РНР5. Как самостоятельно создать сайт любой сложности / Д.С.Зольников. – 2-е изд. – М.: НТ Пресс, 2007.-272с.
РНР/МуSQL для начинающих./ Пер. с англ. – М. КУДИЦ-ОБРАЗ, 2005-384 с.
УДК 371.39
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНДА ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Плалов Н.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші - п.ғ.к., доцент Альжанов А.К.
Қашықтан оқыту курстары, оның ұйымдастырылуын, оқыту мақсаты мен міндеттерінің нақты қойылуы, студент пен оқытушы арасындағы интерактивтілікті, студент пен оқу материалдары арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін керекті оқу материалдарын жеткізу, топтық оқу мүмкіндігін ұсынуды, яғни барлық студент әрекетін мұқият және әбден талдап жоспарлауды ұйғарады. Білмеушіліктен білу жолына өзінің дұрыс жылжуы туралы мәліметті алуына студентке тиімді кері байланыстың бар болуы мүмкіндік береді. Қашықтан оқытуға тән сипат пен оның ерекшеліктері мынадай:
икемділігі: қашықтан оқыту жүйесінің студенттері (ҚОЖ), негізінен лекция және семинар түрінде болатын күнделікті сабақтарға қатыспайды, өздеріне ыңғайлы уақыт пен қалаған жерінде және ыңғайлы темпте жұмыс жасайды, ол әдеттегі өмір сүру тәртібін бұза алмайтын не бұзғысы келмейтіндерге үлкен артықшылық болып саналатынын айта аламыз;
модульдік: қашықтан оқыту бағдарламасының негізіне модульдік принцип енгізіледі. Әрбір жеке курс белгілі бір пән саласында тұтастық көрініс құрайды. Ол тәуелсіз курстар-модульдер жиынтығынан тұратын индивидуальды немесе топтық (мысалы, жеке фирма персоналына) қажеттіліктерге сай келетін оқу бағдарламасын құруға мүмкіндік береді деп айта аламыз;
экономикалық тиімділік: әлемдік білім беру жүйесін орташа бағалауы көрсеткендей, дәстүрлі білім беру формасына қарағанда қашықтан оқыту жүйесі 50% арзан түсетінін де ескерген жөн;
Оқытушы-кеңесшінің (тьютор) жаңа рөлі: оған танымдық процесті координациялау, оқытылатын курсты дұрыстау, индивидуальды оқу жоспарын құру кезінде консультация беру, оқу жобаларын басқару және т.б. сияқты функциялар жүктеледі. Ол өзара қолдау оқу топтарын басқарады, кәсіби өзін-өзі анықтау кезінде студенттерге көмек береді;
білім беру сапасын арнайы түрде тексеру: қашықтан оқыту жүйесін бақылау формасы ретінде қашықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесулер, практикалық, курстық және жобалық жұмыстар, компьютерлік интеллектуалдық тестілік жүйелер пайдаланылады. Қашықтан оқыту сапасын қадағалау мәселелерін шешу, оның білім беру стандарттарына сай келетіндігі барлық қашықтан оқыту жүйесінің табыстылығына негізгі маңызы бар болуын ерекше айта кеткеніміз жөн. Оның табысты шешілуінен қашықтан оқыту курстарының академиялық мойындалуына байланысты болады, олардың дәстүрлі оқу орындарына өтуге сынақтың болу мүмкіндігі беріледі [1].
Қашықтан оқыту жүйесінде студенттерге ақпаратты ұсыну мына түрлерде жүзеге асады:
баспа материалдары (әдебиеттер мен тапсырмалардың оқу-методикалық жиынтықтары);
электрондық басылымдар (компьютерлік білім беру орталары, мәліметтер базасы, білімдер банкісі, электрондық оқулықтар);
аудио және видео өнімдері, телевизиялық бағдарламалар. Онда ақпарат таратушы ретінде кітаптар, икемді магниттік, лазерлік немесе қатты дискілер, аудио немесе видеокассеталар болады.
Қашықтан оқыту жүйесінде оқу құралы ретінде, сәйкесінше, мыналар болады:
Оқу-әдістемелік комплектілер (“кейстер”);
Компьютерлер;
Аудио және видеотехника;
Мультимедианың арнайы техникасы.
Қашықтан оқыту жүйесінің негізгі бөлімі ретінде телекоммуникацияның жаңа құралдары және олардың транспорттық негізі болып келеді, олар мынаны қамтамасыз етеді:
Керекті оқу және оқу-әдістемелік материалдарды әкелу;
Оқытушы мен студент арасындағы кері байланыс;
Қашықтан оқыту жүйесі ішінде басқару ақпаратымен алмасу;
Халықаралық ақпараттық жүйеге шығу;
Сонымен бірге, қашықтан оқыту жүйесіне шетелдік пайдаланушылардың қосылуы.
Қашықтан оқытудың жаңа жүйесінің ерекшілігі үш интеграциялық факторлармен анықталады:
Технологиялық (ақпараттық-технологиялық);
Педагогикалық (дидактикалық);
Ұйымдастырушылық.
Бірінші фактордың сипаты оқу курсы мен оқу процесін жасау, қолдау үшін пайдаланылатын ақпараттық технологиялармен анықталады, жалпы алғанда – коммуникациялық орта құруға инструменталды-технологиялық орта және телекоммуникациялық технологиялар болып табылады.
Екінші фактордың мағынасы оқу процесі кезінде қолданылатын дидактикалық әдістер мен амалдар жиынтығымен анықталады.
Үшінші ұйымдастырушылық факторы қашықтан оқыту білім беру мекемесінің ұйымдастырушылық құрылымының спецификациясын сипаттайды.
Қашықтан оқытудың “идеальды моделіне” технологиялық, педагогикалық, ұйымдастыру-әдістемелік сияқты әр түрлі компоненттердің вариантты анықталуы арқылы интеграциялық ақпараттық-білім беру ортасы кіреді.
Қашықтан оқытудың негізгі факторының бірі ретінде (интеграциялық сипаттамасы) білім беру процесін жүзеге асырудың сапалы жаңа мүмкіндіктерін анықтайтын, оқу процесінде қолданылатын ақпараттық технология түрі қарастырылады [2].
Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар мен телекоммуникациялар білімді жеткізу және сан алуан оқу мәліметтеріне қол жеткізуді бірдей қамтамасыз етуі мүмкін, кейде дәстүрлі оқу құралдарына қарағанда едәуір тиімдірек болады. Интернет жүйесі арқылы қол жететін CD-ROM интерактивті дискілер, электрондық хабарландыру тақталары, мультимедиалық гипермәтін сияқты жаңа электрондық технологиялар оқушылардың тек оқу процесіне белсенді қатыстырылуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, көпшілік дәстүрлі оқу ортасына қарағанда осы процесті басқаруға мүмкіндік береді. Дыбыс, қозғалыс, бейне және мәтіннің интеграциясы өзінің мүмкіндігі бойынша жаңа ерекше бай оқу ортасын құрады, оның дамуы барысында оқушылардың оқу процесіне қатысу дәрежесі де жоғарылайтынын атап өтуге болады. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын ақпаратты әкелу құралының интерактивті мүмкіндіктері көпшілік дәстүрлі оқыту жүйесінде мүмкін болмайтын, кері байланысты реттеуге және ынталандыруға, диалогты және тұрақты қолдауды қамтамасыз етуге мүмкін болады.
Әдебиеттер
1 Правила организации учебного процесса по дистанционным образовательным технологиям. Утверждены приказом Министра образования и науки Республики Казахстан «29» ноября 2007 года № 590.
2 ГОСО РК 5.03.004 - 2006 «Организация дистанционного обучения. Основные положения»
УДК 373.167.1
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» МАМАНДЫҒЫНА ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ» КУРСЫ
Рахимова Д.Х.
Петропавлов қаласы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
Ғылыми оқутышы - Кольева Н.С.
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолдану жаппай сипатқа ие болуда. Білім беру жүйесін жетілдіру және ақпараттандыру жағдайында ақпараттық технологияны ақпараттық біліктілікті қалыптастыру құралы ретінде қарау қажет.
Ең алдымен ақпараттық біліктілік деп нені түсінетінімізді анықтап алайық.
Ақпараттық біліктілік – бұл теориялық білім мен әртүрлі түрде берілген ақпараттармен практикалық жұмыс дағдысын біріктірумен оқуда және оқудан тыс қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ ақпараттық технологияны дербес қолданатын тұлға қасиеттерінің жиынтығы.
Ол үшін осызаманғы ақпараттық технологияны есепке ала отырып, құрылған инновациялық әдістемелік кешен жасау қажет, мазмұндық және әдістемелік құрауыштар қағаз тасымалдауышында да, сондай-ақ электронды тасымалдауышта да бар.
УМК ақпараттық технологияны пайдаланумен пән саласында да, сондай-ақ қашықтан білім беру жүйесінде немесе дәстүрлі білім беру жүйесінде де теориялық білімді оқуға және жүйелеуге, жұмыстың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмек көрсетуге арналған УМК-де тек теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бақылауға мүмкіндік беретін практикалық тапсырмалар, зертханалық жұмыстар, мәтіндер және т.б. бар.
Біз «Ақпараттық жүйелер» мамандығына оқитын студенттер үшін «Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәні бойынша электронды оқу-әдістемелік кешенді жасадық және сынақтан өткіздік, ол студенттердің ақпараттық біліктілігін қалыптастыруда ерекше орын алады.
Курстың мақсаты ақпараттық жүйедегі ақпаратты қорғау жүйесін құрумен практикалық қолданудың теориялық негіздерін үйрену, оларды жобалау және пайдалану үшін қажет ақпараттық жүйедегі ақпаратты қорғау жөніндегі практикалық дағдылар туралы түсініктерді жүйелендіруге студенттерді оқыту болып табылады.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Осызаманғы компьютер жүйелерінде ақпараттарды өңдеу, қайта жаңғырту және қорғау әдістеріне үйрету;
Криптология негіздерін, бағдарламалық жинау, жабу, қалпына келтіру және аутентификация жүйелерін пайдаланудың негізгі қағидаларын, әдістерін және алгоритмдерін игеру;
Ақпараттарды заңсыз қоршаумен, кірумен, көшірумен, өзгертумен және жинаумен осызаманғы күрес әдістерін үйрену.
УМК-ны құрудың негізгі мақсаты – пәнді дербес оқу үшін оқу-әдістемелік материалдардың толық жиынтығын студенттерге беру. Студенттерді тікелей оқытумен қатар оқытушының міндеті ақыл-кеңестік қызмет көрсету, білімін ағымдағы және қорытынды бағалау, өз бетімен жұмыс істеуге уәждеу болып табылады.
Бұл УМК төрт блоктан тұрады: теориялық блок, практикалық блок, тестілеу және қосымша. Оқу-әдістемелік кешенде пәнаралық байланыс бар және оқудың электронды құралдарын құрудың дидактикалық қағидалары негізінде жасалған (1):
қолжетімділік – теориялық күрделілік пен оқуды үйренудің тереңділік дәрежесін анықтауды ұсынады;
проблемалық – оқудың проблемалық жағдайы процесінде жас ерекшелігіне қарай ойлау белсенділігін қарастырады;
көрнекілік – оқылатын нысандарды, олардың пішіндерін сезімдік қабылдауын және оқитындардың жеке бақылауларын есепке алу қажеттілігі ойластырылады;
оқудың зерделілігін қамтамасыз ету – түпкілікті максатты және оқу қызметінің міндеттерін нақты түсінумен оқу ақпаратын тағылымдау бойынша оқитындардың дербес іс-әрекетін қамтамасыз ету қарастырылады;
оқудың жүйелілігі және реттілігі – оқылатын пән саласында білім алатындардың нақты білім жүйесін игерудің реттілігін қамтамасыз етуді білдіреді;
білімді меңгеру беріктігі - оқу материалын терең зерделеу және оны жақсылап есте сақтау ұсынылады;
білім, даму және тәрбие технологияларының бірлігі.
УМК-ны жасау кезінде біз мынадай жоспарға сүйендік:
ГОСО-ны есепке ала отырып, барынша өзекті тақырыптарды таңдау;
лекциялар, практикалық және зертханалық жұмыстар, курстар, оларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ емтихан үшін бақылау сұрақтары мен тапсырмалар жасау;
электронды оқу-әдістемелік кешеннің құрылымын жасау;
оқу процесінде УМК пәндерінің материалдарын сынақтан өткізу және түзету.
Осыларды негізге алғанда, УМК оқу траекториясын дараландыру және саралап жіктеуді, жаңа білімді, ептілік пен дағдыны қалыптастыру кезінде дербес сабақты барынша күшейтуді, оқу қызметінің нәтижесі мен ойлау қабілетін реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әдебиет
Н.В.Чекалева. Педагогикалық жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің теориялық негіздері. – Педагогика ғылымының докторы ғылыми атағын алуға диссертация. СПб.1998.
УДК 373.167.1
РАЗРАБОТКА ЭЛЕКТРОННОГО УЧЕБНИКА ПО ШКОЛЬНОМУ КУРСУ ФИЗИКИ ДЛЯ 9 КЛАССА.
Сатвалдина А.С.
СКГУ им. М.Козыбаева, г. Петропавловск
Научный руководитель - Аманжолова А.Ж.
Современные информационные технологии, используемые на уроках, позволяют включать любые мультимедийные объекты (графику, звук, анимацию, видео). Ожившие процессы намного эффективнее доносят смысл и идею той или иной физической модели, явления.
В рамках дипломного проекта существует возможность разработки электронного учебника по физике для общеобразовательной школы в соответствии с государственным стандартом.
Электронный учебник создается с помощью программы Microsoft Office FrontPage, в которой заложены возможности быстрого сбора, отображения и совместного использования данных. Он дополняет обычный и эффективен в тех случаях, когда обеспечивает практически мгновенную обратную связь; существенно экономит время при многократных обращениях к гипертекстовым объяснениям.
Разработка элементов электронного учебника по курсу физики 9 класса общеобразовательной школы мотивированна тем, что в этом классе завершается изучение курса физики для основной школы.
Для создания электронного учебника необходимо изучить предметную область. Разрабатывается структурная схема проекта. Далее создается макет главной страницы. Он представляет собой таблицу, в которой размещены основные элементы электронного пособия. К основным элементам относится создание интерактивных кнопок перехода на различные страницы электронного пособия. В результате получается главная страница электронного учебника. В самом начале Главной страницы находится название разработанного учебника и информация о том, что можно найти в электронном пособии, в соответствии с рисунком 1.
Достарыңызбен бөлісу: |