Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидалар



Pdf көрінісі
бет214/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидалар. 
Домбыра – ертеден келе жатқан 
қазақ халқының музыкалық аспабы, қазақтың қасиетті дүниесі. Өскелең ұрпақтың жан-
жақты білімді болуы, эстетикалық талғамының жоғары болуына, жалпы адамгершілік, 
имандылық қасиетінің дамуына бұл аспаптың тигізетін әсері мен рөлі өте зор. Оны тарта 
алмаса да, қадірлей білу керек. Себебі, баланың бойына халықтың рухани байлығын, 
дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады. Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие 
қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше тәрбие бағыттарын кездестіруге болады. 
 
Еңбек тәрбиесі
- әннің – күйдің мәтінін жаттауы, музыкалық аспаптарда ойнауы. 
Эстетикалық тәрбие 
-сұлулықты, көркемдікті сезінуге баулу, оны өз бойына 
қалыптастырып , талғамдылығы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. 
Патриоттық тәрбие 
-қазақ халқының салт – дәстүрдегі ән - күйді сақтап,халық 
композиторларының шығармашылығын дамытып, ұлттық рухани мұраны қастерлеп, туған 
жерге деген сүйіспеншілігін арттырады. 
Ақыл –ой тәрбиесі
-Адамның ішкі жан дүниесін емдей отырып,домбыра үні арқылы 
зейіні, байқағыштығы, тапқырлығы дамиды. 


234 
1.Д
омбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын 
поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту -логика пәні.
2.Күй – аспапты музыка, оған қосарлана жүретін әңгіме және поэзия әдебиет пәні. 
3.Жыр – ұзақ белгілі бір оқиғаларды айтатын тарих пәні. 
4. Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау- математика пәні.
5. Күй тыңдап әуенін есту арқылы елестетіп түсіну- бейнелеу пәні.
6. Домбыра – екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру- 
физика пәні. 
7.Домбыра – тартып үйрену еңбек пәні. 
8.Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау- математика пәні.
9.Қысса – дастан, кино – фильм театр пәні.
10.Айтыс – жарыс сөз, тіл және демократия пәні.
Осының бәрін меңгеріп орындау үшін музыка көмегі араласқан жағдайда ғана олардың құны 
өте жоғары болады. Аспап, әуен, вокал, сөз, поэзия бір мезгілде қатар қосылып, тең жүргенде 
өз нәтижесін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін бір мезгілде бір адамның орындап 
шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі өз рефлекс күшін еңбек арқылы оята біледі. Бұл – 
бірінші. Ал екіншісі – тыңдарман болса, оның ішкі рефлексін оятуға айтушының қызықты 
орындауы, дауыс екпіні, ұқтыру кезіндегі түрлі айла – тәсілдері жатады. Адам баласы 
талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру 
арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете 
алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек 
талантты ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің соңғы көрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, 
жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету – педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, 
Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Әуезов, 
Жұбанов, Байтұрсынов, т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Жасыратыны жоқ, домбыра аспабының бойында қалыптасқан педагогика, психология, 
философия, филология, математика, т.б.ғылыми қағидалары толық ашылып, қарастырылмай 
келеді. Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, 
күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты 
мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық 
даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына өзінің төл мәдениеті негізінде 
мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу – басты 
міндет. « Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын білгің келсе, сол елдің тәртіп 
тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций. 


235 
Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы, Абай, Ақан, 
Біржан, Мұхит, Нұртуған, Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Әубәкір, 
Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абылай, Сүгір, т.б. аты елге белгілі дала перзенттерінің 
шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра 
аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу 
керек – ақ.. Домбыраға деген сүйініспешілікті тәрбиелеу оқытудың барлық мерзімінде 
жұмыс жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан оған ылғи көңіл бөліп 
отыруы керек. Қазақтың ұлттық аспабының түрлі жанрлары домбыра бойындағы 
әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді. 
Осының бәрін меңгеріп орындау үшін музыка көмегі араласқан жағдайда ғана 
олардың құны өте жоғары болады. Аспап, Әуен, Вокал, Сөз, Поэзия бір мезгілде қатар 
қосылып, тең жүргенде өз нәтижесін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін бір мезгілде бір 
адамның орындап шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі өз рефлекс күшін еңбек арқылы 
оята біледі.
Қорыта келгенде, домбыра арқылы жеткен білім өскелең ұрпаққа беретіні көп . Домбыраны 
сауаттылықпен ойнап көзін ашқан бала әлде қайда еңбекқорлыққа, адамгершілікке, 
ұжымдылыққа, кішіпейілділікке, эстетикалық талғамы жоғары болып өседі. «Ұяда нені 
көрсең ұшқанда соны ілерсің» - деген қанатты сөз осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде 
жатқан інжу-маржандай бай өнерімізді келешек ұрпақтың бойларына сіңіріп, тәрбиелеу, 
олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ отбасының қоғамның міндеті .
Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның 
ой ұшқырлығын шыңдауға, ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы 
білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Мектеп оқушыларының қолына 
домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес 
пе?! Балалар психологиясына ұлттық музыкамыздың үлгілерін неғұрлым көбірек 
қамтыса.соғырлым «отан тұлға» қалыптасып,өз елінің тілін, дінін , дәстүрін , рухани 
мәдениетін үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет