Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Key words: the cognitive linguistics, concept, time, linguistics, national outlook, value, people,  concept, being, cognition, thinking



Pdf көрінісі
бет186/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Key words:
the cognitive linguistics, concept, time, linguistics, national outlook, value, people, 
concept, being, cognition, thinking.
 
Тіл білімін философиямен, психологиямен, мәдениеттанумен, әлеуметтанумен 
байланыстыра қарау когнитивтік тіл білімін дүниеге әкелді. Когнитивті тіл білімінің бастауы 
тереңде жатыр. Оны В. фон Гумбольдттың «салыстырмалы антропологияны» жасау 
идеясынан көруге болады. Ол салыстырмалы антропологияны әр түрлі мәдени топтардың 
рухани ұйымдастырылу ерекшелігін айқындау мақсатында қатар қоя отырып зерттеу деп 
түсінеді. Басқаша айтқанда, салыстырмалы антропология адам қалай ойлайды, қалай 
сезінеді, эмоциялық тұрғыдан қалай қабылдайды, әр түрлі мәдениетте бұл қалай жүреді 
деген сияқты мәселелер қамтиды. Соған байланысты «адамзат рухының» тілдегі, әдет-
ғұрыптағы, дәстүрдегі, мифтегі көрінісін зерттеу, яғни қабылдау, тану, ойлау мен адамның 
әлемге эмоционалдық қатынасын талдау оның өзекті мәселесіне жатады. Тіл «халық 
рухының әрекеті» тұрғысынан салыстырмалы антропологияда әлемді ұлттық тұрғыдан 
реттеу құралы ретінде қарастырылады. Себебі, әрбір тілде «халықтың өзіндік мінезі 


207 
бейнеленетін жеке бейнелер» өмір сүреді [1, 85 б.]. Соған сәйкес әр ұлт әлем бейнесін өз 
түсінігіне сай әр түрлі қабылдайтындықтан, тек сол халық дүниетанымына, менталитетіне 
ғана тән тілдік бірліктер қалыптасады. 
 
Тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу әлемдік тіл білімінде үлкен бағытқа айналды. Тіл 
арқылы көрініс тапқан санадағы дүниелер бейнесін анықтайтын когнитивтік талдаудың 
негізгі әдіс-тәсілдері мен теориясы Н.Хомский, Дж. Лакофф, М. Минский, Г. Филлмор, 
Э.Кассирер, Ю.Д. Апресян, В.А. Маслова, Е.С. Кубрякова, Р.И. Павиленис, Ю.Н. Караулов, 
Д.С. Лихачев т.б еңбектерінде тұжырымдалған. 
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасуында этнолингвистикалық 
зерттеулер ерекше мәнге ие. Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Ж. Манкеева, Г. 
Смағұлова т.б зерттеулері тек этнолингвистика үшін ғана емес, когнитивтік зерттеулер үшін 
де құнды. Ал таза когнитивтік бағыттағы ізденістерді Г.Г. Гиздатов, Э.Д. Сүлейменова, 
Б.Хасанов, Қ. Жаманбаева, А. Ислам, С. Жапақов, М. Күштаева, Н.Н. Аитова, С. Жиренов, А. 
Сыбанбаева т.б еңбектерінен көруге болады. 
Концептілерді зерттеуге әлемдік лингвистикада бірінші болып көңіл аударған С.А. 
Аскольдов болды. Ғалым: «Концепт – ойдағы құрылым, яғни белгілі бір затты ойлау кезінде 
оны сол тектес басқа бір заттармен ауыстырады», - деп, концептінің танымдық әдіс ретінде 
негізгі қызметі орынбасушылық қызмет екенін көрсетеді [2, 269 б.]. 
Сонымен, когнитивтік тіл білімі әлемді тану негізінде санада қалыптасқан әлем 
туралы ақпараттарды жинақтау және концептілеу, оларды бір жүйеге топтастыру, әлемнің 
санада көріністенуі мен оның тілде берілу сипатын анықтау қызметін атқарады. Ал, тілдік 
әдем бейнесі концептуалды әлем бейнесінің негізгі элементтерін мазмұндайды, тілдік 
құралдармен концептуалдық әлем бейнесін ашады. Концептуалдық талдау белгілі бір 
мәдениетке тән танымды, бейнені зерттеуге негізделген.
Осы бағытта «уақыт» сөзінің концептісін талдайтын боламыз. Бұған қатысты А.Ә. 
Жаңабекова «Қазақ тіліндегі «уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы» атты еңбегінде 
қарастырған болатын [3]. Аталған ғылыми еңбекте әмбебап категориялардың бірі – «уақыт» 
ұғымының қазақ тілінің барлық деңгейлеріндегі көрінісі қазіргі тіл білімінің даму 
бағытындағы антропоөзектік және функционалды грамматика саласының зерттеу әдісі 
бойынша қарастырылып, тілдік парадигма тұрғысынан сипатталған. Мағыналық құрылымда 
уақыт семасы бар лексика-фразеологиялық бірліктер және «уақыт» ұғымының 
морфологиялық репрезенциясы болып табылатын – етістіктің шақ категориясы мен 
фукционалды-семантикалық темпоралдық категориялары кешенді-интегративтік әдіс 
арқылы зерттелген.
Ал біз, «уақыт» концептісін әмбебаптық түсінікте қарап, философиялық көзқараста 
талдайтын боламыз. 
Уақыт – көп қолданысқа ие ұғым. «Уақыт-бәріне емші», «Алтындай уақытыңды 
қиып» сияқты уақытқа қатысты түрлі ой-толғаулар бар. Шынымен, адам баласының 
санасындағы уақыт күн, ай және жердің өзара қатынасымен ғана өлшенеді. Уақытты 
аталмыш үш дененің қимылы, өзара қатынасымен шектеуге болмайды. Уақыт ұғымы бұдан 
әлдеқайда ауқымды. Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың қиысуын сезінудің нәтижесінде, 
заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асыраылады.
Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт ұғымы қалыпты тұрмыстық жағдай 
ретінде есептелінеді., материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя 
жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі. Кеңестік ұғымы объектілерді 
бпқылау мен тәжірибелік пайдалану негізінде қалыптасады.
Уақыт-мұсылман дүниетанымында қадірлі ұғым. Уақыт – Алла тағаланың 
еншісінде. Адамзат уақытқа тәуелді. Уақыт адам баласының санасына сыймайтындай 
дәрежеде кең. Аллла тағала білдірмесе, қанша уақыттың өткенін пенде біле алмайды. Адам 
өз өміріндегі талай белестер мен асударды бағындыра алады. Ол үшін уақытын ұтымды 
пайдалана білуі һәм уақытты жүйелеуі ләзім. Уақытты ысырап етуге дініміз қарсы. Осы 
орайда хазірет Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Өмірін қалай өткізгені, ілімін қайда 


208 
жұмсағаны, мал-мүлкін қадан тауып, қай жаққа салғаны және тәнін қалай қолданғаны жайлы 
пенде жауапқа тартылмайынша қиямет күні аяғын аттап баспайды» (Тирмизи). Яғни, осы 
нәрселер жайлы сұрақ-жауаптан өткеннен кейін ғана адам жәннат немесе тозаққа жол 
тартады екен. Расында, «Раббыңның құзырындағы бір күн сендер есептеп жүрген мың жылға 
сәйкес келеді» («Хаж» сүресі, 47-аят) – деген Құран аяты да осыны аңғартса керек [4]. 
Атақты физик Альберт Эйннштейн «Уақыттың салыстырмалығы» атты бір жаңалық ашып, 
кезінде әлемді таңқалдырған еді. Жоғарыдағы аят Эйнштейннің жаңалығымен тең түседі. 
Бұл айтылғандар кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді және бұл жайлы Н. Ньютонның 
«Табиғат философиясының математикалық бастамалары» атты еңбегінде нақты айтылған [5]. 
Абсолютті кеңістік пен уақыт жаратылыстың материалдық процестерден тәуелсіз өзін-өзі 
басқаратын элементтері ретінде қарастырылды. Бұл концепция «қара жәшік концепциясы» 
деп аталады. 
Уақытқа қатысты тілімізде мынадай тіркестер бар. «Уақыт бір орында тұрмайды», 
«уақыт озды», «уақыттың ісі қиын», «уақыт үзіп кетті» т.б. Бұл тіркестер уақыт еш нәрсемен 
санаспайды, күтпейді деген мағынада қолданылады. Мысалы: Уақыттың ісі қиын-ды,
Уақытың жеткен соң,
Айтып-айтпай немене,
Мезгіліміз өткен соң? (Бұқар жырау).
Сыбаға сақтау,адамдардың бір-бірін қонаққа шақырып сыбағасын беру – бұл ата-
бабамызда бұрыннан жалғасып келе жатқан дәстүр. Ақын, халық арасында біраз уақыт
үзіліп, тойланбай кеткен салт-дәстүрді өлең жолына арқау ете отырып, қайта жаңғыртып 
отыр (Б.С. Бегманова). Ол нәрселерді орындауға уақыт үзіп кетті ғой (Қазақ тілінің аймақтық 
сөздігі). Уақыт бір орында тұрмайды. Жылдар жылжыған сайын өзгерістер өмірге келіп, 
жаңа ескіреді, ескінің мүлдем естен шығуы да мүмкін. Бәлкім, бір кездері әлгі ұмытылды-ау, 
деген көнелер сол кезеңнің жаңалығы болып қайта тірілер («Сыр бойы» газеті) [6].
Алға қойған мақсатыңды дәл мезгілінде орындап шығу үшін уақытыңды босқа сарп 
етпе. Уақыт-біздің өміріміз. Ендеше, оны қалай пайдаланамын десең, де өз қолыңда. 
Ойымызды Абай атамыздың он бесінші қара сөзімен түйіндесек: «Егер есті кісілердің 
қатарынан болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, 
өзіңнен-өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, 
не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өткізбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, 
болмаса, не қылып өткізеріңді өзің де білмей қалыппысың?»[7]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет