Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы : Зерттеу жұмысының барысында
алынған нәтижелер мен қорытындылардың теориялық және практикалық маңызы елеулі. Зерттеу
нәтижелерін мектептерде пайдалануға болады.
Қазақ халқы сөзге бай халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана
білген. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете
отырып, ерекше қолдана білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз
шығармаларында көркемдеп суреттеген. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл - күйлерін,
халқының, елінің тағдырын суреттей білген.