Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ұлттық музыканың бала психологиясына әсері



Pdf көрінісі
бет213/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
Ұлттық музыканың бала психологиясына әсері.
Ән айтпайтын, құлақ қойып 
тыңдамайтын адам болмайды. Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол 
адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен 
санадан орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: «Әлди, әлди ақ 
бөпем, ақ бесікте жат бөпем» - деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені баланың 
денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына ана тілі арқылы ғана 
дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ 
күнделікті күйкі тіршілікпен қатар, халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, 
өзінің көркемдігі мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің 
кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын байыта 
түседі. 
Келешекке апаратын-әр заманның өскелең жас ұрпақтың тәрбиелі де тәлімді, салауатты 
да сауатты болмағы- сіз бен бізге байланысты. Тұрымтай тұсына, балапан басына кеткен
небір алмағайып заманда да бесігі мен домбырасын, шаңарағын арқалай жүрген 
бабаларымыздың ең биік , қасиетті мұрасы да, алтын арқау аманатыда сол бесік, домбыра 
мен шаңырақ болатын. Тәлім тәрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, 
қателеспейміз. Сондықтан да, жалпы білім беретін мектептерде домбыра негізінде 
қалыптасып жеткен тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі 
адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер 
арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие – 
білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз 
үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру 
көзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық 
атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені 
сыйлауға бой ұрған болар еді. 
«Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп 
тыңдайтын ән – күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе», дейді
В.А.Сухомлинский. 
Сондықтан жалпы орта мектеп оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне 
дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Балалар психологиясына 
ұлттық музыкамыздың үлгілерін неғұрлым көбірек қамтыса.соғырлым «отан тұлға» 
қалыптасып,өз елінің тілін, дінін , дәстүрін , рухани мәдениетін үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет