№52 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ана тілі
Ашық сабақ
Тақырыбы: “Қасқыр мен Қозы” ертегісі
Бастауыш сынып мұгалімі: Сабырова Г. Н.
Шымкент
Сабақтың тақырыбы: Қасқыр мен Қозы
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушылардың ертегі мазмұнын талқылау арқылы қиындықтардан жол таба алуға көмектесу.
Сабақтың міндеттері:
-
Топта жұмыс істеу ортасын құру.
-
Оқушыларды өз бетімен ізденуге баулу.
-
Мәтіннің ойын талқылау арқылы тапқырлыққа , сабырлы болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Техникалық жабдықтары: Интерактивті тақта , интерактивті плакат , ноутбук , радио.
Оқыту технолоиясы: СТО.
Топқа бөлу: Суреттер арқылы үш топқа бөлу.
Сабақтың барысы:
-
Қызығушылықты ояту сатысы:
Қасқыр туралы мультфильм көрсету.
-
Бұл көріністе не болып жатыр ? Жеке жұмыс.
-
Бұл ертегі не тураы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар ? Жұпта жұмыс.
Бүгінгі біз танысатын ертегі «Қасқыр мен қозы» деп аталады.
-
Мағынаны ажырату сатысы:
Әр топқа суреттер беріп шығу.
-Бұл суреттер бізге қандай ой салады ?
Топта талқылау . Ұжымның ойын ортаға салу. Әр топтан бір оқушы жариялайды.
Мұғалім ертегіні оқып , балалармен сұрақ жауап өткізеді.
Ертегіні үш бөлімге бөлу , бірінші бөлімді оқып сұрақ қою:
-
Ертегі кейіпкерлері кімдер ?
-
Оқиға қай жерде болды ?
-
Қасқыр қозыға не айтты ?
-
Қозы не деп жауап берді ?
Екінші бөлімді оқып сұрақ қою:
-
Қасқыр тағы не айтты ?
-
Қозы қалай жауап берді ?
-
Балалар сіз қозының орнында болғанда не істер едіңіз ?
-
Ертегі қалай аяқталуы мүмкін ?
Болжау әдісі.
Балалар өз ойларын қағазға жазып оқып береді. Мұғалім үшінші бөлімді оқып береді.
Сахналау.
Кейіпкермен сұхбат. Оқушылар кейіпкерлерге сұрақ қояды.
-
Қасқырға сұрақ.
-
Қозыға сұрақ.
-
Авторға сұрақ.
Оқушылар кейіпкерлерге сұрақ қояды , кейіпкерлер орнындағы оқушылар өз ойларымен жауап береді.
-
Ой толғаныс сатысы
Екі жақты күнделікпен жұмыс жасау. Осы ертегімен танысуда сендерге не әсер етті ? Және неліктен әсер етті деп ойлайсыңдар ?
Бағалау парағымен оқушыларды бағалау.
Үй жұмысы: Осы ертегіні жалғастырып , жаңаша ертегі құрып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |