Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


сана, рухани  қазына.  Annatation



Pdf көрінісі
бет96/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
сана, рухани 
қазына. 
Annatation:
The unique piety of Fariza Ongarsynova in the nuances of national consciousness 
sebede fully described, and also in the verses of the poe tin human society, duty and debt, the is 
suesas a struggle between good and evil, vision is expressed in it. 
Key words:
poet, poetry, character, philosophy, morality, lyrics, brain, spiritual treasures 
 
Ақын Фариза Оңғарсынова ұлт санасына, руханият қазынасына орасан еңбек сіңірді. Ол 
өнер әлемі мен қоғам санасына, өзінің теңдесі жоқ нәзік лирикасымен, семсердей шымыр 
әлеуметтік сөзімен өмірдің шындығын, қоғамның қайшылықтарын жалтақсыз айтуымен 
ықпал етіп, ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік жолын салып, 
дүниетанымын қалыптастырып кетті. Ұлт санасына сапа қосты. 
Ф.Оңғарсынова шығармашылығына көрнекті әдебиет өкілі Ә.Тәжібаев та өз бағасын берген: 
“Мен Фаризаның махаббат жырларынан бәрімізге ұқсамайтын өзгешелік көремін. Бұл 
қайсымызды болса да ойландыратын өзгешелік. Адамның шартты түрдегі ережелерге, 
канондарға, ескірген әдет, дәстүрлерге тұтқын болып қалмай босануын, өз сезімін ұрламай, 
жасырмай, бүкпей сөйлеуін қазақ поэзиясында батыл жырлаған осы Фариза”,-дей келе 
Ә.Тәжібаев ақын өлеңдеріндегі ұқсас ерекшеліктеріне, жинақтағы бейнелі тіркестер 
қолданысына назар аударады [1, 7].
Ақын Ф.Оңғарсынова поэзиясының шырқау биіктерге көтерілгенін өз дәуірінде танып, баға 
берген “алыптар тобының” өкілі Әкім Тарази: “Мен ақын Фаризаны бүгінгі поэзиямыздың 
ең жоғары сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көремін” деп ой түйген [ 1, 
8].
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін 
шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ф. Оңғарсынованың өлеңдерінде Махамбет өлеңдерінің екпіні, Махамбет өлеңдерінде ғана 
кездесетін, лирикамен қатар жүретін ашу – ыза екпіні бар. Фаризаны мақтау қажет емес, 
мақтану керек. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған 
кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, 
берер дәрі-дауасы – поэзия.
«Асау толқын» атты өлеңінде:
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа 
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім 
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде. 
О, асау толқыным менің! – 
деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады [2, 
1].
Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – 
махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде 


103 
публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, 
психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз.
Ақынның «Жаз» деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына 
елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі 
келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың 
басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр. Бұл – әсем 
Алатаудың көз тоймас келбеті ғой! Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз 
жеткіземіз:
Күн шықты жанарыңнан нұр атылып, 
Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып. 
Жартыкеш ай барады жаутаң қағып, 
Үйінен кеткен қыздай ұзатылып. 
Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген 
табиғат көрінісі бар. "Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай 
қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын 
сезімге ұқсайды", – дейді ақын [2, 4]. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек 
Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.Фариза 
өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын 
жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз. 
Фариза ақын өлеңінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парыз, жақсылық пен 
жамандықтың күресі сияқты келелі мәселелерге өз көзқарасын білдіреді. Оның «Адам деген 
– уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, 
аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!» 
Адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай 
келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар, ақын
түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», - 
дейді.Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде 
адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-
жүрегімен жек көретін ақын. 
Ақынның «Қорғаныс» өлеңі өмір жайлы: 
Ақын өлең барысында өмір сүрудің өз-өзіңді қорғау деген философиялық тұжырым жасап 
алады да, өзінің жан сезімі өзіне қалқан, қорғаныш болып келе жатқанын баяндайды. 
Мидай жазық жан-жағы 
Бекінісім - кең дала. 
Әскерімнің сардары, 
Сарбазы да мен ғана - деп, ақын мидай жазық кең даланы өзіне бекініс деп, сол даланың
сарбазы тек өзі екенін айтып, кең далаға құшағын жаяды. Кеудесін садаққа, жырын жебеге 
балап, жебе- жырмен қорғанады. Ақын кімнен, неден қорғанады?! Ақын жаны нәзік те пәк. 
Сол пәк жан өмірдің әділетсіздігінен, қатыгездігінен қашады. Жанын ластанудан қорғайды. 
Өз өлеңінен қорғанатын орман ық іздейді. Бірақ таппайды. Табиғаттың желі мен жаңбыры 
да - ақын жанының тереңіндегі иірімдер. Мынау тірліктен басы қатып, белі үзілердей әрең 
жүрген кейіпкермен қоса, сіз де бірге шаршап кеткендейсіз. 
Көлемі шағын болса да, лирикалық өлеңнің шешімі ақындық шабытпен әсерлі жеткізілген. 
Ақындық шешімнен өмір, тағдыр, адам туралы ұғымды барлаймыз. Өмірді өле сүймейтін 
жұмырбасты кем шығар. Бірақ дәл ақын сияқты сүю басқа, дүниеге ақын көзімен қараған бір 
бөлек. Ақын ылғи да жастықтың мәңгі ескерткішіндей айдарынан жел ескен сол баяғы 
албырт та аңғал, таза да пәк, шынайы, алғаусыз әлди құшағында қиялға бергісіз ғажайып 
жұмбақ күй кешеді де жүреді. Ақын өлеңдері кәдімгі өмірдің әрі көркем, әрі жарқын тұсы, 
болмыстың эмоциялық келбеті 
Ақын «Сұрақ» атты өлеңінде: 
Жарқыраған ғұмыр – Күн, 
Білгім келіп сырын мың 


104 
Өзгеге де үңілдім, 
Өзіме де үңілдім. 
Үңілдім де түңілдім- 
Құпиясын тірліктің 
Түсіне алмай мұң жұттым [3, 528]. 
Тірліктің құпиясын түсіне алмау - терең сезім. Өтпелі дүниенің жұмбақ жаратылысын, уақыт 
тынысын, күй-жайын, табиғат пен адам болмысын осынау көркем нақыштан көреміз. Ақын 
қай тақырыпта жырласа да, шындық аулынан бір адым да аттамайды. Әр өлең – ақынның 
жан -дүниесінен хабар беретін ақиқат негізі. Жүрегінің күнделігі.
Ақынды ақын ететін – табиғат. Ақындықтың оқу-тоқуы жоқ, ол құдіреттің сыйы. Сол ақын 
жан ең алдымен дүниені зерттеуші. Осынау жер-жаһанды шынында қандай күш жартты? 
Ақын сол құпияның сырын ашқысы келеді. Ол космонавт та, ұшқыш та, психолог та, биолог 
та, астроном да... Шынында да ақын деген ұғым барлық мамандық атаулымен байланысты. 
Бұл ойларға біз жалпылама философия деп жалаң қарамауымыз керек. Ой түйіндерінен 
тұңғиық шындық пен биік мән-мұратты пайымдаймыз. Осы орайда философ Ф. Шлегельдің 
ойына жүгірер болсақ: «Поэзия мен философия – бөлінбейтін біртұтастық, бірақ тұтастығы 
сирек болғанмен, олар адамгершіліктің биік шыңы мен ұлылығын өзара бөліседі. Бірақ 
олардың әр түрлі бағыты орта кезеңде түйіседі, мұнда ұлылықтың ұлылық тұңғиығында 
поэзия мен философияның рухы біртұтас, бірлікте, бір-біріне кірігіп кеткен»[3, 529]. Яғни 
поэзияға да философия сияқты ішкі құндылық, жұмырлық, құпиялылық тән. Ал, Ф. 
Оңғарсынованың мына шумақтарында романтикалық рух бар: 
Алыстарға кетейік, 
Қаланың бізді көп жалықтырған күйбеңдерінен жыраққа. 
Ақ боз тауларға аймалап жатқан күміс шолпылы бұлақтар 
Сен ғажайып ертегілердің батыры астындағы 
Арғымақ атпен айшылық жолды бір аттар. 
Өзіңе ғана табынған ессіз мен нәзік ару болайын 
Дозақ боп сенсіз көрінсін тіпті жұмақ та [4, 130]. 
Ақын қиялы алыстарға кеткен. Қаланың көп күйбеңдерінен жалыққан ақын
жыраққа кеткісі бар. Айшылық жолды бір аттайын арғымақ атты сан ғажайып ертегілердің 
батырын елестете отырып, сол батырға ессіз табынған нәзік ару болып, қиял әлеміне енеді. 
Лирикадағы қиял да – ақынға жабыққан сәтінде адам романтикалық әлемге бойлайды да, 
соның нәтижесінде ішкі дүниеде әлденеге тиянақталғандай сезім пайда болады. 
Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен «Ұлы Адам, үлкен адам еш уақытта мен ұлылыққа 
қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алысып әуре. Өзінен-өзі күнде жеңіліп 
қиналады. Өзінен-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардьң қатарында. Фариза әлі 
де алыс-алыс замандарда өлмeйтiн, биік тұғырлы шығармалар жазады» деп 
қорытындылаймыз [5, 96].
Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған 
емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей. 
Мұның біріншісі – бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі – сирек те болса 
шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры сыйлайтын бәсіресе – бағы, 
өзіне тиесілі сыбағасы. Фариза ақынның поэзиялық-көркемдік әлеміне мейлінше ден 
қойғанынды, өте-мөте сүйетіндігіңді бүгіп қалу еш мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет