Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет94/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Тірек сөздер:
тарихи романдар, трилогия, үй мотиві, ақ боз үйдің символдық бейнесі, образ 
трансформациясы. 
ХХ ғасыр әдебиетінде өзіндік орны бар қарымды қаламгер С.Елубайдың тарихи 
тақырыпқа жазылған бірнеше романдары бар. Оның қазақ прозасында өзіндік із қалдырған, 
тақырыбы тың, ойы өзекті шығармаларының шоғыры – «Ақ боз үй» трилогиясы. Ол үлкен 
бір дәуірдің сипатын беретін «Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» атты жеке 
кітаптардан тұрады.
«Ақ боз үй» тарихи романы халқымыздың «рухани дүниетанымын, ұлттық салт-
санасын, өткен дәуірлердің тұрмыстық-моральдық нормаларын танытады» [1, 10 б.]. «Ақ боз 
үй» романында қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы ахуалы, аумалы заман шындығы ел 
санасын, тұрмыс-салтын, өмірін өзгеріске түсірген тарихи оқиғалар: төңкеріс зобалаңы, 
елдің ауа көшуі, аштық т.б. легінде шынайы суреттеледі. «Мінәжат» романы ХХ ғасырдың 


99 
30-жылдарынан басталған қуғын-сүргіннің ауыртпалығына, репрессиялау шараларының ащы 
шындығына арналған. «Жалған дүние» романы ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы тоқырау 
заманының құқайын бейнелейді. 
«Ақ боз үй» романы түн фонында көшіп келе жатқан керуенді суреттеуден басталады. 
Трилогияның «Ақ боз үй» аталуы тегін емес. Шығармада үй символдық мән жүктеген. 
Романның тақырыбына тірек болған үй – метафора-символ, көп деңгейлі образ, оның әдеби, 
діни, мифологиялық негіздері бар. Үй романда алуан бағыттағы көркемдік мағыналарды 
бойына жинақтай отырып, біртіндеп жаңа мағыналық реңк алады.«Өз үйім – өлең, төсегім» 
дейтін қазақ үшін үй – қорған. Ақ боз үй – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан алтын ұясы, 
баспанасы, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрінің, әдет-ғұрпының, ділі мен дінінің тірегі. Ол –
қазақтың кең даласында аспан мен жердің арасын жалғаған бақыттың отауы, құтты мекен, 
сонымен қатар архетип бейне. 
Романда кедей жастардың ақ боз үйдің уықтарын сындырып, қара шаңырақты 
шайқалтып, оны ортасына түсіруі тек жай үйді бұзу емес, көшпенді өмір салтын, ескі 
заманды, қазақылықтың ордасын құртуды меңзейді. Шығармада үй шағын шеңберден 
шығып, кең ауқымға, ұлттың ұясы деңгейіне көтерілген. 
Бірінші кітапта ақ боз үй апат үйіне айналып, құлағаннан кейін күннің райы, табиғат 
«күрт» өзгереді. Жалпы алғанда, табиғат құбылыстарын символикалық тұспалдау тәсілі 
ретінде қолдану – С. Елубай стиліне тән ерекшеліктердің бірі. Елдің бұзылған ниеті мен 
табиғаттың бұзылуын автор психологиялық параллелизм арқылы суреттейді: «Ел тірлігі 
іркіттей іріді. Заман мына желімік күн райындай бұзылды. Әлде, кемпір-шалдар күнде 
қақсайтын «заманақыр» жақындады ма? Мына күнді қарашы. Лайытқан қызыл мұнарттың ар 
жағынан өлеусіреп таусылып сығалайды. Лапылдап тұрған жалыны солған. Оның есесіне 
сексеуіл тоғайдың «шашын жұлқылап» әр жерден бұрқ-бұрқ шаң шығарып қысыр жел еседі. 
Тура батыстан. Ысқырынған әлдебір құдіреттің жер бетіне жіберген кәріндей [2, 102 б.]. 
Баяндау негізінде бұзылған күннің райы, дауылды табиғаттың суреті жатуы мүмкін. 
Сонымен қатар мұндағы табиғат суреті реалдық сипатта емес, ол тұспалдау символикасы 
арқылы қаһарманның «зар замандық», аласапыран көңіл-күйін, ішкі сезімдерін жеткізу 
мақсатында қолданылған. Қазақтың беймарал бақытты заманының символындай болған ақ 
боз үйдің қирауы алдағы аумалы-төкпелі ала құйын заманды, тағдыр тауқыметін меңзейді. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың құтты өмірін, тұрмыс-тіршілігін аламан тасыр ететін 
түбегейлі зор өзгерістің келе жатқанын тұспалдайды. Үйдің бұзылуымен бірге трилогия 
бойында елдің рухани келбетінің, ұлт болмысының бұзыла бастағанын аңғарамыз. Біз 
символикалық тұспалдаудың күрделі көрінісін «Жалған дүние» романында айқынырақ 
байқаймыз. 
Шығармадағы пейзаждың автор психологиясы мен қаһарманның жан дүниесін, ішкі 
өмірін бейнелеудегі қызметі зор. Хансұлу өз өмірінде болар орасан өзгерістерді, тағдыр 
зауалын табиғи түйсігімен сезіне біледі: «Алыс көкжиекпен түнере тұтасып жатқан орасан 
жойқын дария бұларды ә дегеннен сұсымен сескентті. Лайытып, көбіктеніп, жал-жал 
толқындары аунап төңкеріліп, арнасына сыймай толықсыған дарияны жаны бар су екен 
дерсіз. Сол суға, құдіретті жойқын күш иесіне тіке қарауға дәтің шыдамайды. Бойын біртүрлі 
үрей шапқандай Хансұлудың» [2, 301 б.]. Дала фонындағы дарияның жойқын кескіні мен 
Хансұлудың болашақ тағдыры не болар екен деген үрейлі күдігі арасындағы үндестік 
топшыланады. 
Символикалық тұспалдау Хансұлудың ата-аналарының шөл даладағы өлімін [2, 319 
б.] бейнелеуде де қолданылады. Табиғатты суреттеудегі жаратылыстың сыртқы қасиеттері 
(төңкерілген кең аспан және түнерген қара жер) автор мен құм басындағы екі адамның сана 
аясы арқылы көрінеді. Шөл даланың жалпы болмысынан Пахраддин мен Сырғаның 
тағдырына ортақ лебіз байқалмайды. Аспан және «ши бөрідей» тіміскілеген түнгі үрей мен 
еңсені езген ұлы тыныштық жайлаған жердің ортасында дәрменсіз екі жан қалды. Мұндағы 
табиғат суреті азап көріп, аштық қасіретін тартқан жандарға деген заманның қатыгездігін 
танытатын мағынада. 


100 
Үй мотиві шығармада трансформацияға ұшырайды. Романның басында Шегенің қырық 
жамау, ауылдың шетінде қалқиып тұрған «жаман қоңыр үйіне» ауылдың ортасында 
Хансұлудың «айдыны шығып тұрған үлкен ақ боз үйі» қарсы қойылады. Оқиғаның біртіндеп 
дамуына байланысты енді ауылдан шеттеу тұрған ақ боз үй Хансұлуға «баяғыдай айдындап 
емес, қоңырайып жетімсіреп тұрғандай» көрінеді. 
Шығармада ақ боз үй – елдің іші ойран болмаған, адамның ниеті бұзылмаған баяғы 
кезеңмен, мамыражай тірлігімен сабақтас. Сол заманды сағынып аңсағанда қаһарманның көз 
алдына сағымнан жартылай шыққан үлкен ақ боз үй көрінеді. Ақ боз үйі мен қара қазанын 
тастай қашып, бас сауғалауға мәжбүр болған Пахраддин үшін ол ашаршылықтың ақ кебініне 
айналды. Көштің реалистік суретімен басталған роман ақ боз үйдің символистік, рәміздік 
елесімен аяқталады. 
Ақ боз үй бейнесі «Жалған дүние» романында да көрінеді. «Жалған дүниеде» Хансұлу 
тауқыметі мол өмірінің соңғы күндерінде ақ боз үйді, туған ауылын түсінде көреді. Өң мен 
түс арасындағы хал оны қызықты қиял әлеміне жетелейді: «Хансұлу сол түн Аспанындай 
тұңғиық тілсіз тыныштықпен бетпе-бет қалып, ұлан-ғайыр әлдилене тербеледі. Әнеки, 
Хансұлу ғұмыр бойы сағынған, ғұмыр бойы көксеген көшпелі ауыл көрінісі. Сәби Хансұлу, 
абажадай үй ішінде тәй-тәй басып келеді. Еңселі ақ боз үйдің төрінен есігіне қарай 
тәлтіректеп жүріп келеді екен дейді... Мынау Аспанмен таласқан еңселі, іші қызыл-жасыл 
бау – шулы, қазыналы ақ орда, хан сарайындай еңселі биік те зәулім. Енді байқаса, таңғы 
көкжиектен бас жарып көтерілген Күнді бетке алып, ақ көдесі тұнып өскен изенді, жусанды 
даламен жайқала басып, күміс қоңыраулы, сәнді, салтанатты көш келеді... Көш басында 
астау бас биік қызыл нар үстінде, киіз қоршау ішіне қылқиып, ана құшағында сәби Хансұлу 
отыр. Нардың ырғақты жұмсақ аяңына теңселе түсіп, қарсы бет Күн астында ертегідей 
ғажайып, жұмбақ сыр бүгіп жатқан алыс құба жон бейтаныс көкжиектерге ынтыға, үздіге 
қарайды...» [3, 415 б.]. 
Хансұлудың қызығынан қайғысы, зейнетінен бейнеті мол күнделікті қиын өміріне түсінде 
көрген ауылының салтанатты сәні, баяғы бақытты күндері айқын контраст арқылы 
бейнеленген. Бүгінгі кәрілікке кешегі сәби шағы мен жастығы, бүгінгі мұң-қайғысы мол 
өміріне бұрынғы мұңсыз, алаңсыз, бақытты шағы қарсы қойылған. «Әнеки», «мынау», «енді 
байқаса», «енді қараса», т.б. деген сияқты экспрессивті мағынадағы сөздер эпикалық 
баяндауға әрекет, сезім динамикасын, кейіпкер санасындағы сартап сағынышты әсерлі 
леппен бейнелеуге қызмет етеді. «Күн астында ертегідей ғажайып, жұмбақ сыр бүгіп жатқан 
алыс құба жон бейтаныс көкжиектер» деген тіркестегі «құба жон көкжиекке» қатысты 
күрделі эпитеттің құрамындағы фольклорлық дәстүрдегі теңеуден кейін келетін «ғажайып», 
«жұмбақ» эпитеттері суретке мол экспрессивті-эмоционалдық мағына беріп, романтикалық 
ажармен толықтырған. 
Хансұлудың «ғұмыр бойы сағынған, ғұмыр бойы көксеген» арманы, аңсары түс 
формасында көрінеді. Оның қиялдаған дүниесі түсінде көркемдік сипат алады. Мұнда 
көшпелі өмір салтының барлық атрибуттары: ақ боз үй, көл, төрт түлік мал, жер ошақ, асық 
ойнаған балалар, сәнді, салтанатты көш т.б. және ақ орданың оң жағында миық күлкісі шуақ 
шашқан шешесі мен төрде жайғасқан көкесі – Хансұлудың санасында қайта жаңғырады, дала 
фонындағы ақ боз үй түстегі қиял құдіреті арқылы бейнеленеді. Оның аяғын тәй-тәй басқан 
сәби кезі, бойжеткен шағы көз алдынан көлбеңдеп өтеді. Ол өмір бойы осы өмірді, шешесі 
мен әкесінің ортасында өткізген өткен күндерін аңсаумен келді. Түстегі орталық нәрсе – ақ 
боз үй образы омырау соза алға шыққан. Өңінде аңсаған «ауылының осы шағын, бақ-
берекесі бұзылмаған» бейбіт шағын, жанын белгісіз сезімге орап, елегізіткен, өмір бойы 
сағынған дүниесін Хансұлу түсінде ғана табады. «Аспанмен таласқан еңселі, хан сарайындай 
биік те зәулім» ақ боз үй – шырышы бұзылмаған көшпелі ауыл өмірінің берекелі, бақытты 
шағының символы 
«Ақ боз үй», «Мінәжат» романдарында алуан арнада дамыған оқиға желісі «Жалған 
дүние» романында бір сағаға құйылып, ширығып, шарықтау шегіне жетті. «Ақ боз үй» 
трилогиясында қоғамның біртіндеп дамуына, хронологиялық (кезектес) принцип бойынша 


101 
топтастыруға көңіл бөлінген. Мұнда «уақыт бейнесі» бар. Жазушының эстетикалық идеалын 
жүзеге асыруда уақыт, мезгілдік меже қажеттілігі туындайды. Қаламгер романдарында 
халықтың рухани өміріндегі тауқыметі мол тарихи уақыттың бейнесі сомдалады 
Уақыт бейнесі трилогияның тұтас көркемдік жүйесін тіліп өтеді. Сюжеттік және 
тарихи уақыттың сабақтастығы, сәйкестігі жазушы романдарындағы тарихилық ұстанымын, 
дәуір келбетін сомдаған реалистік шеберлігін көрсетеді. «Ақ боз үй» трилогиясының 
алғашқы екі кітабында қазақ халқының басынан өткерген зұлмат-зобалаң күндерін реалистік 
негізде шынайы бейнелеуге күш салса, «Жалған дүние» романында тіршілік философиясы, 
адамның жер бетіндегі миссиясы, мақсаты туралы романтикалық стильдегі автор 
толғаныстары мол ұшырайды. Ол турасында жазушының өзі де «Тағдыр менің қолыма қалам 
ұстатты» атты мақаласында: «Дүниеге не үшін келдік, бұл неткен әурешілік деген 
экзистенциалистік сұрақтар әлі күнге дейін мазалайды. Жаратқан Иенің адамды жаратудағы 
мақсаты не, не үшін жаратты, не үшін Жер бетіне жіберді? Ешбір ойшыл, ешбір философ 
толық жауап бере алмайтын ұлы жоба... Қаламгер басында қайнаған ой оның шығармасында 
бой көрсетпеуі мүмкін емес. Рас, сол өмір деген құпияның сырын ашуға талпындық. Адам 
жан дүниесі дегенің тылсым ғой. «Жалған дүние» романында да сол философиялық 
ізденістер лажсыз төбе көрсетті» [4, 5 б.]- дейді. 
Шығармада адамдық, рухани бастау кеңестік қоғаммен, нақтылы болмыспен қарама-
қайшылыққа түсіп жатады. Өйткені «қоғам адамды тек рухани жақтан өлтіріп қана 
қоймайды. Еңсені көтертпеудің мың сан тәсілін қолданады». Қаһарман рухты, рухани биік 
идеалдарды дәріптеу жолында қиын кедергілерге кезігіп, тағдыр тауқыметін тартып жатады. 
Ол – тағдыр тәлкегіне қарамастан қайнаған күрестің ортасында жүрген жанкешті адам. Ол 
рух тәуелсіздігіне қарсы күреседі. Едіге өзі туралы «әділет жолында жапа шектім» дейді. 
Қоғамдағы рухани тоқырауға қарсы тұрғысы келеді. Едіге рухани болмысын сақтауға 
тырысып бағып, жаратылыстың мың сан сұрақтарымен санасы қатады. Адам үшін не 
маңызды? Адам тірлігінің мәні, мақсаты неде? Адам өмірінің мәні – қарынның тоқтығы, 
көйлектің көктігі ме? Жарық дүниеге келген соң адам баласы үшін тәннің қажеттілігі мен 
жанның қажеттілігі бар. Бірақ адамға, ең алдымен, жанның қажеті, рухтың азығы қажет. 
Соны ұмытқан сәттен бастап, адамның хайуаннан көп айырмасы болмайды. Роман осындай 
ауқымды ойларға меңзейді. Қаламгер мынау нақтылы болмыс, фәни, жалған дүние мен бақи, 
мәңгілік о дүниенің арасын бас қаһарман Едігенің дүниетанымы, талғам-таразысы арқылы 
алуан қырынан таныта алған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет