Ііі-семестр 1- тақырып. Геометриялық нивелирлеу әдісімен топографиялық түсіріс. Беттерді нивелирлеу әдісі (1 сағат)


- тақырып. Кірпіштен жасалған ғимараттардың жер бетіндегі бөлігін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар (1 сағат)



бет10/14
Дата25.09.2023
өлшемі1,18 Mb.
#182456
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЛЕКЦИИ ПО ИНЖЕНЕРНОЙ ГЕОДЕЗИИ

12- тақырып. Кірпіштен жасалған ғимараттардың жер бетіндегі бөлігін салу кезіндегі геодезиялық жұмыстар (1 сағат)
Дәрістер жоспары:

  1. Ғимараттардың жерүсті бөлігін кірпіштен қалаған кезде геодезиялық жұмыстар

  2. Кірпіш қабырғаларды қалау

  3. Кірпіш қабырғаның тіктігін тексеру

Ғимараттардың жерүсті бөлігін кірпіштен қалаған кезде геодезиялық жұмыстарды ұзына бойлық және көлденең осьтерді бөлуден бастайды. Немесе іргетастар бетімен болат рулеткамен қабырғалардың контурын салады. Егер де ғимараттың құрамында қаңқасы болса, онда сол қаңқасының осьтерінен бөледі. Сыртқы және ішкі қабырғалардың контурын және осьтерді рискалармен бояп қояды.


Кірпіш қабырғаларды қалауды нольдік көкжиекте және монтаждық көкжиектерде қабырға аралық, есік және терезе ойықтарын, ішкі қабырғаларын, қабат аралықтарын бөлуден бастайды.
Кірпіш қабырғалардың тіктігі, қаланған бұрыштары, қатарлардың горизонталдығы кем дегенде 1 м сайын тексеріледі. Қабырғаларды қалаудың горизонталдығы мен тіктігі қабырғаның сыртқы шетімен тартылатын байлау-баумен бақылайды. Қабырға бетінің тегістігін 2 м-лік рейканы беттестіру арқылы анықтайды.
Биіктік бойынша қалау қабаттарының орналасуын бақылау үшін қатарлағыш рейканы қолданылады. Қатарлағыштың бетіне горизонтал сызықтармен кейбір қатарлардың қабаттарын белгілейді, оның ішінде кірпіш қалыңдығы мен ерітінді қабаты 75 мм құрайды.

Ұсынылатын әдебиеттер


1. [2]
2. [3]
3. [5]
4. [6]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып) [2, 3, 5, 6]

  1. Қабырғалардың орындаушылық түсірулері.

  2. Биіктігі екі қабатқа дейін кірпіш қабырғаның тіктігін тексеру.

  3. Құрылыс барысында биіктік белгілерді қабырғаларға көшіру.

13- тақырып. Құрама ғимараттардың жер беті бөлігінің құрылысы кезіндегі геодезиялық жұмыстар (1 сағат)
Дәрістер жоспары:

  1. Жалпақ құрылымның геометриялық параметрлерін тексеру.

  2. Қаңқалы ғимараттарды монтаждау.

Құрылыс кезіндегі құрылымдардың монтаж жұмыстарды геодезиялық бақылауға ерекше көңіл бөлінеді, себебі оның дәлдігінен ғимараттың пайдалану мерзімінің ұзақтылығы байланысты болады. Монтаж (жинақтау) дәлдігінің мәселелері ҚНжЕ көрсетілген рұқсаттамалармен және жобаның техникалық шарттармен шешіледі. Мұндағы құрылымдарды салудың орта квадраттық қатесі рұқсаттаманың 1/5 шамасынан аспау керек. Яғни т£0,2Δ


Геодезиялық бақылаудың құрамына: геометриялық параметрлерін тексеру, жоспар мен биіктік бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу, орнатылған құрылымдардың орындаушылық түсірістерін жүргізу кіреді.
Құрылыс алаңға түскен құрылымдардың геометриялық параметрлерін бақылау жинақтау жұмыстардың алдыңда өткізіледі. Сонда құрылым өлшемдердің жобалық және нормативті шамаларға сәйкестігі тексеріледі. Құрылымды жасау кезінде пішіні және сызықтық өлшеулері бойынша жобалық шамалардан ауытқу болу мүмкін. Пайда болатын ауықулар жинақтау мерзімін ұзартып, еңбек өнімділігін ұлғайтады және құрылымның орнату дәлдігін төмендетеді.
Тексеріс миллиметрлік бөліктері бар болат рулеткамен және қажет бұрыштық шаблондармен орындалады. Жалпақ темірбетон құрылымдардың геометриялық параметрлерін тексерген кезде ұзындығын, еңін, қалыңдығын және диагональдерін тексереді.
Панельдер мен блоктарды орнату дәлдігін тексерген кезде рұқсатталған ауытқу шамаларымен негізделеді. Құрылымдардың түйісу жерлердің геометриялық параметрлеріне сәйкестігін бақылайды. Ол үшін метр, бұрыштама және тіктеуіштің көмегімен аралық және түйістіру өлшемдерін, тірелу жерлерін қадағалайды.
Құрылымдарды жобалық қалпында тұрақты бекіту орындаушылық түсірісте көрсетілетін бақылаудан кейін ғана жүргізіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер
1. [1]
2. [3]
3. [5]
4. [6]
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [1, 3, 5, 6]

  1. Панельді және блокты ғимараттардың монтаждау (жинақтау) жұмыстары.

  2. Қаңқалы ғимараттарды монтаждау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет