Дезо таңғышын салу іс- әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіш: иық буынының шығуы, иық және бұғана сүйегі сынығында
Ескерту: Тері қабатының мацерациясының ( былжырау, баздану ) алдын – алу мақсатта, қолтық асты ойығына тальк себу және мақта – дәкелік жастықша (валик) салу тиіс.
Әзірле:
1. дәке ( ені 16см, ұзындығы 7м )
2. мақта – дәкелік жастықша ( валик )
3. түйреуіш
4. қайшы
Іс- әрекетінің алгоритмі:
-Науқасты жағдайына байланысты жатқызу немесе отырғызу, кейін мейірбеке немесе фельдшер науқасқа қарама- қарсы тұруы тиіс.
-Науқастың қолтық асты ойығына тальк себу және мақта – дәкелік жастықша салу
-Науқастан шынтақ буында білекті 90 º - қа бүгуді сұраймыз ( жарақаттанған аймаққа байланысты)
-Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет (егер сол жақ бөлігі жарақаттанса, дәкені керісінше ұстаймыз.
Т аңуды сау қолтық астынан бастап, қарды денесіне бекітеміз. Дәкені айналдыра таңғышты таңып байлаймыз. І-ІІ- ші айналым - бекіту жолы деп аталады.
Сау қолтық астынан кеуденің алдыңғы аймағынан жоғары қарай жарақаттан-ған иыққа дәкенің ІІ – ші айналымын жүргізу.
Дәкені жарақаттанған иықтың артқы жағымен төмен түсіріп, шынтақ буыны астынан білекті айналдыра орап, білезік буынын бекітеміз.
ІҮ айналым жолы -сау қолтық астынан арқа бойымен қиғаш, жарақаттанған иыққа қарай бағытталады.
Иық толық бекітілгенше дәкенің орамы қайталанып, дәкенің ұштарын бір- біріне таңып байлаймыз немесе түйреуішпен бекітеміз.
Сегіздік тәрізді таңғышын салу іс – әрекетінің алгоритмі
Білезік буынының және балтыр- табан буынының аймағында қабыну процесстері, жараланғанда, жарақаттарында қолданылады.
Жабдықтары: Ішінде стерильді салфеткасы және пинцеті бар бүйрек тәріздес табақша.
Әрекет реті:
- пациентке қарап тұру
-жара аймағына стерильді салфетканы салу
-аяқ-қолға орташа физиологиялық жағдай беру
-бірінші және екінші айналмалы бекіту орамын тобық үстінен (білезік буынынан жоғары салу) салынады
-үшінші орамды қиғаш жүргізіп, тобықтан аяқ басының сыртқы бетіне өтеді (қол басының сыртқы бетіне).
-төртінші орамда аяқ басының, қол басының төңірегінде айналдырып өткізеді.
-бесінші орамды табаннан аяқ басының сыртқы беті тобыққа жүргізеді (бірінші орамды салған жерге).
-бірнеше сегіздік тәріздес буын аймағында орам жасап және таңғышты аяқтайды, балтыр білек төңірегінде бірінші орамды салғандай етіп.
Достарыңызбен бөлісу: |