Бастың шашты бөлігіне « Чепец » таңғышын таңу іс - әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші:Іріңді қабыну ауруы және бас ми жарақаты
Әзірле:
медициналық табақша ( лоток)
залалсыздандырылған салфетка
анатомиялық пинцет
70 см көлеміндегі дәке кесіндісі
д әке (ені 7-10 см көлеміндегі)
қайшы
Іс - әрекеттің алгоритмі:
Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу
Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру
Залалсыздандырылған пинцет көмегімен жараға таңғышты салу
Ұзындығы 70 см көлеміндегі дәке кесіндісін алып, бастың төбе сүйегі арқылы құлақтың алдынан түсіріп орналастыру және дәкенің ұштарын өзіне немесе көмекшінің қолына ұстату
Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет
І және ІІ – ші айналым жолы, сол жақтан басталып қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекітіп ораймыз.
Бекіту орамынан кейін, дәкені айналдыра байламдардың астынан өткізіп және бекіту орамының 3/1 бөлігін жауып таңып байлау
Бастың шашты бөлігі толық жабылғанға дейін, бұл әдіс қайталанады және дәкенің ұшы байламға бекітіледі.
науқас немесе көмекшінің ұстап отырған дәкенің шеткі бөлігі немесе байламның ұштары иек астына бекітілед
Бір көзге ( моноокулярлы ) таңу іс- әрекетінің алгоритмі
К өрсеткіші:көз алмасы және қабақтың іріңді қабыну аурулары
Әзірле:
медициналық табақша ( лоток)
залалсыздандырылған салфетка
анатомиялық пинцет
дәке (ені 7-10 см көлеміндегі)
қайшы
Ескерту!!! Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет. ( егер сол жақ көз жарақаттанса, дәкені сол жақтан оңға қарай, ал оң көз жарақаттанса дәкені оң жақтан солға қарай таңу )
Достарыңызбен бөлісу: |