Тобы: 1801-12 Қабылдаған: Тилеубаева Г. У



Дата04.12.2022
өлшемі1,19 Mb.
#161122
Байланысты:
Әлеуметтану


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университет
Қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтар
Орындаған:Аулбек Жадра
Тобы:1801-12
Қабылдаған:Тилеубаева Г.У.
Шымкент 2022
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Дін туралы түсінік.
2.2 Діннің алғашқы түрлері.
2.3 Әлеуметтанушылардың дін саласына көзқарастары.
2.4 Қоғам мен дін арасындағы ата-бабаларымыздың түсінігі.
2.5 Қазіргі қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтары.
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған рессурстар
Дін - қоғам өмірінің ерекше рухани саласы. Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі.
Дін туралы түсінік
Қазақ халқының дін туралы танымы, сенімі ерекше. Дінді жаратылыстан тыс құдіретті құбылыс, тылсым ретінде танымайды, ойсыз бас қойып, көзсіз құлдай жығылып, табынған да емес. Діннің адам мен қоғам арасын жалғастырушы, жарастырушы және үйлестіруші қасиетін жете түсініп, оны жан мен тән тазалығын сақтайтын, парасат тағылымдарын демеуші, адамға өнеге тәлім берер, пейілге мейірім ұялатар рухани күшке бағалаған.Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым.
Діннің алғашқы түрлері.
Тотемизм – бұл жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстары, жансыз заттардың арасындағы ғажайып туыстыққа деген наным-сенімдердің жиынтығы.
Анимизм – жандар мен рухтардың өмір сүретініне деген сенім. Алғашқы қауымдық халықтар үшін тән болып келетін, сыртқы әлемнің барлық құбылыстарының өзіндік дербес жаны бар екеніне сенім, діншілдіктің бастапқы формасы.
К.Маркс үшін дін күшті идеологиялық бөлікті қосады: дін қоғамда өмір сүретін байлық пен билікті иеленудегі теңсіздіктің ақталуын қамтамасыз етеді.
Э.Дюркгейм үшін дін ол үшін бірігу функциясын орындаудың арқасында маңызды – ол, жекелей алғанда, адамдардың жалпы наным-сенімдер мен құндылықтарға бой ұсынушылықтарын нақтылау үшін тұрақты түрдегі кездесулерін қамтамасыз етеді.
М.Вебер үшін дін оның әлеуметтік өзгерістердегі жекелей алғанда, батыс капитализмінің дамуындағы қайсыбір рөлі күшінде маңызды.
Әлеуметтанушылардың дін саласына көзқарастары
Қоғам мен дін арасындағы ата-бабаларымыздың түсінігі.
Иман-қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Ата-бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы.Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «имани-гүл» деп ат береді. Халқымызда «Жиғаныңа сенбе – иманыңа сен. Иманды адам – арлы адам. Имансыз адам – сорлы адам. Үстіңнің кірін – сабын кетіреді, жаныңның кірін – иман кетіреді», «Имандылық қастерлі қасиет», «Имандылық – инабаттылық айнасы», «Имандылық – ізгілік негізі» деген секілді тұрақты сөз тіркестері мен мәтел сөздер жетерлік.
Қазіргі қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтары.
Қазіргі таңда дін мен қоғам арасында қарама-қайшылықтар әліде басылар емес.Ол қандай қарама-қайшылықтар десек,біріншіден,қоғамда екі түрлі көзқарас өмір сүруде.Ол социалистік көзқарас және коммунистік көзқарас болып табылады.Социалистік көзқарастағы адамдар ислам дініндегі біраз қағидалармен келіспей жатады.Мысалы,қыздардың хиджаб киюі,ер адамдардың сақал өсіруі,келте балақ киюі жат деп санайды.Ал,коммунистік көзқарас бұл қағидаларды норма деп санайды.Екіншіден,Кеңестік дәуірде діннен алшақтағанымыз рас.Кеңес үкіметі өзінің құйтырқы саясаты арқылы дінге деген көзқарасты теріс ұқтырды.Қазіргі ата-әжелеріміз біздің дінге деген көзқарасымызбен келіспей,қарама-қайшы болып қалады.Дін туралы ойымызды айтсақ даттап жатады бізді.Міне,бұл біздің қазіргі таңда болып жатқан қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.
Қорытынды
Ойымды қорыта келе,қазіргі қоғам мен дін арасындағы қарама-қайшылықтар әлі де жалғасуы мүмкін.Дегенмен біз бен сіз болып бұл қарама-қайшылықты тоқтатуға тырысуымыз керек.Қоғам мен дін арасындағы маңыздылықты,ерекшелікті,тәлім-тәрбиені ұғынуымыз қажет.Сонымен қатар,көппен бірге адаспай,тура жолды бірлігіміз арқылы таба алуымыз басты мақсатымыз деп білемін.
Пайдаланылған рессурстар
1. https://bilim-all.kz/article/16613-Qazirgi-zamangy-adam-zhane-qogam-omirindegi-dinnin-roli
2. https://jasgalym.kz/studentterge/dintanu/185-dntanu-ymy-zhne-mn-dn-turaly-ymny-r-aluandyy-batysty-zhne-shyysty-dni-lamalar-dnn-mn-turaly.html
3.https://ru.m.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B5%D0%B1%D0%B5%D1%80,_%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D1%81

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет