Кесте 6. Кейбір реактивтердің екінші аналитикалық топ катиондарына әсері
Реактивтер
|
Ag+
|
Pb2+
|
[Hg2]2+
|
НСl
|
AgСl ақ тұнба, NH4 OH, Na2S2O3, KCN ериді.
|
РbСl2 ақ тұнба, ыс тық суда ериді
|
Hg2Сl2 ақ тұнба, NH4 OH қараяды
|
NaOH, KOH
|
Ag2О қара-қоңыр тұнба, аммиак ері-тіндісінде ериді
|
Pb(OH)2 ақ тұнба, сілтінің артық мөл-шерінде ериді
|
Hg2О қара тұнба
|
NH4OH
|
Ag2О қара-қоңыр тұнба, аммиактың
артық мөлшерінде
ериді ([Ag(NH3)2]+).
|
Pb(OH)2 ақ тұнба, сілтінің артық мөл-шерінде ериді
|
[HgNH2]Cl+Hg↓ қара тұнба
|
Н2SO4
|
(концентрленген ерітінділерінен) Ag2SО4 ақ тұнба
|
PbSО4 ақ тұнба,
сілтілерде, 30% ам-моний ацетатында, НСІ (конц.), сілті-лерде ериді
|
(концентрленген ерітінділерінен) Hg2SО4
|
K2CrO4; K2Cr2O7 + СН3СООН
|
Ag2CrО4; Ag2Cr2О7 қызыл-кірпіш түсті тұнба, НNO3,
NH4 O H ериді
|
РbСrО4 сары тұнба, сілтілерде ериді, СНз СООН ерімейді
|
Hg2CrО4 қызыл тұн-ба, НNO3 ериді
|
KJ
|
AgJ сарғыш тұнба, Na2S2О3 және
KCN ериді
|
РbJ2 сары тұнба, ыс-тық суда, сірке
қышқылында, KJ ар-тық мөлшерінде ери-ді.
|
Hg2J2 сары-жасыл тұнба,
Hg + HgJ2 ыдырайды
|
KBr
|
AgBr бозғылт-сары тұнба
|
РbВr2 сары тұнба
|
|
Na2HPO4
|
Ag3PO4 сары тұнба, NH4OH ериді
|
Pb3(PO4)2 ақ тұба, НNO3, сілтіде ериді
|
Hg2HPO4 ақ тұнба, НNO3 ериді
|
Н2S, Na2S, (NН4)2S, Na2S2О3
|
Ag2S қара тұнба, НNO3 ериді
|
PbS қара тұнба, НNO3 ериді
|
Hg2S қара тұнба, HgS және Hg ыды-райды
|
Na2СO3, К2СO3
|
Ag2CО3 сары тұнба, NH4OH ериді
|
Pb2(OН)2CО3 ақ тұнба, сілтіде ериді
|
Hg2CО3 сары тұнба, HgО + Hg + СО2↑ ыдырайды
|
Тотықсыз-дандырғыш-тар
|
Ag0 қара тұнба
|
Pb0 қара тұнба
|
Hg0 қара тұнба
|
Тотықтыр-ғыштар
|
–
|
Pb4+
|
Hg2+
|
Екінші аналитикалық топ катиондарының қоспасының анализі
Анализді бастамас бұрын ерітіндінің түсіне, тұнбаның бар-жоқтығына, бар болса тұнбаның түсіне назар аудару керек. Сонымен қатар универсал индии-катор қағазының көмегімен ерітіндінің ортасын (рН) байқау қажет.
Зерттелетін ерітіндіні жақсылап араластырып екіге бөледі. Бірінші бөлігі-нен ІІ аналитикалық топ катиондарын анықтайды, ал екінші бөлігін анализді қажет болған жағдайда қайталау үшін қалдырады.
Жүйелі анализ:
Сынауыққа 8-10 тамшы зерттелетін ерітіндіні құйып, оған 2 н тұз қыш-қылы ерітіндісін ІІ аналитикалық топ катиондары толық тұнбаға түскенше қосады. Ерітіндіден Ag+, Pb2+, [Hg2]2+ иондары толық тұнбаға түскенін тек-серу үшін тұнбасы бар ерітіндінің беткі мөлдір сұйық қабатына 1-2 тамшы НСІ ерітіндісін тамызады. Ерітінді лайланбаса катиондардың тұнбаға толық түскені, ал лайланатын болса, онда тағы да тұнба толық түскенше НСl қосады. Артық қосуға болмайды, күміс пен қорғасын иондарының НСІ-ғы ерігіштігін ұмытпаған жөн.
1-2 минуттан кейін тұнбаны центрифугаттап, тұнбаны құрамында 20% НСl ерітіндісі бар салқын сумен жуады, центрифугаттың қажеті жоқ. Ерітіндіде ерігіштігі жоғары болғандықтан аз мөлшерде РbСl2 қалады. Тұнбаны 2-3 рет ыстық су қосып, су моншасында қыздырады, оны центрифугаттағанда қор-ғасын ионы бар болса, ол ерітіндіге өтеді де, ал AgCl, Hg2Cl2 тұнбада қалады. Центрифугаттан Pb2+ катионын анықтайды, ал тұнбадан Ag+ және [Hg2]2+ катиондарын анықтау керек.
Pb2+ катионын анықтау:
Центрифугатты екіге бөліп, бір бөлігіне сондай мөлшерде калий йодидін қосса қорғасын йодидінің PbJ2↓ сары түсті тұнбасы түзіледі. PbJ2↓ тұнбасына сірке қышқылын және су қосып қыздырса ыдырайды, ал қайтадан салқын-датса жылтыр сары кристалл түзіледі.
Центрифугаттың бір бөлігіне К2Cr2O7 калийдің дихроматымен СН2CОONa натрий ацетаты қатысында әсер етсе қорғасын ионы бар болса, сары қор-ғасын хроматының PbCrO4↓ тұнбасы түзіледі
2. [Hg2]2+ катионын анықтау:
Pb2+ иондарын бөліп алғаннан кейінгі қалған тұнбаға 5-7 тамшы кон-центрлі аммиак ерітіндісін қосып араластырады. [Hg2]2+ катионы болса, тұнба қараяды. Центрифугаттың көмегімен тұнбаны бөліп алу керек, оған ары қарай анализ жасалмайды. AgCl аммиак ерітіндісінің әсерінен комплексті тұзға айналып күміс ионы [Ag(NH3)2]Cl түрінде ерітіндіге өтеді.
3. Ag+ катионын анықтау:
Центрифугатты 2-ге бөліп, біріншісіне KJ ерітіндісін, ал екіншісіне HNО3 қосады. Ag+ катионының қатысында бірінші сынауықта AgJ↓ сары тұнбасы, ал екіншісінде AgCl↓ ақ тұнбасы түзіледі. Екі жағдайда да комплекстер бұзы-лады:
[Ag(NH3)2]Cl ↔ [Ag(NH3)2]+ + Сl-
[Ag(NH3)2]+↔2NH3 + Ag+
2NH3 + Ag+ + 2H+ + Сl-→ AgCl↓ + 2NH4+
[Ag(NH3)2]Cl + 2HNО3→ AgCl↓ + 2NH4NО3
Бөлшекті анализ:
Ag+, [Hg2]2+ катиондарын тотығу-тотықсыздану реакциялары арқылы анықтайды. Ол үшін мыс пластинкасының беткі қабатында түзілген (СuOH)2CO3 тұзын кетіру мақсатында алдымен эфирмен сүртіп майсыздан-дырады, содан кейін аммиак ерітіндісімен жақсылап сүртеді және құрғатады. Осылай тазартылған мыс пластинкасының бетіне 1 тамшы зерттелетін ері-тіндіні тамызады. Дақты сүзгі қағазымен үйкелеп сүрткенде пайда болған айнадай жұқа қабат қыздырғанда жойылса - онда [Hg2]2+ ионнының бар болғаны, ал қара немесе қара-сұр қабат қыздырғанда өзгеріссіз қалса – онда Ag+ ионының бар екенін көрсетеді.
Сынап [Hg2]2+ ионын концентрлі аммиак ерітіндісімен де анықтауға бола-ды. Ол үшін 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1-2 тамшы аммиак ерітіндісін қосқанда қара түсті тұнбаның түзілуі зерттелетін ерітіндіде сынап (І) катио-нының бар екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |