249
жалпы білім беру саласында тәлім – тәрбиелік мәні зор халықтық қолөнер туындыларын оқу
- тәрбие үрдісінде қолдану жағдайлары күрделі зерттеуді талап етеді.
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған,
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде:
«Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді.
...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деген
сөзі осының айғағы.
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Мүсінді
«скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген
латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы пішіннің барлық көлемін анық
көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер
балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол
кездегі мүсіндер өзіндік ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол
кездегі адамдардың тәжірибелері, сайман –құралдары, керекті заттары – мәрмәр тас, гипс,
балауыз, темір қорытындысы т.б. заттар болған жоқ.
Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі
Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның «Давид» атты
жұмысы бүкіл әлемге танылады.
Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде
жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан
бұрын 8 – 2 ғасырларда дамыған «Аң стилі» ежелгі Мүсіндеменің
көрнекті мысалы бола
алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған
Мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия, Рим, Ассирия, Вавилон) ажырамас
бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы
Мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің
(Мирон, Скопас, Геркулес, Циклоп, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта
ғасырлардағы Мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге
(Құдай ана ғибадатханасы, Париж; Буддистік шіркеулер, Үндістан) арналды. Қайта өркендеу
дәуірінде, Мүсіндеме адамзаттың ерлікке,
еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық
қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі. Донателло, Микеланджело, Гужон, Пилон, тағы
басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-
қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды.
18 – 19 ғасырларда Мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында
дамыды. Оның құрамында, классик, примитивизм, кубизм (П.Пикассо), конструктивизм
(Н.Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы Мүсіндеме бар.
Қазақстан жеріндегі Мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол
палеолит дәуірінде пайда болып, Сақтар мен Түрік қағанаты тұсында кеңінен дамыды. Ата-
баба
рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал
тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) Мүсіндеменің
көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі Мүсіндеме өкілдерінің (Б.Төлеков,
Е.Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық
батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі
Мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр
ерекшеліктерімен
ұштаса отырып дамып келеді (Е.Рахмадиев, Н.Далбай, Ш.Төлешев). Сонымен қатар
Мүсіндеме әлемдік техника жетістіктерін, өткен мен бүгінгінің өзара үндестігін және
дүниежүзіндегі Мүсіндеме саласындағы жетістіктерді бейнелеуге және халық мақтанышы:
ақындар, батырлар, қоғам қайраткерлері мүсіндерін сомдауға бағытталған (Кенесары мүсіні,
Астана, 2001; Мұқағали Мақатаев, Алматы, 2003; Әл-Фараби мүсіні; ҚазҰУ қалашығы, 2004,
тағы басқа). Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері
тас дәуірінде пайда болған. Бұл тас мүсін – Балбал тастар. Оны жасауға сопақ пішінді
тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі
250
тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып
келеді.
Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден
айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі.
Бүгінгі таңда мүсін өнері қайта өзектілікке ие болды. Барлық әлемдегідей ол дамудың
жаңа серпінінен пайда болып және өткеннің жетістігін қайталап қана қоймай, сондай-ақ жаңа
технологияларға сүйенген қызықты жаңалықтар алып келді. Өнерге жақындаған сайын біз
рухани байып, дамып, өсеміз.
Кейінгі уақытта Қазақстан республикасында мүсін
өнерінің дамуы, оған заманауи
сәулетші-дизайнерлердің қызығушылығының өсуімен байланысты деп пайымдалады. Бүгінгі
таңда Қазақстанда мүсін өнері қарқынды дамуда. Қазақстанда мүсін өнерінің көне
болмағанымен өзінің қызықты, әрі қайталанбас тарихы бар деп айтуға толық негіз бар. Бұл
өнердің дәстүрлері біздің елімізде аз көлемде зерттелген. Қазақстандағы мүсін өнерін
айрықша айқын, ерекше етуге үлкен талаптар бар, әсіресе еліміз бен шетелдерде сұранысын
көбейту маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: