Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет249/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   330
Байланысты:
3 том (1)
0c319226bb704f368d1dc8e9b87c0c63, Келимбердина Дария. Гылыми жумыс 2019 шу қаласы
 
Ключевые слов: 
инфраструктура, ландшафт, район, матерально –эстетические.
Keywords: 
infrastructure, landscape, district, material -esteticheskie. 
 
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақстанның тәуелсіздік дамуы кезінде, әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени өзгерістері белең алған кезеңінде республикамыздың жас 
отбасы құруға ниеттенген жастарымыз қоғамның, дамыған елдер қатарына қосылуда, 
дамудың қарқынды болуына елеулі үлес қоса алады, әрі елдің жаңа сапалы көрінісіне бет 
бұруына көмектесуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан 14 
желтоқсан 2012 жылдың халыққа жолдауында «Қазақстан-2050» [1] стратегиясында
айтылған, бірінші заманауи қала құрылысына Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, 
Атырау, Ақтау және де Ақтөбе кіреді. Олар сондай-ақ сапалы білім, денсаулық сақтау, 
әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, ғылым және қоғамдық 
инвестицияларды тарту орталықтарына айналады.
Отандық қала құрылысы тәжірибесі ұзақ жылдар бойы аумақтың (теритторияның) 
кеңінен жеткіліксіз, аудандардағы құрылыс аймақтарының эколгиялық мәселесі 
шешілмегендігі болған.
Аудандарды жаңғырту мәселелері елді мекендердің өмір сүруінің барлық кезеңінде 
үлкен көңіл бөледі және осы мәселе бүгінгі таңда да өзекті болып табылады. Бұл тақырыпты 
түрлі аспектілері бойынша ашып көрсеткен төмендегі авторларының зерттеулерінде 
анықталған: 
- Л.А.Кравчук, Л.Г.Лукьянова, В.И.Цыбух, И.В. Зорин, В.Б. Нефедова- рекреациялық 
аумақтарды 
функционалдық 
ұйымдастыру, 
рекреациялық 
ғимараттың 
анықтау, 
рекреациялық қызмет түрлері бойынша; 
- А. Н.Римша, Б.М. Полуй- қоршаған ортаны қорғау мәселелер бойынша материалдар 
қоршаған ортаның жағдайына ыстық климат немесе суық климат қалалық дамыту 
мәселелері, сәулет-жоспарлау қаланың ұйымдастыру, жоспарлау әдістері мен оның 
мүшелерінің даму негіздері, қалалық жоспарлау күн энергиясын пайдалану, жер асты 
урбанизмі; 


263 
- В.С.Беляев, Л.П.Хохлова, П.Р.Сабади, Т.Байерс, Д.Рензо, В.С.Кривцов-қоғамдық 
ғимараттардың энергиясын ұтымды пайдалану мен сақтау мәселелері, ғимараттар мен 
абаттандыру дизайн дизайн баламалы энергия көздерін пайдалану.
Қазақстан тәуелсіз даму жылдарында әлеуметтік саланы реформалаудың бірқатар 
параметрлері бойынша ТМД елдерінің алдын орап, өз әріптестерінен ілгері озып кетті. Бұл 
зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелері, ТКШ, ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, 
әлеуметтік қорғау салаларына қатысты. Бүгінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен 
мәні қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмірге 
дайындаудан, Қазақстанның үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық игіліктермен кең 
көлемді қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табудан, құқық пен әділеттілік 
қағидаттарына негізделген әлеуметтік қатынастарды бекітуден тұрады. 
Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты дамуды бағдар 
тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз үшін басымдық танытушы 
идеяға айналған мәселе әлеуметтік – экономикалық қиындықтардан, әр түрлі тарихи 
кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына 
қосылу болып табылады. Бұл жерде мәдениеттің гуманистік – адамгершілік қағидаларына 
сүйену, рухани бағдарды ұстануы терең мағынаға ие болды. 
Елімізде көптеген мемлекеттік ірі кәсіпорындар салынуына құрылысшылардың үлесі 
зор. Күрделі құрылысқа біздің республикамызда өте мол қаржы жұмсалады. Құрылыс 
мерзімін елеулі түрде қысқартып, құнын кеміту – құрылысшылар алдына қойып отырған 
маңызды міндет. 
Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу үшін күрделі қаржыны, шикізат және еңбек 
шығынын азайту, индустрияландыру дәрежесін арттыру, құрылысты жоспарлау мен 
ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс өндірісі технологиясын жетілдіру қажет, деп есептейміз.
1921 жылы 5 наурызда Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің шешімімен неке 
сарайының органдары құрылған болатын. Әділет департаменті азаматтық хал актілерін 
тіркеу және апостиль қою қызметін ұйымдастыру бөлімінің мамандарының айтуынша, адам 
баласы дүниеге келген сәттен өмір жолын неке сарайының органдарынан бастайды. Жаңа 
адамның тууы осында тіркелсе, оның өміріндегі маңызды сәттері - некеге тұруы, 
балаларының дүниеге келуі, тіпті өмірінің ақырғы сәті де қайтыс болу туралы акт 
жазбасымен неке сарайының органдарында тіркеледі. Жылдар жылжып, тарих беті сарғайып
сан алуан тағдыр өткенімен, адамдардың өмір деректері осы жерде сақталады. Міне, бұл неке 
сарайының органдарының әр адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатынын көрсетеді. 
Алғаш ірге көтеріп, қаз тұра бастағаннан тәуелсіздік туын көтерген бүгінгі күнімізге дейін 
өркениетті құқықтық мемлекетке жүктелетін міндетті неке сарайының абыроймен атқарып 
келеді. Сондықтан, неке сарайының органдарының 90 жылдық тарихы - халық тарихының 
ажырамас бөлігі.
Өткен жылдар ішінде неке сарайының органдары жүйесінде үлкен өзгерістер болды. 
1998 жылдың желтоқсан айында қоғамдағы отбасылық қатынастарды нақты реттейтін, 
халықаралық талаптарға сай ҚР «Неке және отбасы туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазір 
Парламент Мәжілісінде ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс жобасы 
қаралуда. 
1998 жылы неке сарайының бөлімдері атқарушы органдар жүйесінен әділет 
басқармасының аумақтық органдарына берілді. неке сарайының мекемелеріндегі жұмыс 
1998 жылғы 17 желтоқсанда қабылданған «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы мен ҚР 
Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы №620 қаулысымен бекітілген «Қазақстан 
Республикасында азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы» Ереже талаптарына сәйкес 
жүргізіледі. 
Әділет органдарының алға қойған негізгі мақсаты азаматтық хал актілерін тіркеуде 
заңдылықты сақтау, азаматтардың Конституция кепілдік берілген құқығын сақтау және 
мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. неке сарайының органдарында туу, қайтыс болу, 


264 
неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және 
тегін өзгерту азаматтық хал актілері тіркелуге жатады. 
неке сарайының органдары осы негізгі жұмыстарымен қатар, азаматтық хал актілері 
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді, және оларды қалпына келтіру 
және жою жұмыстарымен айналысады. Жыл сайын неке сарайының органдарында тіркелетін 
акт жазбаларының саны өсуде.
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың алғашқы айынан қолданысқа енген 
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес, туу туралы акт 
жазбаларын тіркеу кезінде «неке сарайының тіркеу пункті» бағдарламасы бойынша жеке 
сәйкестендіру нөмірлері туу туралы куәліктерге берілуде. 
Мұрағаттық құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу нәтижесінде 1935-2010 жылдар 
аралығындағы Батыс Қазақстан облысы әділет департаменті неке сарайының мұрағатының 
қоры сақтау мерзімі 75 жыл болатын 6185 кітапты құрады. 75 жылдан кейін бұл кітаптар 
мемлекеттік мұрағат қорына тапсырылады. Бұл деректердің азаматтар үшін, олардың 
балалары және болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы өте жоғары. 
Азаматтық хал актілерін тіркеуде заңдылықты, азаматтардың конституциялық құқығын 
сақтап, қорғау - неке сарайының органының міндеті. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынысына әсер 
етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп 
қалдырыды,ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
Қазіргі таңда заманауи неке сарайлары түрлі нақышта орындала бастаған, соның ішінде 
ұлттық нақышта орындалуы үлкен сұранысқа ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет