Іс - әрекеттің алгоритмі:
Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу
Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру
Залалсыздандырылған пинцет көмегімен көзге таңғышты салу
Таңу, ауру көз жақтан басталады. Айнамалы орамы қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекіту жүргізіледі.
ІІ айналым құлақтың артқы жағынан төмен түсіп, ауру көз жағынан беті арқылы, ауру көзін жабады және жоғары қарай қайта бекіту жолына түседі
ІІІ айналым қайта бекіту жолы болып табылады. Бұл әдіс толық жарақаттанған көз жабылғанға дейін қайталанады.
бекіту жолына қайта түсіп, дәкені ұштары бір- біріне бекітіледі
Е кі көзге ( биноокулярлы ) таңу іс- әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіші:көз алмасы және қабақтың іріңді қабыну аурулары және операциядан кейінгі кезеңі
Әзірле:
медициналық табақша ( лоток)
залалсыздандырылған салфетка
анатомиялық пинцет
дәке (ені 7-10 см көлеміндегі)
қайшы
Іс - әрекеттің алгоритмі:
Науқасты өзіне қарама – қарсы отырғызу
Тыныштандыру және өткізілетін манипуляцияны айтып түсіндіру
Залалсыздандырылған пинцет көмегімен көзге таңғышты салу
І айналым орамы қабақ үстінен және қарақұсты айналдыра бекіту жүргізіледі.
ІІ айналым құлақтың артқы жағынан төмен түсіп, ауру көз жағынан беті арқылы, ауру көзін жабады және жоғары қарай қайта бекіту жолына түседі
ІІІ айналым қайта бекіту жолы арқылы жоғарыдан төменге қарай бағыттап екінші көзді жабу. Бұл әдіс толық жарақаттанған көз жабылғанға дейін қайталанады.
бекіту жолына қайта түсіп, дәкені ұштары бір- біріне бекітіледі.
Желкеге айқастандырылып салынатын таңғыш іс – әрекетінің алгоритмі
М ойынның артқы бетінде және желкеде қабыну процестері немесе жарақат болғанда, стерильді салфетканы ұстап тұру үшін салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |