Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет176/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1.Ш.К. Бектұров «Қазақ тілі: лексика,фонетика, морфология, синтаксис» Алматы «Атамұра» 
2006 . 
2.Қ. Жұбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» Алматы-2010 
3.Қ.Даупаев «Тіл мәдениеті және стилистика» « Фолиант» баспасы ,Астана-2012. 
4.К. Аханов « Тіл білімінің негіздері» Алматы, «Санат» 1993. 
Ғылыми жетекшінің аты-жөні:
гум.ғыл.магистрі Туржанова Г.Н. 
 


191 
 
БЕРНИЯЗ БЕН АБАЙ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
Оразова А. Б. 
Ақтөбе гуманитарлық колледжі 
 
Аннотация: 
Қазақ өлеңінің аспанында сол Өмірзая жұлдызындай ерекше жарқырап, ерте 
сөнген ақын бар. Ол біздің жерлесіміз – Бернияз Күлеев. Азаматтық тарихымызда рухани 
мәдениетіміздің тарихында өрісін таппай келген мәселелердің бірі - ақтаңдақтар мәселесі. 
Бұл әсіресе қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың басындағы тарихына қатысты мәселелерде 
көрінді. Әдебиет тарихының осы кезеңдегі тұлғаларына әртүрлі дәрежедегі саяси 
айыптаулар тағылды. Бұл жерде байшыл - ұлтшыл деп атаған ақын - жазушылар жөнінде 
айтпаса да болады. Өздері қазақ әдебиеті тарихына кіргізіп, шығармаларын қарастырып 
отырған ағартушы - демократ ақын - жазушылардың көпшілігі дерлік осындай әртүрлі 
дәрежедегі саяси кінәлаулардан құр қалған жоқ. Міне, осындай саяси кінәлаулардың 
негізгі нысаналарының біріне айналған ақын - жазушылардың бірі – Бернияз Күлеев. 
Бернияз Күлеев поэзиясының көркемдік қуатын қазақ әдебиетінде алатын орнын, 
поэзиясын өзге ақынмен салыстыру, талдау, жинақтау. 
Аймен бірге туып, өзге жұлдыздар шыққан кезде сөнетін жарық жұлдыз бар. Қазақ 
оны Өмірзая дейді. Қазақ өлеңінің аспанында сол Өмірзая жұлдызындай ерекше 
жарқырап, ерте сөнген ақын бар. Ол біздің жерлесіміз – Бернияз Күлеев. 
Бернияздың Абаймен үндестігі жайында сөз қозғамас бұрын Бернияздың осы 
ақындардың еңбектерін Қазан қаласынан бастырып шығарудағы істеріне тоқталып өтеміз. 
Бернияз Күлеев - Абайдың мұрасына үлкен мән беріп, оның жарыққа шығып, халық 
игілігіне айналуына өз үлесін қосқан бірден - бір адам. Ол 1922 жылы Қазан баспасынан 
шыққан Абай өлеңдері жинағына сөз басын жазып, онда ақын өлеңдерін бастырудағы 
қиыншылықтар, баспа бетіндегі жөнсіздіктер туралы айтып және көптеген сөздердің 
түсініксіз болып Ахмет Байтұрсынов пен Мұхтар Әуезов көмегінің болғанын да 
ескертеді. Күлеев әлі де болса дұрыс жиналмай жатқан ақын мұрасы туралы айта келіп 
былай дейді: « ... өлеңдері қолдарында барлардан өтінем: Абайдың бастырылмаған 
өлеңдерін, қара сөздерін, Абай туралы жазылған сөздерді, оның өмірі, өлеңдерін, қара 
сөздеріне сын һәм басқа осындай жазылғандар болса, Орынбордағы қазақ оқу 
комиссариаты арқылы маған жіберсеңіздер екен. Мына басылған өлеңдерінің кеткен 
қателері болса, анықталмаған һәм дүдәмал сөздерінің дұрысын білетін адамдар хат 
арқылы, ауызба - ауыз маған білдірсе екен. Абай өлеңдерін жазып жіберу, қате 
басылғандарын түзету қолынан келетін, қазақ әдебиетінің көркеюіне тілектес 
азаматтардың бұл іс мойындағы бір үлкен борышы деп білемін». Бернияздың осындай 
ұлы халық мұрасына, халық игілігіне айналдырудағы атқарған істері бір төбе, ал оның 
шығармашылығымен танысқандығы Абай әсерін айту өз алдына бөлек дүние. Бернияздың 
өзіне дейінгі үлгі тұтып, өнеге алар әдеби бұлақтарының бірі - Абай мұрасы. Ол өзіне 
дейінгі осындай мұраны арқау ете отырып, жаңа дүниелерін өмірге әкелген талантты 
ақын. Оның бір баллада, поэмалары, екі жүзден астам өлең - толғаулары бар. Бернияз бен 
Абайдың арасындағы дәстүр жалғастығына, үндестігіне көз жеткізу үшін олардың 
өлеңдеріне тоқталамыз. Бернияз өлеңдерінде Абайдың сөз қолданыстары кей жерлерде 
сол қалпында, кей жерлерде өзгеріліп беріліп отырады. Мысалы, Абайдың «Жасымда 
ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі мен Бернияздың «Зарлық» атты өлеңі. Бұл 
өлеңдердің идеялық жағынан да бір - бірімен ұқсастығы бар. Абай: 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ер жеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. [1.18] 


192 
Берниязда: 
Жастығымда жоқ нәрсеге алдандым, 
Кім біліпті бүйтерін бұл жалғанның? 
Ер жеткен соң ой алдыма елестеп, 
Көңілім жетсе, қолым жетпей сандалдым. [2.73] 
Абайдың жылқы малын суреттейтін «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» атты 
өлеңіндегі кей сөз қолданыстары Бернияздың «Соғыс майданында» деген өлеңінде де 
кездеседі. Абай: 
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, 
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. 
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, 
Ой желке, үңірейген болса сағақ. [1.19] 
Бернияз: 
Кекілі бар тоқпақтай, қамыс құлақ, 
Абай айтқан омырау, сан, жосылған жақ. [2.75] 
Бернияз бұл өлеңінде жылқы малын суреттейді, бірақ Абай бейнелегендей өн бойы емес, 
соғыс даласындағы атты айтып жеткізеді. 
Абайдың жазған «Сегізаяқ» өлеңінің үлгісі қазақ өлеңдерінің түріне енгізген 
үлкен жаңалығы. Содан кейін барып осы үлгіде көптеген ақындар жаза бастады. Бернияз 
да осы үлгіде көптеген дүниелерін әкелді. Мысалы, «Бостандық күнінде», «Алалық», 
«Жазғы дала», «Сүйікті қайғылыға» өлеңдері. Осы жаңа өлең түрлері туралы Мұхтар 
Әуезов «Абай Құнанбаев» атты монографиялық зерттеуінде былай дейді: «Сегізаяқ» - ұлы 
ақынның жазушылық еңбегінің орта тұсында туған үлкен бір белдей әрі мол, әрі бар 
жағынан көркем келісті шыққан, зор шығарманың бірі. Бұл өлеңнің түрі де осы шаққа 
дейін ақын жазып келген өлеңдердің үлгісінен басқаша. «Сегізаяқ» демегі - сегіз жолдан
қайырылған шумақтар болғандықтан айтылған. [3.137] Осы өлең үлгісінде жазған 
Бернияздың өлеңдерінің бірі - «Бостандық күнінде». Өлең 1917 жылы жазылған, 
тақырыбы да сол төңкеріс жайы. Ақын төңкерісті: 
«Жарық түн туды, 
Жер жүзін жуды, 
Көктен нұрлар төгіліп», - деп қуана қарсы алғанын білдіреді де осыдан соңғы 
өлең жолдарында: 
«Қосылып жұртпен, 
Үлгілі ұлтпен, 
Біз де алға басалық. 
