79
Қазақстан халқының 84,8%-ы (қала халқының 92,5%-ы, ауыл халқының 74,9%-ы) меңгерген.
Шет ел тілдерін білу жағы да белгілі: 107,1 мың адам (0,7%) ағылшын, 37,9 мың адам (0,3%)
неміс, 15,4 мың адам (0,1%) түрік, 0,2 мың адам француз тілін меңгерген.
Республика халқының 90,2%-ы өз ұлтының тілін меңгерген (өз ұлты тілін
меңгергендер – өзбектің 97,0%-ы, ұйғырдың 81,3%-ы, әзербайжанның 50,1%-ы, татардың
37,1%-ы, корейдің 25,8%-ы, немістің 21,8%-ы, украинның 16,1%-ы, белорустың 13,5%-ы).
Мемлекеттік тілді меңгеру жағынан Қызылорда облысының халқы бірінші орында (97,2%),
Атырау облысының халқы екінші орында (92,8%), Оңтүстік Қазақстан облысының халқы
үшінші орында(88,6%) [1,36]. Бұл ұлт өкілдері бүгінде өзара тату-тәтті,
бірлікте және
жарасымды тіршілік кешуде. Қазақстандағы халық тілдерін сөйлеушінің саны мен атқарып
келе жатқан қоғамдық қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
қоғамдық қызметінің ауқымы кең, тар және нашар дамыған тілдер. Алғашқы топқа қазақ
және орыс тілдері жатады[2,72].
Қоғам қашан да қозғалысқа, өзгеріске, дамуға бейім тұрады. Осыған сай тіл де
дамиды. Оның белгілі бір қатпары өзгеріске көне бермесе, ал оның қайсыбір қатпарлары
жаңалыққа, өзгеріске бейім тұрады. Сол секілді даму да үнемі бір қалыпты
бола бермейтін
құбылыс. Қазақ елін мекендеген этностық топ тілдерін алатын болсақ, олардың дамуын екі
жақты қарастырған жөн: бірі– түп-тамыры басталған өз этносы, екіншісі – өз елінен тысқары
дамуы[3,74]. Мысалы, орыс тілі – өз ұлты ғана емес, көп ұлт қолданатын тіл. Лексика
саласын алып қарайтын болсақ,газет –журнал беттерінде (являеться депутатом городского
маслихата, акынов казахстана и Кыргызстана обьединяют, звуки домбры....)қазақтың төл
сөздерінің қаз-қалпында орыс текстерінде кездесуі Қазақстан тұрғындары үшін түсінікті
болса, орыстың өз халқына түсініксіз.. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде
де араб-парсы ( шәкірт, молда, дәулет, зейін, ар, амал) және орыс тілдерінен (барқыт, закон,
зауыт, сот, партия, номер, единица, президент, конституция) енген көптеген сөздер бар.
Орыс тілінен енген
сөздердің тегі орыстікі емес, латыннан шыққан. Сонымен қатар қазақ
тіліне орыс тілінен ауысқан 12 әріпті мысал ретінде келтіруге болады. Ол 12 дыбыс
(в,е,ф,х,ц,ч,щ,э,ю,я,ь,ъ) қазақ тілінің байырғы төл сөздерінде қолданылмайды, тек орыс
сөздерінде қолданылады.
Белгілі бір уақыт кеңістігінде өмір сүретін тілдер арасында бір-біріне әсер ету
құбылыстары байқалады. Тілдердің өзара әсері екі түрлі жолмен болады. Бірі–тоғысу
түрінде,
екінші
жолы
–тілдік
элементтердің
(дыбыстардың,морфемаларлың,сөздердің,сөйлем құрылысының) енуі түрінде. Тілдердің
тоғысуы процесінде субстрат,суперстрат,адстрат деген құбылыстар пайда болады.
Субстраттардың нәтижесінде жеңген тіл жеңілген тілден сөздер мен жеке
дыбыстарды, кейбір морфемаларды қабылдайды. Субстрат дегеніміз–жеңілген тілдің жеңген
тілдегі элементтері. Мысалы,қазіргі Франция жерінде ертеде келт( галль) деген халық
тұрған. Оларды француздар
мен испандар жаулап алып, ол халықтың тілі жойылды. Бірақ
қазіргі француз бен испан тілдерінде сол жойылған келт тілдерінің кейбір элементтері
сақталған.
Мысалы,
француз
тіліндегі
И
дыбысы
–
келт
субстраты.
Суперстрат –керісінше, жеңген халықтың жеңілген халық тіліне қалдырған ізі,әсері.
Адстрат
–жарыса
қатар
өмір
сүретін
тілдік
элементтер.
Ал енді тілдің өзара әсерінің екінші жолы ( тілдік элементтердің енуі) жайында сөз
қозғасақ.[4,96] Удмурттар(фин-угор тобы) мен татарлар (түркі тобы) бұрыннан көршілес
халықтар болғандықтан,олардың тілі бір-бірлеріне әсер етпей қоймаған. Татар тіліндегі ДЖ
дыбысы удмурт тіліне ауысқан. Бұл дыбыс басқа фин-угор тілдерінде жоқ. Басқа түркі
тілдерінде ұяңнан басталатын сөздер чуваш тілінде қатаңнан басталады. Мысалы: дауыл-
тавыл, бас-пус. Бұл көрші ел марий тілінің әсері екен. Ол тілде дауыссыздан басталатын
сөздердің
басқы
дыбысы
әр
уақыт
қатаңнан
басталады.
Өмірдегі барлық салалардың дамуын тілдердің қызмет ету жағынан дамуымен
ажырамас байланыста қарастыруға болады. Мысал ретінде
Ақтөбе облысының өмір
салаларындағы тілдердің қолданысын қарастырып көрсек. Зерттеу нысаны болып отырған
80
Ақтөбе облысындағы қоғамдық –саяси салада қазақ, орыс тілдері қолданылады. Мемлекеттік
мекемелерде іс-қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал мемлекеттік емес мекемелерде
орыс тілінде. Мемлекетік тіл –әлемдегі елдердің қай-қайсында болмасын қоғамдық-саяси
салада алдымен қолданылатын тіл. Бұл біздің соңғы Конституциямызда көрсетілген (7-бап).
Ағарту саласы бойынша бұрындары қазақ-орыс тілдерінде тәрбие-білім берілсе, қазірде
ағылшын тілі қосылуда.Тұрмыс пен отбасы саласында қазақ отбасылары қазақ тілін жақсы
қолданатындығы байқалады. Бұл салада ескеретін нәрсе отбасы мүшелерінің үйдегі
қатынаста қолданатын тілі. Қазақстандағы көптеген этностық топтар өкілдері өз отбасында
өз тілінде сөйлеп, ұрпағына өз тілінде тәрбие беруге тырысады және де осы құбылыс Ақтөбе
облысын мекендеген өзге ұлт өкілдерінің отбасында да байқалады. Ғылым саласында да
қазақ тілімен қатар орыс тілінде де көптеген еңбектер жазылуда. Ал қазір ағылшын тілінде
көптеген зерттеу жұмыстары жазылуда. Ал соңғы кездері қазақ тілі дін саласында
кеңінен
қолданыла
бастады.Бүгінгі
күні
облыс
аумағында
түрлі
дөңгелек
үстел
отырыстары,семинарлар,кездесулер және т.б. шаралар өткізілуде. Мәдениет саласы бойынша
бүгінгі күні Ақтөбе облысында мемлекеттік жүйеге қатысты түрлі музейлер, кітапханалар,
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония
және де т.б. мекемелер халыққа қызмет етуде. «Мемлекеттік тілді дамытудың тоқайласар
торабы– мемлекеттік тілді қызмет,ал оның тірегі-басқару мен ұйымдастыру және ақпарат»
деген еді Б.Хасанұлы[ 1, 60].
Әр ұлттың өз тілі – даму мүмкіндігі мол тіл, әлемдегі барша тіл атаулыдан ішкі
құрылысы арқылы дараланып,
ерекшеленеді, өз аумағында тарихи дамудан өтіп, төл
мәдениетінің дамуына, ұлттың дамуына үздіксіз қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: