ІІ тоқсан БЖБ № 3. «Француз буржуазиялық революциясының көрінісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сынып: 7 « » Өткізілу күні:
Тaқырып
1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды?
Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды?
Наполеон империясы қалай құрылды және оның құлдырау себептері неде болды?
Оқу мaқсaты
8.1.2.1 экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;
8.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;
Бағалау критерий
Білім алушы
Экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтайды
Өнер туындыларын қолдану арқылы тарихи оқиғаны интерпретациялайды
Ойлaу дaғдылaрының деңгейі
Қолдану
Орындaу уaқыты
Минут
1 – тапсырма.
Адам және азамат құқықтарының Декларациясына қатысты берілген кестені толтырыңыз.
“Адам және азамат құқықтарының Декларациясы”
Құжат қашан қабылданды?
Қай жерде қабылданды?
Құжаттың тарихи маңызы қандай?
Халықтың қай бөлігінің мүддесін қорғады?
Құжатты жүзеге асырудағы нәтижесі неге алып келді?
Жиыны: 4 балл 2- тапсырма.Термин сөздерге мысалдар келтіре отырып, анықтама беріңіз. 1.Сословие - ........................................................................................................................
2.Мануфактура - ...................................................................................................................
3.Монтаньярлар - ........................................................................................................................
4.Якобиншілер - .......................................................................................................................
Жиыны: 4 балл 3- тапсырма. Төменде берілген мәліметтердің жалған немесе ақиқат екендігін анықтаңыз.
№
Ақпараттар
Жалған
Ақиқат
1
Классицизм – ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырда мифологиялық сюжет пен антикалық тақырыпты басты ұстаным тұтқан әдеби ағым.
2
Францияның өнердегі, сәулет және мүсін өнеріндегі негізгі бағыты неоклассицизм болды.
3
Алғаш рет Францияда ХІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым, импрессионизм өкілдері өмірді әсерлі бейнелеуге ұмтылды.