Надандық, қорлық, тұрса 
Тұрса, қор болдық. 
Жылдам алыс қашалық. 
Бас көтерер күн жетті, 
Күндер осы міндетті - [2.25] 
деп, енді халықтың тек жатпай тіршілік ету керектігіне, көзді ашып, ілгері басу қажеттігін 
айтады. Өлең соңында ақын Абайша толғайды: 
Өлмеймін десең, 
Ел қамын жесең, 
Біз де саған серік. 
«Қайнайды қаның» 
«Ашиды жаным» 
Өткен күнді көріп. 
Елім - жұртым, қазағым, 
Құтты болсын қадамың! 
Бернияздың басқа да жазған өлеңдерімен қоса тың тақырыбы - қазақтың ән-
күйлері. Абайдың да бұл тақырыпта бірнеше өлеңдер жазғаны белгілі. Бернияздың бұл 


193 
тақырыптағы өлеңдері көп емес, дегенмен де осы шағын өлеңдері арқылы ақынның әнге, 
күйге деген көзқарасын анықтауымызға болады. Абай да, Бернияз да халқының ән - күйін 
ерекше бағалайды, оның құдыретіне бас иеді. Абайдың ойынша ән уайымнан, қайғыдан 
құтқарып, адам ойын сергітеді. 
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, 
Адам ойы түрленіп ауған шақта. 
Салған ән - көлеңкесі сол көңілдің, 
Тактысына билесін ол құлаққа.[1.218] 
Такт (орысша) - өлеңнің ырғағы. 
Бернияз да Абайша «ән мен күйді естігенде адам көңілі шыдап тұра алмайды, 
мұздаған жүректі ән - күй жібітеді» - деп толғайды. 
Естілсе күй, салынса ән шырқырап 
Тұра алмайды төзім қып, көңіл шыдап. 
Жібіп жүре береді жәйіменен, 
Оты сөнген ер жүрек қалған мұздап. 
Ән мен күйге берген Абай мен Бернияздың бағалары осындай. Екі ақын да ән 
мен күйді көңілдің тірегі етіп суреттейді. Бернияздың ән - күй туралы өлеңдері жайлы 
ғалым Ысқақ Дүйсенбаев былай дейді: «Қазақ әдебиеті тарихында ән мен күйді арнайы 
сөз еткен ақын - жазушылар аз емес. Басқаларын айтпағанда ұлы Абайдың өзі ән мен 
күйге арнап бірнеше өлең жазғаны баршаға аян. Бернияздың көптеген өлеңдерін 
оқығанда, оның музыканы терең түсінетіні және ерекше сүйетіні сезіліп тұрады.
Бернияздың Қазақстан Оқу халық комиссариатының тапсыруымен Абайдың 
өлеңдер жинағын дайындағаны белгілі, осыған байланысты ол «Ақ жол» газетіне арнайы 
мақалада жазған. Абай мен Бернияздың үндестігі жайлы белгілі ғалым Айқын Нұрқатов 
былай дейді: 
«Әрине, 
осындай жекелеген өлеңдерінің Абай поэзиясымен 
тақырыптастығына, сарындастығына қарап Бернияз Күлеевтің бүкіл шығармашылығын 
Абайдың реалистік дәстүрлерінің арнасында алып қарауға еш болмайды. Бернияз 
Күлеевтің көптеген шығармаларындағы тұманды, буалдыр ойлар, дарашылдық сезімдер, 
символизм мен сарындары мұны әсіресе растай, айқындай түседі. 
Нарманбет пен Ғұмар Қараш сияқты, Бернияз Күлеев те Абай өлеңдерінің көркемдік 
формасын, әр алуан өрнегі мен өлшеуін қолданды. 
Бірақ ұлы классиктің шын мәнісіндегі халықтық поэзиясының бағыты мен рухына, 
әлеуметтік өрісіне тереңдеп бара алған жоқ. [4.72] 
Біз бұл жұмысымызды қорытындылай келе, Бернияз Күлеев поэзиясын сөз еттік, 
ақынның лирикалық өлеңдеріне және Абаймен үндестігіне, ақын шығармаларының 
идеялық - тақырыптық мәні, суреттеген дүниелерінің берілу тәсілі мен әдісіне, мәнері, 
шеберлігіне тоқталдық. Осылар арқылы біз мүмкіндігімізше Бернияздың ақындық 
шеберлігін таныттық, ақын шығармашылығының жалпы қазақ поэзиясындағы орнына зер 
салдық. 
Біз бұл жұмысымызда Бернияз Күлеев поэзиясын сөз еттік, ақынның лирикалық 
өлеңдері Абаймен үндестігіне, суреттеген дүниелерінің берілу тәсілі мен әдісіне, мәнері, 
шеберлігіне тоқталдық. Осылар арқылы біз мүмкіндігімізше Бернияздың ақындық 
шеберлігін таныттық, ақын шығармашылығының жалпы қазақ поэзиясындағы орны 
екеніне көз жеткіздік.Тума таланттың күшімен он бес жасынан бастап қалам алған 
Бернияз бес - алты жылдың ішінде екі жүзден астам өлең, үш поэма және бір баллада 
қалдырып үлгерген. Ақынның Абайдың өлеңдер жинағын бастырып шығару, ағарту 
саласы бойынша Қазан, Орынбор қалаларына бару сияқты күрделі істерді де қатар алып 
жүрді. Бернияз тек ақын ғана емес, қоғам қайраткері екенін білеміз. 
Ақын өлеңдерінде философиялық ой толғамдар да баршылық.Өмір, адам, ғылым, 
табиғат, оқу, балалық шақ туралы айтқан ойлары осының айғағы. Ақынның көптеген 
өлеңдерінде өлеңнің идеясы соңына дейін түсіндермей -ақ оқырманға «ойлан» дегендей 
сауал тастайды. Ақынның қай өлеңін оқысаң да сұлулық әлеміне бой сұғып, не лирикалық 


194 
кейіпкермен қоса қуанып, не қоса қайғырып, болмаса табиғаттың көркіне көз салып, 
тіршілікке тамасың . Ақын өлеңдері осындай – адам өмірі қоршаған дүние, қайнаған 
тіршілік. 
Бернияз поэмалары да өзгеше. Көбіне-кеп кездесетін сюжетті, оқиғаның 
басталуынан шешілуіне дейін баяндалатын поэмалар емес, ұлттың өрнектерді бойына 
жинақтаған лирикалық поэмалар. Лирикалық кейіпкердің сезім толғаныстарына, өткен 
өмірді аңсауына тап боламыз. Лиризмді жеткізудің шебері болған Бернияз енді сол 
лириканың ақ жолын ұзағырақ яғни поэма жанрында жырлайды.Бернияз Күлеев 
шығармашылығы идеялық жағынан терең, сұлулық, суреттеу жағынан биік. 
Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, 
зерттеу тәсілдеріне тоқталдық. «Бернияз бен Абай арасындағы сабақтастық» бөлімінде 
ақынның лирикалық өлеңдеріне және Абаймен үндестігіне, ақын шығармаларының 
идеялық - тақырыптық мәні, суреттеген дүниелерінің берілу тәсілі мен әдісіне, мәнері, 
шеберлігіне тоқталдық. Осылар арқылы біз мүмкіндігімізше Бернияздың ақындық 
шеберлігін таныттық, ақын шығармашылығының жалпы қазақ поэзиясындағы орнына зер 
салдық.
Ақынның сөз қолданыстары және өлең өлшемдері ерекше. Мұның бәрі ақынның 
стилдік ерекшелігін айқындап тұрады, әрлендіре түседі. 
Сонымен, Бернияз Күлеев – өзінің өте қысқа ғұмырында өмірлік, мол әдеби мұра 
қалдырған, қазақ әдебеиеті тарихында келелі орны бар талантты ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет