127
оқушыларға қиындық келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік
диктант ұзақ болмайды, 5 – 10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі.
Мұғалім жеке сөздерді айтады, балалар жазады, жазғандарын сөздіктен қарап түзетеді,
үнсіз диктант ұйымдастырылады. Онда мұғалім қажетті суреттер көрсетеді (аю, сиыр,
жылқы, қоян, қозы, трактор, комбайн, т.б.), ал балалар бірден жазады немесе керекті
әрпі бар карточканы көрсетіп, сонан соң жазады. Сөздік диктант 10 – 15 сөзден
аспауға тиіс.
4. Шығармашылық диктант. Мұғалім тақтаға қажетті сөздерді жазады. Кейде
сурет немесе бір серия картина беріледі: балалар бір тақырыпқа сөйлемдер құрайды.
Шамамен қолданылатын ережелер беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі
сөздердің дұрыс тұлғада тұрған-тұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді.
Жұмыстың бұл түрін таза диктант деуге болмайды, сөйлемді балалардың өздері
құрастыратын болғандықтан мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады.
Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін де өте қолайлы, өйткені
оқушылар мәтін құрауға белсенді қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады.
5.
Ерікті диктант. Бұл мазмұндама деп те аталады. Бірақ мазмұндамадан сәл
оңайлау. Диктант деу себебі – мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал ерікті дейтініміз –
балалар әдеттегі диктанттай, мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбе –сөз емес,
естерінде қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ержелер еске
түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 5 – 6 жолын оқиды. Әрбір
оқылған үзінді оқушылар жаттап алатындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар
оқылған үзіндінің естерінде қалғанын ғана жазады. Диктанттың бұл түрі де тіл дамыту
жұмысымен ұштасады.
Осы көрсетілген жұмыстардың барлығы орфографиялық дағдыны автоматтандыру
мақсатын көздейді.
6.
Бақылау немесе тексеру диктанты. Бұл балалардың алған білімдері мен
қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы өзі білетін
ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім қандай да болмасын бір
орфографиялық ережені оқушылардың қалай меңгергендері жөнінде мәлімет алады.
Қандай ереже қайталану керек, кімге қандай көмек керек – соны анықтайды. Егер
диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бойынша нашар болса, қайталау диктанты
жүргізіледі. Мұндай жағдайда сол мәтіндің өзі қайтадан алынады немесе соған ұқсас
мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады [2,8].
Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан-жақты ескерілуге
және бұрын өтілгендерді үздіксіз қайталау есте болуға тиіс.
Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:
1.
Әріп теріп оқыту.
2.
Буынға бөліп оқыту.
3.
Сөзді оқыту.
4.
Дыбысты талдай оқыту.
5.
Дыбыстық жинақтау
6.
Талдау-жинақтау әдістері.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісінің негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинский. Бұл әдіс – сауат ашу жұмысының негізгі мақсатын көздей жасалған.
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған жағдайлар-
педагогика, психология ғылымдарының, тіл ғылымының жетістіктері мен уақыт
талабы [7].
Достарыңызбен бөлісу: