II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
II тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін оқу мақсаты
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны*
|
Тапсырма №*
|
Тапсырма түрі*
|
Орындауға берілетін уақыт*
|
Балл*
|
Бөлім бойынша жалпы балл
|
XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
|
7.2.1.1 Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
|
Қолдану
|
1
|
1
|
ҚЖ
|
6
|
6
|
6
|
Отарлау және ұлт-азаттық күрес
|
7.3.1.4 Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру
|
Білу және түсіну
|
1
|
2
|
ҚЖ
|
10
|
6
|
19
|
3
|
3-5
|
ҚЖ
|
9
|
5
|
7.3.1.6 Ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
6
|
ТЖ
|
6
|
2
|
7.3.1.5 Халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
|
Қолдану
|
1
|
7
|
ТЖ
|
9
|
6
|
Барлығы
|
|
|
7
|
-
|
-
|
40
|
25
|
25
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
«Қазақстан тарихы» пәнінен II тоқсанға арналған жиынтық бағалау
тапсырмалары
1. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлеріне сипаттама беріңіз.
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрлері
|
Сипаттамасы
|
Қонақасы
|
|
Асар
|
|
Үлкенге құрмет, кішіге-ізет
|
|
Ерулік
|
|
Құйрық-бауыр асату
|
|
Бата беру
|
|
[6]
2. Жарғы ережелеріне сәйкес әкімшілік буындарды жіктеп жазыңыз.
1822 жылғы "Сібір қырғыздарының жарғысы"
|
1824 жылғы "Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғысы"
|
|
|
[6]
3. 1822 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.
Хан, аға сұлтан, болыс, старшын, округ
Жауап ______________, себебі______________________________________________________
[1]
4. 1824 ж реформаға қатысты емес ұғымды табыңыз.
Дистанция, бөлік, Эссен, старшын, ата-аймақ
Жауап_____________, себебі_______________________________________________________
[1]
5. Округтік приказдардың міндеттерін кестеге толтырыңыз.
Саяси салада
|
Экономикалық
|
Әлеуметтік
|
|
|
|
[3]
6. Төмендегі дереккөздерге сүйеніп, Кенесары Қасымұлының қызметіне баға беріңіз.
Қазақ ханы ретіндегі қызметі________________________________________________ [1]
Көтеріліс жетекшісі ретіндегі қызметі _________________________________________ [1]
А дереккөзі
«Ол барлық жағынан ерекше адам болды. Өзінің қолдаушылардан әлдеқайда жоғары тұрған ол жеке бас даулары мен рулық қатынастардың шиеленісуін әрқашан әділ шешіп беріп отырды. ...Кенесарыдай шын мәнінде бүкіл қазақ ұлтының батыры болған басқа ешкімді де айта алмаймыз»
Коншин Н.
В дереккөзі
«... Кенесары бүкiл ауыл-аймағымен Iле өзенiн бойлап, Қытайдың iшкi жағына қарай беттедi. Үйгентас деген жерге жеткенде сұлтан Құдаймендi Саржановты, би Шоқмар Бақтыбаевты және Сойдақожаны тоғыз тұлпар сыйлықпен Қытай үкiметiне жiберiп, оның жерiнде көшiп-қонып жүруге рұқсат сұрады. Кенесарының жiберген елшiлерi бiр айдан кейiн екi Қытай шенеунiгiмен және бiр тiлмашпен бiрге қайтып келдi. Олар Қытай жағының Кенесарыны қамқорлығына ала алмайтынын айтты. Қытай үкiметi ақ патшаның алдында сөзiмен де, iсiмен де кiнәлi болғысы келмейтiнiн мәлiмдедi... Мұны естiгеннен кейiн Кенесары Iле өзенiн бойлап кейiн қарай көштi...»
Ресей Федерациясының Омбы облыстық мемлекеттiк мұрағаты. 1846 жылғы 30 қазандағы құжат.
7. Патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы болған көтерілістердің ортақ себептері мен салдарын жазыңыз.
Ортақ себептері
|
Ортақ салдары
|
1.
|
1.
|
2.
|
2.
|
3.
|
3.
|
[6]
Достарыңызбен бөлісу: |