Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ғылыми жетекшінің аты-жөні



Pdf көрінісі
бет183/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Ғылыми жетекшінің аты-жөні:
гум.ғыл.магистр Туржанова Г.Н. 
ӨТЕЖАН НҰРҒАЛИЕВ - АЙҚЫН ҚОЛТАҢБАСЫ БАР АЙТУЛЫ АҚЫН
 
Сейлханова Ж. Б. 
Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті 
Аннотация:
Қазақ поэзиясының тарихи даму кезеңдеріндегі мазмұн мен пішін жүйесін 
құрайтын поэтикалық сипат үздіксіз жаңғыру, жаңару жолымен келеді. ХХ ғасырдың 50–
70-жылдарындағы көрнекті ақындардың лирикалық және эпикалық жанрлар жүйесін 
дамыта, көркемдік-стильдік дәстүр жолын жалғастыра жырлау ерекшеліктері әдеби даму 
үдерісінің шығармашылық сипатын танытты. 
Қазақ сөз өнерінің тарихындағы көрнекті шығармашылық тұлғалар арқылы 
осындай ұлағат айқындалуы қазақ поэзиясын романтикалық және реалистік сарынды 
шығармаларымен мол әдеби мұрасы даралана танылған ақындардың бірі Өтежан 
Нұрғалиевтің осындай әлемдік классикалық поэзия деңгейіндегі лирикалық және 
эпикалық шығармаларының жанрлық табиғатын, көркемдік сипатындағы өзіндік шеберлік 
даралығын қазақ поэзиясы дамуы үдерісімен сабақтастыра қарастыру маңыздылығы 
айқындалды.Өтежан Нұрғалиев поэзиясының поэтикалық сипатын саралап таныту 
арқылы қазақ сөз өнеріндегі көркемдік дәстүр жолының шынайы жалғастық табиғатын 
танытады. 
 
Қазақ поэзиясында өзіндік дара шығармашылық тұлғасымен даралана танылған 
Өтежан Нұрғалиевтің лирикалық өлеңдері мен эпикалық шығармалары ХХ ғасырдың 50–
70-жылда-рындағы қазақ поэзиясының өсу, кемелдену келбетін құрайды. Лирикалық және 
эпикалық шығармаларында өмір шындығы құбылыстары жеке мен жалпы, қарама-
қайшылықтардың күресі мен бірлігі және т.б. философиялық-психологиялық күрделі 
поэтикалық сипаты бар Өтежан Нұрғалиевтің поэзиясын арнайы қарастыруы өзектілігі 
осындай зәру мәселелер аясында айқындалады. 
Қазақ поэзиясының ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы дамуы мәселелеріне 
арналған шолу еңбектерде аталып өткені болмаса, ақынның поэзиялық мұрасы толық 
қамтыла арнайы қарастырыла қоймады. Әрине, ақынның өмірі мен шығармашылығына 
арналған естеліктер, лирикалық өлеңдер, дастандар туралы әдеби-танымдық мақалалар әр 
жылдары жазылып та келеді.
Жинақтап айтқанда, ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ әдебиеті тарихының 
кезеңінде поэзиясымен, прозасымен елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер Өтежан 
Нұрғалиевтің лирикалық өлеңдері мен поэмаларын арнайы қарастырған зерттеу жұмысын 
жазу – уақыт талабының зәру мәселесі. 
Зерттеу жұмысымыздың ғылыми жаңалығы. 

көрнекті ақын Өтежан Нұрғалиев поэзиясының алғаш рет толық қамтыла арнайы 
зерттеу нысанына алынып қарастырылуы жұмыстың ең басты жаңалығы болып 
саналады; 

жұмыста Өтежан Нұрғалиевтің лирикалық шығармаларының қазақ және әлем 
әдебиетіндегі көркемдік жалғастық жүйесіндегі орыны анықталды. 
Байғанин өңірінен қазақ өлеңінің топырағын құнарландырып, көк жиегін кеңіткен 
талантты ақындар көп шықты. Соның бірі - Өтежан Нұрғалиев. 
Қазақ поэзиясында өзіндік шығармашылық тұлғасымен даралана танылған Өтежан 
Нұрғалиев лирикасы ХХ ғасырдың 50–70-жылдарындағы қазақ поэзиясының өсу, кемелдену 


203 
келбетін құрайды. Ақынның азаматтық-отаншылдық, гуманистік дүниетанымы аясында 
жырланған лирикалық және эпикалық шығармаларындағы мазмұн мен пішін поэтикасын 
құрайтын ерекшеліктерін арнайы қарастыру арқылы ақынның өзіндік шығармашылық 
даралығын, сол арқылы қазақ поэзиясының көркемдік дамуына ортақ ерекшеліктер 
болмысын саралаймыз. 
Әсіресе, оның төрт жинақтан түзілген «Соғыстың соңғы жазы» атты кітабын 
жұртшылық жеңсік атай қабылданды. Ақынның әр жылдарда жарық көрген «Менің 
махаббатым», «Ақ нөсер», «Нөсерден кейін», «Кемпірқосақ», «Ай астында ақбоз үй», 
«Қайыңды тоғай», «Таңдамалы», «Соғыстың соңғы жазы», «Тыныштық», «Афины мектебі», 
секілді жыр кітаптары қазақ өлеңін мың сан бояулармен байытып, деңгейін бір саты көтерді. 
Өтежан ақынның тума жырлары өзінен кейінгі ақындарға қатты әсер етті. Сол тума бұлақтан 
мейірі қана ішкендер бірте -бірте өз арнасын тапты. Тамырын Өтежан өлеңдерінің 
топырағынан 
тартқан 
нәп-нәзік 
шыбықтар 
бір-бір 
бәйтерекке 
айналды. 
«Өлекселер қашатын тірілерше, өксіп жүрген өлеңнің тілі келсе» дейді Жұматай 
Жақыпбаев Мұқағали туралы өлеңінде. Біздіңше, осы теңеу Өтежан Нұрғалиевке де келетін 
сияқты.
ХХ ғасырдың орта шені мен ХХІ ғасырдың басында өмір сүріп, қазақ поэзиясына тың 
тыныс, өзгеше өріс әкелген Ө.Нұрғалиев ақын деген атына заты лайық, алған бағытынан 
тайқуды білмеген, әдебиет сынды мәңгілік майданның жанкешті саңлақ сарбаздарының бірі 
еді. Ақын туралы естеліктерді саралай отырғанда түйгеніміз - өжет мінезді Өтежан қара 
басының қамынан гөрі, халқының қайғы-мұңына көбірек алаң болды. Ол кәдуілгі пенде 
ретінде әлдекімнің бойынан аярлық пен көлгірсу, келеңсіздік пен кещелік нышанын байқаған 
сәтте -ақ қаны басына тебетін тым кірпияз кісі болып көрінетін. Ал, біреулер үшін жаны 
жайсаң, пиғылы пәк данагөй аға еді. Ақын ретінде жазып бітірген жырлары жарық көрмей, 
жылдар бойы темір сандығында «сүрленіп» жатып қалғанына жаны күйзелетін тұрлаусыз 
тағдырлы тұлға еді. Ақыры, іштегі отты толқындары сыртқа тепкен жарылмаған жанартауға 
айналған күйінде бұл фәниден баз кешкенін түсінеміз.[1.412]. 
Көзі тірі кезінде 30-ға жуық жыр жинағын оқырман назарына ұсынды. Аса көрнекті 
ақын өмірінің соңына дейін өлеңмен тыныстап, фәниден бақиға көшті. 
Өтежан поэзиясының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше. Көркем туынды тарихи 
жағдайды, әлеуметтік мәселелерді қаншалықты шынайы, тартымды суреттегенімен, 
оқырман, ең алдымен, шығармадан адамды іздейді. Яғни, ішкі жан дүниесі айқын, 
әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың ортасынан табылатын адамды іздейді. Былайша 
айтқанда, көркем шығармаға арқау болған жағдаяттарға сену үшін, оқырман ең алдымен 
кейіпкердің шынайылығына илануы керек. Әрі бұл басқа жанрларға қарағанда, лирикада 
айырықша көрінеді. Себебі «лирикада ақын мен оқырман арасында көзге шалына бермейтін 
рухани-эстетикалық байланыс орнығады да, осы ішкі байланыс шынайы болса ғана, көркем 
туынды шын бағаға ие болады» [2.10]
Енді зерттеу жұмысымызда біз Өтежан ақынның туған жерінде қызмет етіп жүрген 
кезіндегі шығармашылық ерекшелігіне көңіл аудармақпыз. Туған жер тақырыбы қай 
ақынның да басты өзекті арнасын құрайды. Ақын Өтежан Нұрғалиев университетті 
бітіргеннен кейін туған жері Жарқамыста бес жылдай мұғалім болып қызмет жасайды. 
Ақын – дала перзенті. Қазақ даласының тауларын да, көлдерін де, теңіздерін де 
перзенттік махаббатымен сүюші. Өтежан ақынның өлеңдеріндегі лирикалық қаһарманның 
романтикалық ойлау өлшемі – кең даладағы гүлдерді де, көлдерді де тауларын да – бәрін де 
тұтастай, егіздей өріп, өрнектеп жырлау. 
«Бақыт тосып ал, достар!» өлеңіндегі лирикалық қаһарманның елжіреген көңілінен 
төгілген жыр тармақтары байтақ Отанының барлық болмысын жанарына, жүрегіне сыйғыза 
жырлаған ақын дүниетанымын аңғартады: 
...Туған далам, байтақ далам, кең алып. 
Жыл түнінде жатырсың сен дем алып. 
Әр сайыңа қашқан уақыт қамалып, 


204 
Әр төбеңе шығып жатыр жаңалық! 
...Жер шарына тете туған бір алып, 
Келесің сен күн мен айдан нұр алып. 
Уа, туған жер, жасалдың сен шыныда 
Өзіміздің тәнімізден құралып!.. [3.236]. 
Қазақ поэзиясындағы атамекендерді, туған өлкенің ғажайып сырлы күндері мен 
түндері, адамға да төрт түлікке де, аңдарға да, құстарға да, жәндіктерге де – бәріне жайлы 
көркем сипатының жырлануы ежелгі замандардан бері фольклор мен әдебиет мұраларынан 
тұрақты орын алумен келеді. 
Жарқамыс кезеңіндегі ақын өлеңдері алғашқы тәжірибелері болғанның өзінде керемет 
көркемдік кестелерімен ерекшеленеді. Ақынның бұл кезеңдегі шығармашылығы тұнғанымен 
махаббат лирикасы, соның ішінде туған жерге деген сүйіспеншілік деп бөлек айтар едік. 
Ө.Нұрғалиев ақындық ғұмырын үлкен көркемдік ізденістерге арнаған, бар қуатын соған 
сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни, таразы басының бір 
жағында мұңды толғаныс, өкіну және қайғы қасірет, күйініш жатса, таразының екінші 
басында – романтикалық өршілдік, махаббат, сүйініш-күйініш, арман, мақсат, үміт жатады. 
Көп қайғы-қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір екі оттың 
жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның шығармашылығында тарих тұңғиығын терең 
түсіну, өткенді бажайлау, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты 
терең толғаныстар заманның астан-кестен, аласапыран жайымен астасып жатады. 
Ө.Нұрғалиев өлеңдерін оқи отырып, тылсым буғандай әсерге енесің, таңғаларлық күй 
кешесің, ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің. 
Не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың 
сырларына қанығып, ақынның құдыретіне, шеберлігіне бас ұрасың. 
Өтежан не тау туралы толғансын, не дархан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, 
немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте 
дүние түсінімі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге 
тебіренеді ( «Жалғыз терек», «Аспан нілге шайғандай», «Бұлақ», «Туған жер», «Ақ құйын», 
«Таңның атуы» «Екі аспан», «Жердің көз жасы», «Бұлдырап көкжиектен сағым құлап» т.б. 
өлеңдері куә). Сөз көбіне ойдың білінер-білінбес сыртқы қауызы ғана сияқты көрінеді де, 
ақынның
 
құдыретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді 
қалай билеп алғанын білмей де қаласың. 
Бұлдырап көкжиектен сағым құлап,
Секілді тоқтамайтын ағын-бұлақ.
Аңқытып судың исін, шалғын исін
Желменен жарысады қалың құрақ.
Кемедей көк айдыннан көтерілген,
Аспанға тәкаппар күн жеке мінген.
Өрмелеп шың басына шыққан сәуле
Жалайды табиғаттың шекерінен!
Жел шайқап жалғыз талды бесік қылып,
Келіп тұр әлсін-әлі есікті ұрып...
Туған ел, өмірім саған жалғасады
Самалдай тоқтап қалсам, есіп тұрып! [4.87] 
Ақынның шындық құбылыстарды жинақтаудағы ерекшелігі - образдың жалпы 
бітімін, тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды.
Қазақ поэзиясының даму өрісін әдеби үдеріс негізінде үнемі қадағалап, дереу үн 
қатып, басты жайларын айқындап, бағыт-бағдар бергендігін біз жоғарыда келтірілген 
мысалдардан анық байқадық.
Мінекей, ақынның жыр жауһарлары сан қырынан құбылып, көкірегіңізге көркем суреттер 
ұялатып, көңіліңізді баурап, жүрегіңізді жаулайды. Олай болса, Ө.Нұрғалиевтің өлеңдерін 


205 
жата-жастана оқу керек. От ауызды, өркиік тағдырлы, оқталған мылтық сынды ақынға: – Не 
себепті егіліп-төгіліп жыр жазасыз? – деп сауал қойсаңыз, былайша жауап берері сөзсіз: 
Адал берген антым үшін жазам мен, 
Аялаған Халқым үшін жазам мен. 
Мәңгі бірге қайнасын деп өмірім – 
Халық дейтін қасиетті қазанмен! [5.63] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет