Іі тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты



Дата02.03.2020
өлшемі150,85 Kb.
#59376
Байланысты:
4-сынып дүниетану 2- тоқсан

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 4-сыныпта «Дүниетану» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Дүниетану» пәнінен үлгілік

оқу бағдарламасы

3. ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны - 18

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық

жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.

Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын

таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер

түрінде жауап береді.

Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім

алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.

Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін

5 тапсырмадан тұрады.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы




Ортақ

тақырып










Бөлімше

Оқу мақсаты




Тапсырманың

сипаттамасы




Тапсырма саны

Жалпы балл




1

Мәдени мұра


3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары


4.3.2.1 Түрлі дереккөздер негізінде қазақ халқының шығу тарихын түсіндіру

4.3.2.2 Сақтар, ғұндар, түркілер және азақтар арасындағы байланысты графикалық түрде бейнелеу



Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды



1

5

3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері


4.3.4.1 Өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау


Білім алушы жабық түрдегі сәйкестендіру тапсырмасын орындайды



1

5

2

Мамандықтар әлемі


1.6 Мерекелер


4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру


Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.



1

2

2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері


4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру


Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.


1

4

1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік


4.1.4.2 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін азайту және алдын алу әдістерін ұсыну


Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.


1

2

Барлығы

5

18


4 /
«Дүниетану» пәнінен II-тоқсанға арналған жиынтық

бағалаудың тапсырмалары

Уақыты: 40 минут
1-тапсырма

Түрлі дереккөздерден сақ, ғұн, түркі тайпалары туралы деректер жинастырып, кестеге түсір.

.

Тайпа атауы

Өмір сүрген кезеңі

Өмір салты

Сақтар







Ғұндар







Түркілер








2-тапсырма

Еліміздің табиғи байлығын зерттеуге зор еңбек сіңірген ғалым кім?

Күн жүйесіндегі Марс пен Юпитер орбиталары аралығындағы шағын ғаламшарға кімнің есімі берілді?

Қазақстанда ғылым академиясы қай жылы ашылды?



3-тапсырма

Cуретке қара. Берілген сұрақтарға жауап бер






а) Елімізде бұл мереке қай күні атап өтіледі?________________________________
b) Ол қандай мереке түрі болып саналады?__________________________________

4-тапсырма

Адам баласының материалдық және рухани дүниелерді қалыптастыру жолындағы іс- әрекетінен туындайтын құндылықтарды жаз.




Материалдық мәдениет

Рухани мәдениет







5-тапсырма

Спортпен айналысқанда жарақат алудың түрлерін жаз.

b) Спортпен шұғылдану кезінде жарақаттану қаупінің алдын алу үшін не істеу керек?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балл қою кестесі



Жауап



Балл

Қосымша ақпарат

1


Тайпа атауы

Өмір сүрген кезеңі

Өмір салты

Сақтар

Бзб ІІІ-Х ғ

Мал шаруашылық, егіншілік, қол өнер

Ғұндар

Бз І-V ғ

Мал шаруашылық, егіншілік, қол өнер

Түркілер

Бз VІ-ХІІ ғ

Мал шаруашылық, егіншілік, қол өнер


3

Дұрыс көрсетілген әрбір әрекетке 1 балл қойылады

2

Қаныш Сәтбаев



1

.


Сәтбаев есімі берілді

1

.


1946 ж

1

3

15-қарашада/1993 жылдың 15 қарашасынан бастап тойланып келеді



1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады

4

Материалдық мәдениет: еңбек құралдары, баспана, киім, сәндік бұйымдар т.б



1
Рухани мәдениет: әдебиет, өнер (музыка, сәулет өнері, театр,кино т.б

1

5

Ауыртып алу



1
Буынның шығып кетуі

1

.


Сүйектің сынуы

1

Терінің жырылуы



1

Сіңірдің созылуы



1

Әр дұрыс жауапқа

1 балл қойылады

Жаттықтырушының нұсқаулығын тыңдау керек/Ыңғайлы киім кию керек/ Бұлшық еттерді созу үшін алдын ала



жаттығулар жасау қажет/Қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн/Қалтадағы үшкір және басқа заттарды алып қою керек/
4

Барлығы

18

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет