Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет209/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
 
Ключевые слова:
«Доступ» в области образования, родного языка, базовых ценностей, 
отношений, способностей, компетентности личности, воспитание ребенка дошкольного 
возраста. 
Annotation:
"Access" in the field of education, mastered the basic values of the native language, is 
able to interact communicate with other preschool education rights with multilingual competence. 


228 
Keywords:
"Access" in the field of education, native language, basic values, attitudes, abilities, 
competence of the individual, raising a child of 
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып 
жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға 
арналғанмемлекеттік 
бағдарламасы».Онда 
Елбасы:«Біз 
барша 
қазақстандықтарды 
біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш 
–жігерімізді салуымыз керек»-деген. 
Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты 
сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы. «Құзыреттілік» терминіне 
алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның 
пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, 
құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты 
білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына 
сай құзыреттерді меңгеруі. 
Бала – қоғамымыздың бөлінбес бөлшегі, кемел келешегіміздің тұтқасы, ұстаз 
бақытының басты өлшемі деп қарасақ, ұлтымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесіне салғырт 
қарауға ешкім де тиісті емес..Қоғамдағы жаңа бетбұрыстар білім беру жүйесінен үнемі 
өзгеріп отыруды талап етеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі 
жансыз жаттанды білім түрінде емес, педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға 
қатысын, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін 
талдауға, ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен 
көрінеді[1,63б.].
Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана 
игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзіреттілік – нәтижесінде 
өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше 
білу, балалар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин “Өмірге қажетті 
ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес” – 
деп көрсетеді. Сондықтанда “Білім беру Заңының” 5 бабына сәйкес балабақшада 
тәрбиеленушілердің тіліміздегі сөздердің айтылу нормаларын дұрыс меңгерулеріне, өз ойын 
жүйелі түрде байланыстырып айта білуіне тіліміздегі дыбыстарды қатесіз, анық меңгеру 
мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бақшада бала әрбір тіл дамыту сабағында үйренген жаңа 
сөздердің мағынасын толық түсінетіндей, ол сөздерді тәуелдеп, жіктеп, септеп айта 
білетіндей қарама-қарсы мағыналы, мағыналас, теңеу сөздер арқылы түсіндіретіндей 
дәрежеде жеткізілуі қажет. Бұл аталған бағдарламалық талаптар балабақшада әр топта 
өткізілетін тіл дамыту сабағы және сабақтан тыс кездегі ойын, еңбек жұмыстары арқылы іске 
асырылады.
Тіл дамыту сабақтарында тәрбиешінің тағы бір ескеретін жағдайы әр топтағы 
балалардың өздерінің жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорларын молайту болып табылады. 
Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең 
негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып 
саналады. Яғни сөздің сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып сөйлеу 
баланың ойлауын, көрген-білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. 
Бала өз ойын қаншалықты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын 
солай байқауға болады. 
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды
жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен 
адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға 
дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне 
таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.). 


229 
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген 
тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас 
кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезіндегі үлкендердің олармен 
сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады.
Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, бірақ ұл кезде баламан 
сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде 
қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. 
Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің, 
ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі 
қандай, бояуы қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек. 
Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық 
құрамына көңіл бөлуі қажет.4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес өтіп 
кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз 
ойын жеткізе білуі қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып 
берген, баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қысқа тақпақтарды жатқа 
айтуға төселеді[2,76б.].
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы 
кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі 
бейнелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген 
шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады. 
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз 
қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады. 
«Қатынас» білім беру саласы 
Мақсаты:
ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа да 
тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы 
қарым-қатынас жасауға қабілетті \мектеп жасына дейінгі құзіреттілігі бар көптілді тұлғаны 
тәрбиелеу. 
Мектепке дейінгі ересек жаста «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны 
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері: 
- тіл дамыту; 
- көркем әдебиет; 
- сауат ашу және жазу негіздері; 
- мемлекеттік, орыс және басқа тілдер арқылы жүзеге асады.
 
Тіл дамыту 
Мақсаты:
мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты 
ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана 
білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттері мен құзіреттілігін меңгерту.
 
Міндеттері:
1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын 
қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу). 
2. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге 
дыбыстық талдау жасау біліктілігін қалыптастыру. 
3. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету. 
4. Әңгімелеу (монологтік ) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру. 
5. Тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын (қарқын, екпін, ырғақ және т.б.) 
қолдану іскерлігін арттыру.
 
Мазмұны: 
Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу 
Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру. Дыбыстардың айқын 
артикуляциясын меңгерту. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тілдік естуін дамыту (тілдегі 
дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерлігі, дыбыстың сөздегі орнын 
анықтау, сөздегі дауысты дыбыстарды ажырату, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер 


230 
санын анықтау). Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыра білуді, сөзге 
дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету[3,53б.].
 
Сөздік жұмыс.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған 
орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім, етістік, сын есім, 
сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер, ыңғайлас салалас және бағыныңқылы 
шылаулармен толықтыру.
Үйрету: 
- жалпылауыш сөздерді қолдана білуге (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, ыдыс-аяқ, 
жиһаз, электр құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, көкөністер, жемістер, 
жидектер, гүлдер, ағаштар, саңырауқұлақтар, құстар, балықтар, жануарлар, жәндіктер және 
т.б.); 
- түрлі логикалық топтарға жататын (жинақтау) заттарды атай білу іскерлігіне, 
сөйлемге көпмағыналы, синоним, антоним сөздерін қолдануға; белгілі бір заттың 
белгілеріне қарай, затқа әрекет етуді және берілген әрекетке зат таңдай білуге. 
- қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз 
тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру. 
 
Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру
Тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру. Жай сөйлем, салалас және сабақтас 
құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін 
ажырата білу іскерлігін дамыту (хабарлы, сұраулы, лепті), оларды тілде қолдану. 
Бала тілінің морфологиялық қырын қалыптастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана білу, 
сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, кеңістік қатынасын білдіретін cөздерді дұрыс 
қолдана білу іскерліктерін бекіту. Балаларды зат есім, сын есім, етістіктердің күрделі 
түрлерін жасауға жаттықтыру. 
Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік)
Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға 
жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау 
іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен 
жаңалықты білуге ықыласын арттыру.
 
Шығармашылықпен әңгімелеу
Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы 
мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету. Балалардың шығармашылық қабілеттерін 
арттыру[4,93б.].
Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс 
келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша 
суреттеу мен әңгімелер ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, 
салыстырулар қолдануға үйрету. 
Өмірден («Менің анам», «Наурыз – көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді 
тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне 
үйрету. 
Жыл соңында тіл дамыту құзіреттілігін меңгеру нәтижесінде балалар: 
- тілдің компоненттері (дыбыс, сөз, сөйлем) туралы қарапайым түсініктерін; 
- сөздің басындағы дыбысты анықтауды; 
- дыбыс пен әріпті ажыратуды; 
- қазақ әліпбиінің әріптерін танып атауды; 
- дыбыстарды буынға қосуды; 
- сөз тіркесі мен сөйлемді құрастыруды, соның ішінде жаңа сөздерді; 
- құрдастарымен және ересектермен сұхбатқа еркін қатыса алуды, өз сезімдері мен 
ниеттерін сөзбен және вербалды емес түрде жеткізуді, қарым-қатынаста сыпайы болуды білуі 
тиіс.


231 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет