Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.



бет1/37
Дата06.02.2022
өлшемі9,24 Mb.
#39450
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

III нұсқа


1-билет

  1. ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.(Сыпыра,Қазтуған, Асанқайғы)

XV-XVIғ. Қазақ әдебиетінде әрі тарихында жыраулар шығармашылығы белең алды. Жыраулар шығармаларының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі-жыраудың тек үлкен эпосты жырлайтындығымен ғана емес, елдің елдігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.Сонымен қатар, жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккөз ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз. Сондай ақын-жыраулардың бірі- Сыпыра жырау. Ол XIV ғ. Батыс Қазақстан өңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғысғаны байқалады. Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырларының бірталайында бой көрсетті. Соған дәлел «Ер Тарғын»жыры. Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толқулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі- тарихи Сыпыра жырау. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Мұрын жырау өзін Спыра жыраудың мұрагері санаған. Және де Спыра жырау қарақалпақ эпосының негізін салушы. Қазтуған Сүйіншіұлы- халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері- Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады. Жорық жоршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың діні сақталмаған болса да, бізге жеткен.Жырау қиялының ұшқырлығы, кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады. Асан қайғы- XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атаны «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы деп атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалында билерінің бірі болған. Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде, Жәнібек пен Керей хандардың төңірегінде өтеді. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, афоризм, филосафиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз,




  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
    2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
    2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
    2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
    2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
    2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
    2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
    2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
    2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
    2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
    2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет