Көрсеткіші: Шынтақ буынның жоғары немесе төмен бөлігінің жарақаты.
Құжаттары: дәке, ені 20 см.
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляциянытүсіндіру.
Қолды шынтақ буында 20°-қа бүгу.
Дәкенің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын - оң жақ қолға, сол жақтан оң жаққақарай бинттеу.
Бинтті білектің жоғарғы бөлігіне орналастыру.
Білек аймағында 2 бекітетін тур жасау.
Шынтақ буынды айналып, иықтың төменгі бөлігіне ауысу. Сегіз тәрізді айналымнан шынтақ буынға дейін біртіндеп жиналу.
Шынтақ буынды жабу, байламның бас жағына қарай орналасып.
Бинтгің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап.
Есте қалдыру: Осындай әдіспен байлам тізе буынына салынады.
Бір саусаққа «Қайталанатын» таңғышын салу іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіші: Күйіктер, үсіктер, жарақаттар.
Құжаттар: бинт, ені 5 см;
Іс-әрекетініц алгоритмі:
Білезік буында 1-2 бекіту орамын жүргізу.
Білезік буыннан қолдың сыртынан жарақаттанған саусаққа дейін байламды жүргізу.Саусақтың бас жағын айналып, бинтті алақан жағынан саусақтың негізіне дейін жүргізу,сосын қайтадан қайталау.
Саусақтың негізінен саусақтың басына дейін жылжымалы әдіспен бинттеу, әрі қарайсаусақтың басынан - негізіне дейін спираль тәрізді турлармен.
Қолдың сыртынан білезік буынға дейін бинтті сегіз тәрізді жолмен жылжыту. Білезік буында бекітетін турлармен байламды бекіту.. Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.
Аяқ – қолға құрсау салудың негізгі ережесі
Негізгі ережесі
-жабық жарақатта құрсау кимінің, аяқ кимінің үстінен салынады. Ашық жарақатта киімді тіледі асептикалық таңғыш салу үшін.
-құрсау міндетті түрде екі буынды қамтуы керек (жарақаттанған жердің жоғарғы және төменгі), ал кейде үш буынды (санның, қардың жарақатында).
-құрсау зардап шегушінің сау аяқ-қолында пішінделеді.
-аяқ –қолды иммобилизация жасағанда мүмкіндігінше орташа физиологиялық жағдай беру керек.
-құрсау зақымданған аяқ –қолға мұқият бекітіледі, шеттен ортаға қарай.
Қол және аяқ басының саусақтарының ұштары ашық қалуы керек, зақымданған аяқ-қолдың қанайналысын бақылау үшін.
-зардап шегушіні алып – салғанда, көмекші зақымданған аяқ – қолды қозғалтпай ұстауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |