114
«Қара бір шашым жаяйын
Жаяйын да жиайын
Кінәлі бармақ жезтырнақ
Күнде қанға бояйын
Албыраған
ақша бет
Сүйегіне таяйын
Мөймілдеген қара көз
Жаспенен оны ояйын» [1, 36].
Адамның бүкіл жан-дүниесін босатып, тұла бойын елжіреткен шын сезімнен туған
қаралы өлең бұл. Осы сияқты басқа жанрларға арналған фольклорлық мысалдарды алсақ та,
кітаптың авторы Мұхтар Әуезовтің ауыз әдебиетіне деген эстетикалық талғамының биіктігін
танытады.
Халық творчествосын жүйелі түрде жинап, оған ғылыми талдау жасау жиырмасыншы
жылдар үшін тарихи мәні бар іс еді. Оның ғылыми көзқарасында қазақ халқының ұлттық
топырағында туған фольклор үлгілерінің бәрін жинап бастыру, әрі зерттеу әдісі аса
құптарлық мәселе еді.
1936 жылы Леонид Соболевпен бірігіп жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры»
деп аталатын очерктерінде ауыз әдебиетінің орыс тіліне аударылған көптеген көркем
нұсқалары енген. Қазақ фольклорын орыс тіліне аударып жариялауды түрколог ғалымдар:
Ә.А.Диваев, Г.Н.Потанин, А.Е.Алекторов тағы басқалар ХІХ ғасырда-ақ қолға алып, жүзеге
асырғаны белгілі. Бұл ретте Әуезов жоғарыдағы түркологтардың жақсы бастамаларын жаңа
дәуірге сай жалғастырып қана қойған жоқ, фольклор нұсқаларын ғылыми зерттеу
еңбектерінің басты нысанасы тұрғысында қарастырды. Мәселен, ол жазушы Л.Соболевпен
бірге жазған «Қазақ эпосы мен фольклоры» атты очеркінде халық поэзиясының шағын
түрлері тұрмыс-салт жырларынан көптеген үлгілер пайдаланған [2, 36]. Атап айтқанда, «жар-
жар», «сыңсу», «беташар», «қоштасу», «естірту», «жоқтау» өлеңдерінің көпшілік халыққа
кеңінен тараған көркем үлгілерін
мол қамтып, қазақтың фольклорлық бай қазынасынан
халықтың рухы биік шығармаларды таңдап алған.
Бұл өлеңдер әлеуметтік мазмұнының шынайылығымен, сыртқы түр құрылысының
образды көркемдігімен ерекше тартымды. Фольклортанушы Әуезовтің ауыз әдебиеті
үлгілерін зерттеушілік қызметінде оның реалистік, сыршылдық, көркемдік сыйпатына
ерекше көңіл бөлу әдісі айқын көрінеді. Ғалымның басылымдағы эстетикалық биік
талғамдары мен таңдаулары ондағы «Сыңсу», «Беташар» өлеңдерінен де анық байқалады.
Мұхтар Әуезов 40-жылдары ертегілер туралы монографиясын жазғанда, оның қолында
қазақ ертегілерінің ұшы-қиырсыз көптеген материалдары болған.
Осы мақсатпен жинаған фольклорлық материалдарының ішінде ел арасынан жазып
алынған «Жұпар қорығы», «Еділ-Жайық» және «Бозінген» ертегілері көңіл аударарлық
көркем дүниелер. Бұлардың ішінде мазмұны мен түр көркемдігі жағынан ерекшелеуі «Жұпар
қорығы». Оның қысқаша мазмұны: «Ақтабан шұбырынды» заманында халық жер-мекенінен
айырылып, азып-тозып шұбырып кетеді. Ел ішінде ауыр жұт болып,
жұрт қатты
ашаршылыққа жоқшылыққа ұшырағанда, Жұпар деген жесір әйел жаңа жерде диханшылық
кәсіп жасап, ағайын туыстарын апаттан сақтап қалады. Оның тапқан қорығы айналасындағы
елге ырыс-дәулет болып шығады.
«Еділ-Жайық» ертегісінде ағайынды екі адамның бастарынан өткізген қиял-ғажайып
істері баяндалады. «Бозінгенде» ботасы өлген інгеннің зары жайында әңгімеленеді.
М. Әуезов фольклордың сирек кездесетін жанры Шаншар, Битан-Шитан, Қонтай-
Тонтай, Текебай, Айдарбек, Торсықбай жайындағы анекдоттарды ел арасынан көптеп тауып,
ғылыми айналымға түсіреді. Кейбір әңгіме-анекдоттарды пайдаланғанда, оның толық
мазмұнын жазып ала бермейді. Мысалы, Қонтай-Тонтай туралы қолжазбасында: «Молдалар
мазақ етіледі» деп қана түсінік берілген. Торсықпай жайында: «Байдың молдасын, бата
оқырын мазақтайды» деген ғана мәлімет бар. Айдарбек, Текебай туралы да берген мәліметі
осындай бір-екі сөйлем.
115
Ал, ғалымның ертегілер туралы ғылыми зерттеу еңбектерінде жоғарыдағы аттары
анекдот-аңызға айналған адамдарға толығырақ тоқталады:
«Бұл қатарда біз ел арасында аңыз болып тараған атақты Битан-Шитан қуларын,
Қонтай-Тонтай, Текебай қуды, Айдарбек,
Торсықбай сияқты, талай қазаққа аттарымен,
күлдіргі мінездері, мысқыл әжуалары әйгілі болған адамдарды айту керек. Бұлардың істері
мен мінездеріне, тапқыр сөздеріне байланысты туған ұзынды-қысқалы әңгімелер қазақтағы
анекдот үлгілерін көрсетеді. Әсіресе, соңғы дәуірдегі халықтың юмор, қоғамдық иронияның
жаңалап өскелеңдеген үлгілерін танытады.
Қонтайдың өлерінде: «жазыла-жазыла» қожа-молдалардан да ұят болды, - енді өлмесек
болмас» деп, дәл өлер минутінде жиналғандарды қыран күлкіге батырған мысқылшылдығы
мен тапқырлығы көрінеді.
Торсықпайдың жалаңаш күйінде батпаққа аунап, өлген байдың моласының ішіне кіріп
жатқан, одан әрі бата оқыр жасап келген байдың бәйбішесі, нөкерлері және әсіресе бай
ауылының молдасы сияқты адамдардың бәрін көрден шыққан өлік болып қорқытып
мазақтауы, діншілік ұғым нанымдарға халықтың санасы мен ойы бой ұсына бермегенін
көрсетеді.
Айдарбек сияқты күлдіргілер қазақ салтындағы қыз ұзату, келін түсіру, немесе қыз
алып қашу сияқты әдет-ғұрып кезінде қыз орнына кемпір салып жіберіп көпшілікті күлкіге
кеңелтіп отырғанын білдіреді.
Ғалымның жеке архивіндегі «Үш таздың ертегісі», «Орыстың молдасы мен жалшысы»,
«Марал жігіт», И.Н.Березин материалынан алынғаны көрінеді. Ал «Шыңғыс-хан», «Алаш-
хан», «Происхождение казахов», «Поколение казахов», «Еркөкше - Ерқосай», «Сүлеймен
пайғамбар», «Қызыр», «Дочь кызыров», «О рогах Ескендира», «Байғыз»
деген ертегілер
Г.Н.Потанин материалдарынан алып пайдаланылған [3, 161].
Енді біралуан ертегілері: «Ежігелді», «Молданың үйінде оқыған бала», «Қасқырбай»,
«Хан-Шентей», «Еркем-айдай», «Жақсылық, Жамандық жолдас болған», «Ханның қызы»,
«Дудар қыз» В.В.Радловтың жинаған Түрік тайпаларының халық әдебиеті үлгілеріне
ұқсас.Ғалым кейінгі топтағы ертегілерінің ішіндегі айшықты сөздерге, мақал-мәтелдерге
ерекше көңіл бөлген. Мысалы, «Жақсылық, Жамандық жолдас болған» ертегісінен: «Ай десе
аузы жоқ, күн десе көзі жоқ», «Жақсылық патша болды, Жамандықты қасқыр, түлкі,
жолбарыс жеп қойды», «Ханның қызы» ертегісінен «Жақсы әйел жаман ерді түзейді»,
«Дудар қыздан» «Әлім қылып пісірді, арса қылып түсірді», «Ерте тұрды», «Бет-қолын
жуды», «Жүректей жерден жұрымдай түтін шығады», «Барша мұрат баласына жетті» [4, 85]
– деген сөздердің астын сызып отырған.
Мұхтар Әуезов ғылыми зерттеу жұмысын тек бұрынғы жиналған дайын материалдар
көлемінде ғана емес бүгінгі күнде де халық арасында мол сақталған ауыз әдебиеті дәстүрі
негізінде жүргізді.
Қырқыншы
жылдары
айтыс
өлеңдерін
арнайы
зерттеу
мақсатымен
де
М. Әуезов бұл жанрға жататын көптеген шығармаларды қарастырады. Зерттеуші
материалдарының арасынан табылған «Ұлбике мен Жанкелдінің айтысы» бұрын еш жерде
жарияланбаған шығарма. Бұл айтыста Ұлбике тұрпайы сөзбен төтеп бермекші болған
қарсыласының әрекеттеріне жүйелі ой, тапқыр сөзбен тойтарыс беріп, ойсырата жеңеді.
Фольклор М.Әуезовтің ғылыми зерттеулерінің сарқылмас қоры болғандығын оның өз
еңбектерінен
ғана емес, кейінгі зерттеушілердің де салиқалы салмақты мақалаларынан айқын
көруге болады. Соның дәлелі ретінде 2002 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінің 22
наурызындағы санында жарияланған Мейрамбек Төлепбергеннің зерттеу мақаласында тал
бойына алуан өнер дарыған Ұлбике Жанкелдіқызының өмірі, өлеңі және өлімі туралы
көптеген құнды деректер келтірілген [5, 78].
Сонымен, фольклор Мұхтар Әуезовтің ғылыми шығармашылығының сарқылмас қоры
мәселесінде ғалымның ғылыми шығармашылық лабораторияның ішкі құпия сырын ашу
мақсатында жүргізген зерттеулер барысында төмендегі ғылыми нәтижелерге қол жеткіздік:
116
- М. Әуезовтің бала кезінен фольклорға ерекше құштарлығы, ақындардың,
жыршылардың, шешендердің ауыздарынан шыққан ертегі, аңыздарды, қисса-дастандарды,
шешендік
сөздерді, мақал-мәтелдерді бар ынта-зейінімен қажымай-талмай тыңдау, жазып
алушылық әдеті.
- Фольклорды өз бетімен жинай бастауы – оқушылық, студенттік кезеңі.
- Алдына белгілі бір мақсат қойып, бағдарлама жасап жинап-бастыру қызметі –
оқытушылық, ұстаздық кезеңі. Фольклорды ел арасынан жинауға оқушы жастарды, халық
әдебиетіне жанашыр көпшілік жамағатты тартуы.
Фольклоршы-ғалым М. Әуезовтің осы саладағы ғылыми шығармашылығы бұл
айтылғандармен, яғни, фольклорды өз тарапынан жинап бастыру, оған Қазақстанның әр
түкпіріндегі адамдарды тарту, оны әдіскерлік-педагогтік еңбектерінде, ғылыми зерттеу
шығармашылығында пайдалану сияқты кең ауқымды жұмыстармен шектелмейді.
Достарыңызбен бөлісу: