Ііі ағымдық бойынша бақылау сұрақтары



Дата07.02.2022
өлшемі50,71 Kb.
#92787
Байланысты:
3 АТТЕСТАЦИЯ


«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ» БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІ
«Бекітемін»
«Жалпы пәндер»
бірлестігінің жетекшісі
___________Темирханова С.Т
«____»___________2019ж

Мамандығы: 0511000 «Туризм»


Курс: 1 Топ: «Т-181»
Пәннің аты:_Физика


ІІІ ағымдық бойынша бақылау сұрақтары

  1. Күміс изотобында протондар саны:

  2. Гамма – сәуле шығару дегеніміз не?

  3. Изобаралық ядро дегеніміз не?

  4. Радиодиапазонда жұмыс істейтін кванттық генератор ........................ деп аталады?

  5. Атом ядросындағы оң бөлшек?

  6. Атомның планетарлық моделін ұсынған ғалым?

  7. Бордың екінші постулатын көрсетіңіз.

  8. Берілген ядролық реакциядағы жетіспей тұрған бөлшек

  9. реакциясында жетіспей тұрған бөлшек:

  10. Атомдық ядросында 5 протон мен 6 нейтроны бар нейтрал атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар.

  11. Фотоэффектіге арналған Эйнштейн теңдеуі

  12. Альфа-сәуле шығару дегеніміз не?

  13. Менделеевтің периодтық кестесінде екінші тұрған элемент қалай аталады?

  14. Атом құрамындағы нейтрон санын анықтауға болатын формула

  15. Радиоактивтілік құбылысы қай жылы ашылды?

  16. Бета – ыдырау формуласы

  17. Кванттық генератор дегеніміз не?

  18. Фотоэффект құбылысын алғаш байқаған ғалым

  19. Фотоэффектінің күміс үшін қызыл шекарасына сәйкес толқын ұзындығы 0,29 мкм. Электрондардың күмістен шығу жұмысы (h =6,62·10-34 Дж·с, с = 3·108 м/с)

  20. Электрондардың белгілі металлдан шығу жұмысы А= 2,06 эВ. Фотоэффект бақылану үшін минимал қажетті толқын жиілігі (һ = 6,63·10-34 Дж·с, с = 3·108 м/с; 1эВ=1,6∙10-19Дж)

  21. Уранның изотобында нейтрондар саны:

  22. β – сәуле шығару дегеніміз не?

  23. Изотоптар дегеніміз не?

  24. Оптикалық кванттық генератор ........................ деп аталады?

  25. Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

  26. Атомның алғашқы моделін ұсынған ғалым?

  27. Бордың бірінші постулатын көрсетіңіз.

  28. һ = 6,63·10-34 Дж·с тұрақтысы

  29. реакцияның екінші өнімі:

  30. Атомдық ядросында 10 протон мен 12 нейтроны бар нейтрал атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар.

  31. Ядроның байланыс энергиясының формуласы

  32. Фотоэффект дегеніміз не?

  33. Жарық жылдамдығы неге тең:

  34. Массалық санды анықтауға болатын формула

  35. Радиоактивтілік құбылысын ашқан ғалым?

  36. Альфа – ыдырау формуласы

  37. Электронның металл бетінен шығу жұмысының белгіленуі

  38. Фотоэффект құбылысын алғаш байқаған ғалым

  39. α-ыдырау дұрыс көрсетілген қатар

  40. Фотонның энергиясы Е = 2,7 эВ-қа тең толқынның ұзындығы (һ = 6,63·10-34 Дж·с, с = 3·108 м/с; 1эВ=1,6∙10-19Дж)



Жалпы пән оқытушысы: Ондасын Г.Б

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет