Аурулардың жазылмайтындығы туралы ойларға биімделу.
Оптимизм - дүниеге үміт көзімен, сеніммен караушылық, үмітсіздіктен аулақ болушылык. Дүниеде ізтілік үстем болады, әділет салганат күрады және барша жүрт бақьттка кенеледі деген сенімділікке негізделген дүниетану түсінігі пессимизмге карамақайшы. "Оптимизм" термині алғаш рет біздің әлем "ықтимал әлемдердің ең жақсысы" деп пайымдаған философиялық (Г.В. Лейбництің) ілімді сипаттау үшін қолданылды. Бертін келе Оптимизм даралық не бүқдралық сананың жалпы эмоциялық үндестігін бейнелейтін неғүрлым кең мағына алды. Оптимизм тікелей сезімдік дүниетану түсінігіне де, түтастай дүниетанымға да төн болуы мүмкін. Қоғам өрлеп, мәдениет өркендеген кезеңцерде адамдардың көңіл күйінде үстем болын, оларды дүниеге және өз тағдырына әрекетшіл, белсенділікпен карауға ынталандырады. Оптимистік ауан әлеуметтік сілкіністер кезінде де пайда болын, оларды еңсеруге жәрдемдесуі мүмкін. Оптимизм тұтас алғанда сындарды, адамдарды болмыска көңілі толушылық сезіміне бөлейді. Канағатшылдық, қуанышы, бақыты сүйініштерімен ұштасады. Алайда, ол болмысты сыни тұрғыдан ұғынумен үттаспаса, адамдарды тек жағымды жайттарды ғана қабылдауға бейімдеп, тұлғаның орнықты психологиялық ұстанымы нысанына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда санада адамдарды бағдарынан жаңылдыратындай, уақытша дұрыс шешімге келуіне, қоғамдық үрдістерге араласуына кедергі келтіретіндей әртұрлі жалған үміттер үялайды. Мұндай көңіл күйде қоғамдық сана сезім баскдцай мүдце көздеген адамдардьщ тарапынан бұрмалауға, өз мақсаттарына пайдалануына оңай беріледі. Кейін бұқараның бұған көзі жетуі оны қатты түңілдіріп, Оптимизм орнына пессимизм басым болуы мүмкін. Қоғам сындарды өзгерістер жағына іс-жүзіне ауысқанда ғана адамдардьщ сана-сезімі болмысты неғүрлым жарқын өміршендік ауанда бағамдауға ойысады. Зұлымдық жеңіліп, ізтілік үстемдік ететін қоғам орнатуға болады дейтін түсініқтер қиял және осы себепті әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болып шығады. Бұл екі категория — адамзат өмірінің мәңтілік серіқтері және олардың түптамыры — адамның өзінде.