилық, объективтілік ұстанымдарына сәйкес талдап, әділ баға беріп, дұрыс пайдалана білуіміз керек.

Б.Сүлейменовтің ғылыми қызметі еліміздің жастарына үлгі-өнеге. Сондықтан да, Б.Сүлейменовтің тарих ғылымына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Соның бір қыры—ғалымның жаңашылдығы. Оның шығармашылық қызметі көптеген жас ғалымдарға үлгі болды. Б.Сүлейменовтің жетекшілік етуімен 30-ға жуық ғылым докторлары мен кандидаттары шықты. Б.Сүлейменов рухы мықты азамат болды. Бала негізінен қаншама қиындықтарды көріп, өзін-өзі өрге сүйреп, тарих ғылымының шыңына шығарған ірі ғалым. Оның мінезі кейде таудан аққан асау өзеннің тасқынындай. Бірақ жанға майда, күзгі тоңғысыз сары шуақтары да аз емес-ті. Ғалым Бекежан Сүлейменұлы сынды ағалар аруағы алдында бас иіп, олардың ғылыми мұрасын сақтап, одан әрі дамытуымыз керек. Осы кісілердің еңбектері де, қоғамдық қызметі де, адамгершілік қасиеттері тәуелсіз еліміздің жастарына, әсіресе ғылым мен білімге ұмтылған жастарға сарқылмас бұлақ, өшпес өнеге.

Сондықтан да:

1)Б.Сүлейменовке арналған коференциялар ұйымдастырылып, өткізіп тұруды қолға алғанымыз абзал.

2)Бекежан Сүлейменовпен замандас тарихшылар, жазушылар естеліктері негізінде, ғалым туралы жинақ шығару қажет.

3)Тарихшылар дайындайтын жоғары оқу орындарында Б.Сүлейменов атындағы дәрісханалар ашуды ұйымдастырған дұрыс.



Сілтемелер тізімі:





  1. Мажитов С.Ф. Жизнь, деятелность и исторические взгляды Е.Б.Бекмаханова. Автореф. Алма-Ата 1992. 25стр. И.Б.Қашқынқызы Академик Р.Б.Сүлейменов: Қазақстан тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі. Авиореф Алматы 1999ж-30б.

  2. Ділмұхамедов Е. Б.Сүлейменов тарих ғылымдарының докторы. «Социалистік Қазақстан» 1964 ж. 18 июнь Маликов Ф, Б.Сүлейменов тарих ғылымының докторы. Лениншіл жас 1964 ж. 11 июль.

  3. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1977 10т-470б.

  4. Асылбеков М.Х. Тарихшы-ғалым, ұстаз Оңтүстік Қазақстан. 1982ж. 29 декабрь.

  5. Басин В, Қобыландин К. Дело всей жизни. Вечерняя Алма Ата 1982ж . 16 декабря.

  6. Библиография обществоведов Казахстана. Алма-Ата, 1986. с397-398.

  7. Тәженов Ә. 50-жылдардың басында қазақ тарихы қалай қыспаққа алынды? Қазақ тарихы, 1994ж. №1-45-52 б.

  8. Қозыбаев М. Время меняет взгляды. Мысль 1996. №2 с 65-67.

  9. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе историй. Алматы. Санат, 1996. 224 с.

  10. Тореханов Т. Қанмен жазылған тағдырлар. Алматы. 1999ж. 416 б.

  11. Қасымбаев Ж.К. Вопросы историографий и источниковедения Казахстана. Алма-Ата 1988. с 5-25.

  12. Ә.Ламашев. Ыбырай мұраларын зерттеу тарихынан. Қазақстан мұғалімі. 1991ж. 30 тамыз.

  13. Дулатова Д.И. Историография до революционного Казахстана. Алматы. 1984-272 с.

  14. Таштахметова Р.К. К проблеме изучения истории переселенческого движения в казахстанской историографии. Проблемы историй и источниковедения классовой борьбы в Казахстане (XVIII нач ХХ в). Алматы 1994. 14-23 б.,

15. Әсіп С. Қазақ қасіреті. Алматы 1994. 14-23 б.

    1. Мұхатова О. Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы.(1900-1929жж) Алматы 1998-199б.

    2. Есқалиев С, Асылбеков М.А «Б Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы». Қазақ тарихы журналы. 1999. №1. №2. 7-56 бет.

    3. Б.Сүлейменов, Басин В.Я. «Восстание 1916 года в Казахстане». Алма-Ата 1977. с 89-91.

    4. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстан. с 106.

    5. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане в последней ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1963 25 б.

    6. Сүлейменов Б. «Революционное движение В Казахстане в 1905-1907 годах» Алматы, 1977. 181 б.

    7. Сүлейменов Б, Басин В, «Восстание 1916 года В Казахстане» Алматы 1977. 115-92 б.

    8. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане последней ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1963. 370-371б.

    9. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане последней ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1963. 324 б.

    10. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане последней третий ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1963. с 24-40.

    11. Б.Сүлейменов және Алтынсаринтану мәселесі. Қазақстан жоғарғы мектебі. 1999. №5, 173-182 б.

    12. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Ы. Алтынсариннің тәлім-тәрбиелік мұралары. Алтынсариннің таңдамалы идеологиялық мұралары. Алматы 1991.



Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Б.Сүлейменов «Революционное движения в Казахстане в 1905-1905\7 годах» Алматы 1997.

2. Б.Сүлейменов, В.Басин «Восстание 1916 года в Казахстане» Алматы1977.

3. Сүлейменов Б. «Аграрный вопрос в Казахстане последней

третий ХІХ-начале ХХ века» Алматы 1966.

4. Б.Сүлейменов, В.Басин «Казахстан в составе Росии в

XVIII век начале ХХ в» Алматы 1981.

5.Ы.Алтынсарин Таңдамалы шығармалар. Алматы 1957.

1-2б.

6. Есқалиев Самат, Асылбеков Мәлік-Айдар



«Б.Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы» Алматы 2003.

7. Тореханов Т. «Қанмен жазылған тағдырлар» Алматы

1999.

8. Әсіп.С. «Қазақ қасіреті» Алматы 1994.



9. «Қазақ совет энциклопедиасы» Алматы 1977. 10 том.

10. Ж. Қасымбаев «Вопросы историографий и

источниковедения Казахстана» Алматы 1988.

11. Жарықбаев Қ, Қалиев С. «Ы.Алтынсариннің тәлім-

тәрбиелік мұралары» Алматы 1991.

12. И.Б.Қашқынқызы академик Р.БСүлейменов Қазақстан

тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми ұйымдастырушылық

қызметі. Автореферат Алматы 1999.

13. Библиография обществоведов Казахстана. Алма-Ата,

1986.


14. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе историй.

Алматы. Санат, 1996.

15. Дулатова Д.И. Историография до революционного

Казахстана. Алматы.

16. Таштахметова Р.К. К проблеме изучения истории

переселенческого движения в казахстанской историографии.

Проблемы историй и источниковедения классовой борьбы в

Казахстане (XVIII нач ХХ в). Алматы 1994.

17. Мұхатова О. Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы

онжылдықтарындағы аграрлық реформалар

тарихнамасы.(1900-1929жж) Алматы 1998.
Пайдаланған мерзімді басылымдар тізімі:

18.Асылбеков М.А. «Тарихшы—ғалым. ұстаз» Оңтүстік Қазақстан. 1982, 29 декабрь.

19. Есқалиев Самат, Асылбеков Мәлік-Айдар

«Б. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы» Қазақ тарихы журналы. 1999. №1, №2.

20. «Б.Сүлейменов және Алтынсаринтану мәселесі» Қазақстан жоғары мектебі 1999. №5.

21. «Б.Сүлейменов және оның ғылыми мұрасы». Саясат журналы. 1998. №12.

22. М.Қозыбаев «Время меняет взгляды» Мысль 1996. №2.

23. Ә.Ламашев «Ы.Алтынсарин мұраларын зерттеу тарихынан» Қазақстан мұғалімі. 1991. 30 тамыз.

24. Ділмұхамедов Е. Б.Сүлейменов тарих ғылымдарының

докторы. «Социалистік Қазақстан» 1964 ж. 18 июнь

25. Маликов Ф, Б.Сүлейменов тарих ғылымының докторы.

Лениншіл жас 1964 ж. 11 июль.

26. Басин В, Қобыландин К. Дело всей жизни. Вечерняя Алма

Ата, 1982 . 16 декабря.

27. Тәженов Ә. «50-жылдардың басында қазақ тарихы қалай

қыспаққа алынды?» Қазақ тарихы, 1994ж. №1.



Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................3-13 бет.

І-тарау. Б.Сүлейменовтің өмірі, ғылыми ұйымдастырушылық,

педагогикалық және қоғамдық қызметі............................14-23 бет

ІІ-тарау. Б.Сүлейменов – ХХ ғасырдың басындағы

Қазақстандағы азаттық қозғалыс пен аграрлық мәселенің ірі

зерттеушісі............................................................................24-34 бет.

ІІІ-тарау. Қазақ халқының мәдениет тарихы туралы

Б.Сүлейменовтің еңбектерінде...........................................35-38 бет.

Қорытынды...........................................................................39-40 бет.

Сілтемелер тізімі..................................................................41-34 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі...............44-46 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шымкент Университеті

Тарих және география кафедрасы

.
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ



Тақырыбы: «Б.Сүлейменов тарихшы ғалым

және оның ғылыми мұралары»

Орындаған: Нурсейтова Ж.

Тобы: 14-12

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к Тілеуқұлов Г.



Шымкент 2006 ж.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет