Дүниетаным- жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп әсер етеді. Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.
Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.
Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.
Дүниетанымның бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Дүниетаным ұғымын қалай түсінесің?
Адамның дүниеге көзқарасын қалай қалыптастыра аламыз?
«Дүниені тану үшін бірінші өзіңнен баста» дегенді қалай түсінесің?