Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Бірінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары және олардың қоспасының анализі



бет4/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó

2.2 Бірінші аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары және олардың қоспасының анализі

Бірінші аналитикалық топтың катиондарына Li+, К+, Na+ және NH4+ жатады. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің бірінші топтың негізгі топшасындағы литий, калий және натрийға металдық қасиет тән. Бұлардың иондарының электрон қауыздары толық орналасқан. Бұл s1 – элементтері күшті тотықсыздандырғыштар, бір электрон оңай беріп, заряды 1+ тең катиондар түзеді. Негізінен Li+, К+, Na+ - дің тұздары және олардың гид-роксидтері суда жақсы ериді. Li+, К+ мен Na+ гидроксидтері күшті сілтілер, судағы ерітінділері толығымен иондалады. Әлсіз қышқылдардан түзілген Li+, К+ және Na+ тұздары гидролизге ұшырайды, олардың ерітінділерінің рН > 7 болады. Ал күшті қышқылдардан түзілген тұздары гидролизге ұшырамайды, олардың ерітінділері бейтарап орта көрсетеді.


Радиусының мөлшері және көптеген химиялық қасиеттері бойынша 1s1 - элементтерге аммоний ионы ұқсас болып келеді.
Аммиактың судағы ерітіндісі NH4OH (аммоний гидроксиді) - әлсіз негіз. Күшті қышқылдардан түзілген тұздары гидролизге түседі және олардың ері-тінділерінің рН < 7 болады. К+ мен Na+ тұздарынан NH4+ тұздарының айырмасы – аммиак тұздары қыздырған кезде ыдырайды, сондықтан осы қасиетін NH4+ катионын анықтау үшін қолданады. Негізінен бірінші ана-литикалық топ катиондарының тұздары суда жақсы ериді. І-аналитикалық топ катиондарының тұздары түссіз болып келді. Барлық катиондарды бірдей тұнбаға түсіретін топтық реагенті жоқ.
I аналитнкалық топ катиондарының тұздары көбіне түссіз болып келеді, сондықтан химиялық реакцияларды орындағанда реакция жағдайына (темпе-ратура, концентрация, ортаның рН, қосылыстың ерігіштігі және т.б.) көп көңіл бөлу қажет.
Li+ катионының сапалық реакциялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет